Салауат

Мұхтархан Ділдәбеков «Көкпар» федерациясының президенті атанды

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамында басқа да өзгерістер бар

2018 жылдың 24 қазанында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық «Көкпар» және «Аударыспақ» федерацияларының басшылық құрамына өзгерістер енді. Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, республикалық «Көкпар» федерациясының президенті болып Ділдабеков Мұхтархан Қобыланбекұлы тағайындалды.

Мұхтархан Ділдабеков 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері, Сидней Олимпиадасының, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, жаппай көкпардың додасында талай мәрте топ жарған саңлақ көкпаршы. 

Ол 2008 жылдан бері Түркістан облысының «Бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің» директоры қызметін атқарып келген.

Ал, республикалық «Аударыспақ» федерациясының президенті болып тағайындалған Қобыландин Данияр Жаңабайұлы жайлы мағлұмат төмендегідей.

Данияр Қобыландин 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.  Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын Ақтөбе облысы прокуратурасынан бастаған. ҚР Көліктік бақылау комитетінде, ҚР Президент әкімшілігінде, Алматы қаласы әкімдігінде қызмет еткен. Қазіргі кезде жеке кәсіпкер.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!