Миллионер

Амансио Ортега: сатушының сөзі ұлы брендті құруыма себепкер болды

Амансио Ортега Zara брендінің негізін қалаушы

Zara брендін жұлдыздан бастап қарапайым адамға дейін тұтынады. Бүгінде брендтің әлем бойынша 7485 дүкені бар. Balbal.kz сайтының бүгінгі тақырыбы Zara бренді жайлы болмақ.

Ұмытылмас естелік

«Менің жасым 12-де болатын. Бір күні анаммен дүкенге бардым. Дүкеннің сөрелері биік болатын. Анамның кіммен сөйлескенін көрмедім. Бірақ «Джозеф мен саған тауарларды енді қарызға бере алмаймын» деген дауысты естідім. Қанша уақыт өтсе де сол дауысты ұмытпаймын. (Амансио Ортега)

Естеліктің мақсатқа айналуы

Осы күннен бастап Амансио мақсат қояды. Анасының қарыз сұрап жүргенін қаламайды. Мектепті тастап Ла-Корунья қаласындағы тігін шеберханасына сату жағынан ассистент болып жұмысқа орналасады. 17 жасында шеберханадан кетеді. Көп ұзамай La Маја компаниясына ассистент болып қабылданады. Компанияда оның ағасы Антонио мен әпкесі Пепит жұмыс істейді. Жаңа жұмыс орнында Амансио менеджер қызметіне дейін көтерілді. Осы жерден болашақ жары Розалия Мерамен танысады.

Zara брендінің құрылуы

La Маја компаниясында 2 жыл жұмыс істейді. Жеке тігін бизнесін ашу үшін компаниядан шығып кетеді. Ағасы Антониомен бірге GOA компаниясын құрады. Әпкесі мен Розалия осы кездегі сәнді әрі танымал халаттарды тігіп шығады. Отбасылық шеберхана үлкен жетістіктерге жетеді. Амансио шет елдерден тапсырыс қабылдай бастайды. Араға 10 жыл салып 1975 жылы 15 мамырда Ла-Корунья қаласында бірінші Zara дүкенін ашады.

Амансио танымал брендтің киімдеріне көшірме жасап, оны арзан бағада сатудың тиімді екенін түсінеді. Сондықтан аз уақыт ішінде оның дүкендері бүкіл Италияны жаулап алды. Zara бренді енді әлемді бағындыруға кіріседі. 1988 жылы Zara дүкені Португалияда пайда болды. Бір жылдан кейін Нью-Йоркте, ал тағы бір жыл өткен соң Парижде ашылады.

Брендтің басты мақсаты – сатып алушыларға сәнді, сапалы, қолжетімді киімдерді ұсыну.

Амансио Ортега тек Zara брендімен шектелмейді. 1991 жылы Pull&Bear дүкенінің негізін қалайды. Жастарға арналған күнделікті киімдер топтамасын ұсынады. 1998 жылы Bershka және Stradivarius дүкенін ашады. Қыздарға арналған ерекше стильдегі киімдерді жасап шығарады. Бүгінде бұл дүкендер әлімдік брендтер қатарында.

Zara-ның бағыттары

ZARA Woman. Іскерлік және кеңсеге арналған киімдер топтамасы. Жібек, жүн, мақтадан дайындалады.

ZARA Man. Классикалық стильдегі киімдер. Табиғи матадан дайындалады.

ZARA TRF (Trafaluc). 25 жасқа дейінгі жастарға арналады. Синтетика және табиғи матадан тігіледі.

ZARA Kids. Балаларға арналған киімдер топтамасы. Тек табиға матадан тігіледі.

Бренд жайлы фактілер

Жылына 10 000-ға жуық жаңа дизайндарды әзірлейді;

Киімдер топтамасы 2 апта сайын өзгеріп отырады;

Көптен бері жарнамасыз жұмыс істейді. Ал үнемделген ақшаға жаңа сауда нүктелерін ашуға жұмсайды;

Киімнен басқа үйге арналған заттарды шығарады. Zara Home компаниясы 2003 жылы іске қосылды;

Бүгінде әлемнің 72 елі бойынша 7485 дүкен бар;

Амансио Ортеганың мұрагері – қызы Марта Ортега.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!