Психология
Өміріңізді өзгертетін қарапайым сұрақ
Өмірімізді өзгертетін қарапайым сұрақ. Көпшілігіміз қиялымыздың алыс түкпірінде арман болып тұрған өмірді бастауға дайын емеспіз.
Өмірімізді өзгертетін қарапайым сұрақ қандай? Өмір сіздің жаныңыз қалағанша демалғаныңызды, бір істі бастауға деген қорқынышыңыздың сейілгенін, ұзақ уақыт шешім қабылдауыңызды күтіп жатпайды. Өз арнасымен өте береді. Ең дұрысы уақыт оздырмай әрекет етуді үйреніңіз.
Иә, қазірден бастап қимылдаңыз. Әйтпеген жағдайда, сағаттар сырғып, жылдар жылжып өте береді. Ал сіз сол бір орныңызда жетістікке жетпеген қалпы қалып қоясыз. Бір іске қадам басып, шешім шығарардың алдында өзіңізге тек бір сұрақ қойып, соған жауап беріп көріңіз.
….Мен дайынмын ба?
Мен спортпен шұғылдануға дайынмын ба? Үйге жөндеу жұмысын бастауға дайынмын ба? Мен өз ісімді ашуға дайынмын ба? Сұрақтардың легі ары қарай тізбектеліп кете береді.
Сіздің тәуекелге бел буып, шешім шығаруыңыз ең бастысы дайын болуыңызға байланысты. Өзгерістен қорқатын адамның сылтауы белгілі: жалқаулықты жеңе алмадым, не болмаса мен өзіме қажетті мотивацияны таппадым, менің қаражатым жетпеді. Түптеп келгенде, көпшілігіміз қиялымыздың алыс түкпірінде арман болып тұрған өмірді бастауға дайын емеспіз.
Адамның бойында ерекше күш бар. Ол шын жан-тәнімен талпынса, қажеттілігіне қол жеткізбей қоймайды. Бұл табиғаттың жазылмаған заңы. Әрдайым жаңашылдыққа өзгеріске дайын болыңыз!
Сізді алдыңызда не тосады? Сіздің мақсатыңыз қаншалықты ауқымды? Мұның барлығы маңызды емес. Егер сіз дайын екеніңізді сезсеңіз, қажетті қадам жасап, мәселенің мәнісін шешіп, дамуға бет алыңыз.
Өмірімізді өзгертетін қарапайым сұрақ қандай?
Бұл сұрақтың маңыздылығы осында жатыр. Оған жауап сенімді түрде «МЕН ДАЙЫНМЫН!» болғанда алдыңыздан алыс болып көрінген армандардың жолы айқындала бастайды. Сіз жетістікке жету жолында шексіз мүмкіндіктерге ие болмақсыз. Дайын болсаңыз болғаны, алынбайтын қамал жоқ. Алға қойған мақсатыңызға жетіп, армандарыңыз міндетті түрде орындалады. Демек, өміріңізді өзгертетін қарапайым сұрақтың жауабы осындай.
Ал сіз өмірде өз жолыңызды адаспай табуға, өміріңізді жарқын сәттермен толықтыруға, кәсібіңізді ашуға, жарық әлемге өзгеше көзқараспен қарап, өзгерістер енгізуге дайынсыз ба?
жоқ