Фил Найт студент кезінен спортпен айналысқан. Орегон университетінде журналистика мамандығында оқыса да, ол спортқа, әсіресе жүгіруге жақын болады. Оның бұл қасиетін бапкері Билл Боуэрман ерекше бағалаған.
Университетті бітіре сала, Стэнфордқа асперантураға экономика мамандығына түскен Филип, бір семинарда бизнес-жоспар мен фирманың даму стратегиясын құрды. Онда Фил Найт АҚШ аумағында Жопонияда тігілген спорттық аяқ киім бизнесін ұйымдастыру туралы айтады. Дәл осы күннен бастап Nike брендінің негізін қалаушы, осы идеясын іске асыруды қолға алады.
Blue Ribbon Spots қалай дүниеге келді?
Фил Найт әкесінің қалауымен бухгалтерлік фирмада жұмыс істеп жүріп, Стэнфордта дәріс берді. Осы кезде мүмкіндікті құр жібермеуді ойлаған Фил Найт Жапонияға жол тартады. Ол жақтағы сапасы жоғары аяқ киімдердің төмен бағасын көріп таң қалады. Жапондықтардың жалақысы америкалықтарға қарағанда әлде қайда төмен болса да, олар үшін ең маңыздысы – абырой мен сапа.
Филип осы сапарында Жапониядағы ең ірі дистрибьюторлық Tigers спорттық аяқ киім өндіретін компанияның АҚШ-тағы өкілі болуға келісім шарт жасасып қайтты. АҚШ-қа қайта оралған Фил өзінің жаттықтырушысы Билл Боуэрман және университет қабырғасындағы атлетик досы Джеф Джонсон үшеуі 500 доллардан жинап, Blue Ribbon Spots деген атпен спорттық тауарлар сатуды бастайды.
1964 жылы 26 жасында Фил Найт спорттық аяқ киімдерді өз автокөлігінің жүк салғышына салып сата бастады. Алайда оның бұл бизнесі жүрген жоқ. Фил Найт өзінің идеясына қатты үміт артып, аяқ киімдер нарығындағы All-star, Keds, Adidas секілді көшбасшыларды артқа қалдыратынына сенді.
Филип Найт 1971 жылы бухгалтерлік мекемедегі жұмысынан шығып, уақытын аяқ киім бизнесіне арнайды. Бұл шешімі дұрыс, әрі табысты болды.
Фил Найтты табысқа жеткізген қасиеттері
Nike брендінің негізін қалаушы Фил Найттың негізгі және жақсы касиеттерінің бірі: шығармашылық ойлау қабілеті өте мықты болды. Бұл қасиет бойына журналистика мамандығында оқып жүргенде сіңсе керек. Ол белгіленген шеңберден шыға білетін. Спортпен шұғылданғандықтан ерік жігері мықты, алдына қойған мақсатына жете білді. .
Фил Найт бала кезінен өте белсенді, сонымен қатар білімқұмар, ізденімпаз болған.
Компанияны басқару және көшбасшы ету
Nike компаниясында қызметкерлер өздерін еркін ұстайды және әрқашан бір-біріне сенім арта алады. Шығармашылық ізденіс пен жаңа туындылар ойлап табу үшін барлық жағдайлар жасалған. Компания үшін көңіл көтеру және спорттық кештерді ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Жылына екі рет менеджерлердің басын қосып, миға шабуыл жасау жаттығуларынан жарыс ұйымдастырылады. Бұл күнді олар «Шабуылдау күні» деп атаған.
Дайындаған: Орынғали Дидар