Психология

Кодавари: перфекционизмнің жапонша үлгісі

«Кодавари» сөзін қазақшаға аудару қиын. Себебі, оның тікелей аудармасы жапонша мағынасын толық аша алмайды. Көп жағдайда кодавариді біздің тілдегі «жауапкершілік», «табандылық», «тұрақтылық» деген сөздермен байланыстырып жатады. Қате емес, бірақ нақты солай деуге де келмейді.

Кодавари — әр адамның өзіне қойған межесі немесе бұзбай ұстанатын қағидасы. Ол мамандықпен және қызмет сапасымен тікелей байланысты. Қарапайым тілмен айтар болсақ, кодавари — өз ісіңе деген адалдық, соған деген мақтаныш. Бұл пәлсапа адамды ұсақ-түйектерге мән беруге үйретеді, бірден үлкенге ұмтылмай шағыннан бастауға үндейді. Икигайдыңбес негізі болса, соның алғашқысы кодавари.

Оқи отырыңыз: Икигайды анықтаудың ең оңай тәсілі

Жапонияға келген туристер бұл елде ұсақ мейрамханалардың көп екенін байқап жатады. Ондай орындар бірден көп адамды қабылдай алмайды. Бірақ әрқайсысы өзіне ғана тән бірегейлігімен ерекшеленеді. Міне, сондай мейрамханаларда «кодавари но иппин» деген тағам түрі бар. Оны мекеменің иесі яғни бас аспаз дайындайды. Халық мұндай мейрамханаларды осы «кодавари но иппин» тағамы үшін жақсы көреді, бағалайды. Себептің бәрі өмірінің көп бөлігін ас дайындауға арнаған аспаздың кодавари пәлсапасын ұстанатындығында болып тұр. Кодавариді ұстанса, демек, ол өз мамандығына адал, ақшалай пайданы емес, маман ретінде абыройын ойлайтын, сондықтан да ешкімді алдамайтын, қонағының көңілінен шығу үшін бар жанын салатын жан.

Кодавари — адамнан қажымауды, жинақылықты және кейде ымырасыздықты талап етеді. Оның күрделілігі де сонда. Дегенмен Жапонияда бұл пәлсапаны қоғамның көп мүшесі ұстанады. Әркім өз ісіне жауапты, үнемі дамуға ұмтылады. Белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген жапондық кодавари заңдылықтары бойынша, сол орнында тұрып қалмау үшін ары қарай жетілудің жаңа жолдарын іздейді. Бүгінде Күншығыс елінің қатты дамып жатқанының әрі қай жағынан қарасаң да көп елден озық тұруының сыры осы кодавариде болар.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close