Салауат

Метаболизм: Зат алмасуды жақсарту жолдары

Метаболизм және оның өміріміздегі пайдасы

Метаболизм – күрделі химиялық процесс. Ағзаға түскен тағам түрлі ферменттердің көмегімен молекулаларға айналады. Нәтижесінде қажетті қуат бөлініп, организмдегі «құрылыс» материалдары пайда болады. Мұны «Кребс» циклі деп атайды. Метаболизмнің дұрыс жүрмеуі артық салмақтың пайда болуына әкеп соғады. Бүгінгі таңда зат алмасуды жақсартудың түрлі жолдары бар. Дегенмен олардың бірі пайдасын тигізсе, екінші зиян болуы да мүмкін. Balbal.kz зат алмасуды жақсарту жолдарын назарыңызға ұсынады.

         Метаболизмнің жылдамдығы

Зат алмасу процесі санамыздан тыс жүзеге асады. Мұны қалқанша, бүйрекүсті, ұйқы безі мен гипофиз ретке келтіріп отырады. Сау адамда метаболизм тең қалыпта жүреді. Яғни қуаттың пайда болуы оның жұмсалу уақытымен тең. Егер екі процестің бірі жылдам не баяу жүзеге асса, гормондар оның ретке келуіне көмектеседі.

         Зат алмасуды ретке келтіру жөніндегі жаңсақ пікірлер

Тамақтану мерзімі. Кей адамдардың ойынша, аз-аздан тамақтану метаболизмді жақсартады. Дегенмен мұның ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тексеру нәтижесінде, күнінде аз мөлшерде 6 уақыт тамақ ішкен адамдар арықтамаған. Керісінше, аштық сезімі жиі байқалады. Ал бір рет тамақ ішкендер өздерін жайсыз сезінбеген.

Артық майдан арылтатын өнімдер. Көк шәй, грейпфрут және қызыл бұрыш метаболизмді жылдамдатпайды. Олар уақытша ас қорытуға қажетті калория мөлшерін көбейтеді. Бұл күнделікті қажетті қуат көлемімен салыстырғанда өте аз.

Метаболизмді жылдамдатуға арналған дәрілер. Мұндай препараттардың көбісі дәрумендер жинағы ғана. Оның құрамында өсімдіктер мен сығындылары, аз мөлшердегі дәрумендер ғана болуы мүмкін.

Кей препараттардың зиянды әсері де бар. Құрамында эфедриннің болуы жүрек талмасы, инсульттің орын алуына әкеп соққан.

         Салмақ жинаудың себептері

Көбісі артық салмақтың не салмақ жетіспеуінің себебін метаболизмнің жылдамдығынан іздейді. Алайда біздің арықтау немесе толуымыз ағзадағы калорияның көбеюі және азаюымен тығыз байланысты.

Тәулік ішінде жиналған калорияның 70% ағза тыныс алу, жүрек соғысы, гармондардың бөлінуі, өсу және жасушалардың қалпына келуі сынды бейсаналық процестерге жұмсайды. 5-10% тағамды қорытуға қажет. Қалған 20% калория физикалық белсенділік үшін жұмсалады.

Егер калория мөлшері тым көп болса, ағза оларды сақтап қояды. Калория жетіспеген жағдайда бос тұрған калорияны жұмсайды.

Бізге қанша калория қажет?

Күнделікті белсенділік пен өзге де қажеттіліктерге толығымен жетуі үшін әйелдерге 2 000, ерлерге 2 500 калория қажет. Дегенмен әр адам әр түрлі. Біріне 2 000 калория көп болса, енді біріне жетіспей жатады.

Калорияның қажетті мөлшері ұстанатын өмір салты, жеке белгілері бойынша есептеледі.

Салмақ және бой. Адам қаншалықты үлкен болса, ағзаны толығымен қамтуға соншалықты көп калория керек.

Бұлшық ет. Бұлшық еттерді қамтамасыз ету үшін калорияны көбірек қажет етеді.

Жас мөлшері. Адам жасы өскен сайын денесінде бұлшық ет азайып, май талшықтары көбейеді. 20 жасында қажет болған калория 60 жасында көп болуы мүмкін.

         Зат алмасуды жақсарту жолдары

         Физикалық белсенділік

Күнделікті түскен калорияның 20% физикалық белсенділігіміз үшін керек. Әйткенмен, калорияның басым бөлігі арнайы жаттығуларға емес, қарапайым қозғалыстар (дүкенге бару, үй жинау және т.б.) кезінде жұмсалады. Бұған шамамен 800 ккал шығындалады.

Физикалық белсенділіктің төмен болуы ағзаның май басуына әкеп соғуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апта сайын 150-300 минутты қозғалысқа арнауды кеңес етеді.

Ұйқының бұзылуы да май талшығының көбеюіне әсерін тигізеді.

Тамақтану

Егер өз салмағыңызды тұрақтандырғыңыз келсе, қажетті нормадан көп калорияны тұтынбаңыз. Арықтауды мақсат етсеңіз, ағзада калория қажеттілігі туындау керек. Мұндай жағдайда организм қорда сақталған май талшықтарын тұтына бастайды. Бұл салмақтың азаюына әсер етеді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!