Кофені ішу дұрыс тамақтану емес. әдетімізге айналып бара жатыр. Біз жегіміз келетін тамақ түрлері өте көп. Алдымыздағы тағамды талғап жейтін заманда өмір сүріп жатырмыз. Мүмкін болмаса да, денсаулыққа пайдалы тағамдар туралы ережені барынша ұстануға тырысамыз. Ол өте дұрыс. Дегенмен кейбір тағамдарды дұрыс емес уақытта жеп жүргенімізді білесіз бе?
Вalbal.kz сайты дұрыс тамақтану туралы аңыздардың қаншалықты рас екенін анықтап көрген еді.
Банан
Бананның денсаулық үшін пайдасы орасан зор. Таңғы асқа банан жеу жақсы идея болғанымен, оны аш қарынға жесеңіз бойыңыздағы энергияңызды төмендетуі ғажап емес. Құрамында көп мөлшерде қант болғандықтан, бойыңызға «мол қуат жинадым» деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда бірнеше уақыт өткеннен кейін энергияңыздың сарқылғанын сезінесіз. Сондай-ақ, банан жеу диарея тудыратын ішек тітіркенгіштігі бар адамдар үшін қауіп төндіруі мүмкін.
Кофе
Көп адамдар таңғы асқа кофе ішу пайдалы деп ойлайды. Тіпті кейбірі оны салтына қосып, әдетке айналдырған. Алайда таңғы асқа ішкен кофенің мүлдем пайдасы жоқ. Өйткені зерттеулер көрсеткендей, тамақтанар алдында кофе ішу кофеинге деген сезімталдығымызды төмендетеді. Ұйқыдан тұрғаннан кейін алғашқы сағатта адамның денесінен кортизол бөлініп шығады. Сол себепті аталмыш процесті және табиғи биологиялық ырғақты бұзбау өте маңызды. Демек кофе ішуді кейінге шегеріңіз.
Сондай-ақ, ұйқысыздықтың алдын алу үшін кофені түнде де ішпеңіз.
Сүт
Барлығымыз бала күнімізден таңертең сүт ішеміз. Алайда бала күннен қалған әдет есейген кезде ағзамызға кері әсерін беретінін көпшілігіміз біле бермейміз. Сүтті қорыту қиын. Сол себепті оны таңертең ішіп, өзге тағамдармен араластырсақ, қыжыл мен асқазан ауруын тудыруы мүмкін.
Ал егер жылы сүтті ұйықтар алдында ішсеңіз, ағзаңызды қалыпқа келтіріп, тыныштандырады.
Алма
Алма жасұныққа бай, сол себепті ас қорытуды және тоқ ішек жұмысын жақсартатын табиғи қышқылдардан тұрады. Егер алманы кешке жесеңіз, онда асқазанда қышқыл жиналып, ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Өйткені түнде ас қорыту процессі баяулайды және кез-келген тамақтың сіңуі ұзақ уақытты алады.
Сол себепті алманы таңертең жеген дұрыс. Таңертең жесеңіз, ұзақ ұйқыдан кейін ішек қозғалысын жақсартады. Әсіресе, кешкі асты кеш қабылдаған немесе тым көп тамақ жеген болсаңыз пайдалы.