Салауат

Меган Марклдың бет күтіміне арналған жақпалары

Ұлыбритания герцогинясы үй косметологиясын қолдайды

Сұлу, көрікті әрі сергек болып көріну барлық қыз-келіншектердің мақсаты десек, қателеспейміз. Танымал актрисалар мен Голливуд жұлдыздары сияқты мінсіз бет терісін армандаймыз. Олардың қызыл кілемдегі суреттерін, журнал мұқабаларында жайнаған бет әлпетін көріп, таңданамыз, таңдай қағамыз. Сосын, айнаға көз тастап, өзімізге көңіліміз толмай, іштей налимыз.

Дей тұрғанмен, уақыт өте келе олардың да терісі өзінің мінсіздігін жоғалтып, беттеріне әжім түсе бастайды. Мұндай жағдайда олар да қарапайым қыздар сияқты косметологтың көмегіне жүгінеді. Танымал бикештердің бет күтіміне арналған құралдарының арасында үй жағдайында оңай жасалатын, бағасы қолжетімділері бар екен.

Мысалы, 37 жастағы Ұлыбритания герцогинясы Меган Маркл өз келбетін қалыпқа келтіру үшін косметологқа жиі барып тұрады. Ол туралы герцогиняның жеке косметологы Никола Джосс БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында атап өткен.

Никола Джосс бет әлпетке пластикалық отасыз сұлулық пен сергектік сыйлайтын тәсілі арқылы әлемге әйгілі. Сұранысқа ие косметолог демалуды білмейді: Голливудтың сұлуларының бет терісімен айналысады. Оның кабинетінен Гвинет Пэлтроу, Кейт Мосс, Приянка Чопра сынды жұлдыздарды кездестіре аласыз. Николаның айтуынша, Меган Маркл үй косметологиясын қолдайды. Тіпті, герцогиняның ең сүйікті жақпасының құрамы мен оны жасау әдісімен бөлісті. Меган ұнататын жақпа зімбірден жасалады екен. Бұл әдісті ханшайымдар ғана емес, қарапайым қыздар да қолдана алатыны хақ.


Бұл жақпаның құрамы:

  • 1/2 үлкен қасық кокос майы
  • 1/2 кішкентай қасық зімбір
  • 1 үлкен қасық айран немесе йогурт

Дайындау тәсілі мен қолдану: 

  • Барлық керекті заттарды біртекті масса болғанша жақсылап араластырамыз
  • Дайын жақпаны алдын ала тазартылған бет және мойын терісіне қалың етіп жағамыз. 15-20 минут күтеміз
  • Жақпаны жылы сумен жуып, ылғалдандыратын крем жағамыз

Никола Джосс герцогиня сияқты бұл жақпаның нәтижесіне дән риза. Оның айтуынша, дәл осы жақпа бет терісін ылғалдандырады, түсін қанық етіп, терең әжімдерден сақтайды. Бұл рецепт пайдаңызға асады деген сенімдеміз. Әрдайым сұлу, көрікті болып жүріңіз!

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close