Біліп жүр

Инфобизнес ұршығы: Инфоөнімді сатудың инструкциясы

Инфобизнес ережелері

Инфобизнес деген не? Курсыңыз сатылуы үшін нені біліп қандай әрекет жасау қажет? Білімді бизнеске айналдыру маманы, инфопродюсер Нұрбақыт Төреханов миллион теңге алып келетін ұршықты қолыңызға ұстатады.

Balbal.kz-тің инфобизнеске қатысты сөздігі:

  • Ниша – сала.
  • Контент ақпарат.
  • Упаковка – жарқырату.
  • Запуск – жарыққа шығару.
  • Воронка – сатылымға дейін жол немесе ұршық.
  • Лид-магнит – ынтықтыратын тегін өнім.
  • Лид сатып алуы мүмкін клиент.
  • Клик – сілтемеге өту.
  • ЦА – өнімді сатып алуға құлықты клиент.

Нұрбақыт Төреханов:

Инфобизнес Америкадан бастау алды. Олар клиентті «иә, сатып аламын» деген қадамға жеткізу жолын «sales funnel» деп атады. Көрші Ресей мұны «воронка продаж» деп аударды.

Әжеңіздің қолындағы ұршықты көз алдыға елестетіңіз. Елестеттіңіз бе? Ал енді әженің әр әрекетін инфобизнесте қайталаймыз.

Ұршықты не үшін иіремін?

Ұршық иіру бұл қолөнер ғана емес. Бұл қыз баланың бойындағы сабырлық бен ибалықты тәрбиелеудің амалы. Сол сияқты инфобизнес бұл оңай ақша табудың жолы емес. Бұл біреудің білім шекарасын кеңейту арқылы алғысқа (табысқа) бөлену амалы.

Неге ұршықты әже құсап иіруім керек?

Осы сұрақтың жауабы жаңа ғана оқыған сөйлеміңізде тұр. Әже – көпті көрген жан. Демек инфобизнесте миллион табудың алғашқы қадамы – көпті көрген эксперттің продюсеріне айналу. Өзіңіз эксперт болсаңыз, көпті көрген продюсермен бірігіп іс тындыру.

Қолыңызға ұршық алмас бұрын…

Инфобизнесте миллион жасаудың екінші қадамы – салаға мән беру. Эксперт, продюсер мықты болғанымен халықта сол салаға деген қызығушылық болуы шарт.

Мысалы, құрақ көрпе тігетін мықты ісмер бар. Ол құрақ көрпені тігу бойынша инфоөнім жасағысы келеді. Бірақ қыз-келіншектер құрақ көрпе тігіп үйренуді армандай ма? Қаншалықты сұраныс бар? Міне, осындай анализ алдын-ала жасалуы тиіс.

Ендігі кезекте инфоөнімді жарыққа шығару керек. Бұл инфоөнімнің сыртын, қорабын әдемілеп халыққа, клиентке ұсыну стратегиясы. Шындығында қазір ұлдың да, қыздың да көзі қызылда. Жарыққа шығару процесіне эксперттің имиджі, оған жасалатын фотосессия, желідегі белсенділігі, инфоөнім форматы дегендей нюанстар кіреді. Жарыққа шығару кезінде дүркірету керек. Дүркірету үшін де алдымен жарқырап көзге түсу шарт.

Ұршықты тегін иіріңіз

Бұл миллион жасаудың үшінші қадамы. Мұны лид-магнит дейді. Эксперт өзінің қаншалықты білім екенін, пайдалы болатынын осы тегін өнім арқылы дәлелдейді. Тегін өніммен ынтықтырып алған соң ақылы өнімді сататын кез келеді.

Ұршықты сауданың жүрегі ететін 4 элемент

Ұршықтың басы, сабы және мұрындығы болады. Әрбіреуі өзіне жүктелген функцияны орындайды. Сол сияқты инфобизнесте миллион табу үшін миллион алып келетін ұршықты ойлап табу қажет. Ол да негізгі элементтерден құралатын болады. Мысалы:

Тағы бір мысал келтірейін:

Инфобизнесте ұршықты әртүрлі компоненттен құрастырып, шебер иіре алатындар бірігеді. Нәтижесінде миллиондарды алып келетін инфоөнім туындайды. Продюсер – сол білікті жандардың басын біріктіретін маман.

Миллион теңге алып келетін ұршық

  • Экспертті жарқырату. Инфоөнімді жарыққа шығару. Жан-жақты жарнамасын жасау.
  • Инфоөнімді өткізу мақсатында лид-магнит, трипваер ойлап табу.
  • Вебинар көруге шақыратын креатив видео түсіру.
  • Вебинар, эксперт бойынша сұрақтарға жауап беретін бір беттік сайт жасау. Бұл іске копирайтер, дизайнер жұмылдырылады.
  • Креатив видеоны таргетке жіберу. Бұл істі арнайы таргетологқа табыстаған жөн.
  • Таргеттен түскен лидтер бір беттік сайтқа клик жасап тіркеледі.
  • Вебинар өтеді. Вебинардың жарты бөлігі пайда контентті тегін айтуға арналады. Екінші жарты бөлігі негізгі инфоөнімді сатуға бағытталады.
  • Лидтерге сату бөлімінің менеджерлері қоңырау шала бастайды.
  • Вебинар сақталады. Қайтадан таргет жіберіліп, автовебинар жүре береді.
  • Қайтадан сату менеджерлері жаңадан түскен лидтерді өңдеп, негізгі инфоөнімді сатады.

1 айда 2-3 вебинар өткізіледі. Әр вебинар 2-3 миллион теңге алып келе алады.

Ұршықты иіріп көрген: Жазира Байдалы

Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!