Салауат

«Тән жарасын оймен емдеу» – табысқа жетелейтін жаңа методика

«Тән жарасын оймен емдеу» методикасы өмірді өзгертуге себеп бола алады

«Тән жарасын оймен емдеу» методикасы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп жүрген жалғыз маман ол – дәрігер-невропатолог Мади Алдабергенов.  Ауруымнан айығамын деп дәрігерлер кабинетін ауыстырудан шаршаған жандар үшін аталмыш методика көптен күткен қуанышты жаңалық. Ендеше, бұл методика қандай мәселелерді шешеді, Balbal.kz Мади Алдабергеновпен тілдесті.

Мади Алдабергенов:

Тән жарасын оймен емдеу
Алдабергенов Мади Хабарласу үшін: 8 701 557 3812

«Тән жарасын оймен емдеу» деген не?

Ең біріншіден, «Ауру деген не?» сұрағына жауап іздеуден бастайық. Ауруыңыз жайлы естігенде сіз қандай сезім кешесіз? Қуанбайтыныңызды алдын-ала түсініп отырмын. Ал сізге ауырып қалғанда қуану керек десем ше, мені қалай қабылдайсыз? Бұл ұсынысқа миығыңыздан күлсеңіз, әңгімеме құлақ түруге кеңес беремін.

«Тән жарасын оймен емдеу» методикасы кеше не бүгін пайда бола салған жоқ. Қазақстанда бұл методика туралы әлі ешкім толыққанды біле қоймаса да, мұны зерттеп, өз өмірінде қолданып, тіпті кітап жазып қойған ғалымдар да баршылық. «Тән жарасын оймен емдеу» методикасы аурудың салдарымен емес, себебімен күресетін биопсихология.

Мысалы, сіз ауырып қалып мазаңызды кетті делік. Ойлана келе дәрігердің қабылдауына кіресіз. Ол сізге анализ тапсырып, УДЗ-ға түсіп келуге жібереді. Одан соң диагнозыңызды жар салып, ем-домды қалай жасау қажеттігін айтып, қолыңызға дәрілерден тұратын тізім береді. Дәрілерді үміттеніп ішкеннен соң қалыпты жағдайға ораларсыз. Алайда бұл жағдай қайталануы не ушығуы да әбден мүмкін. Дәрігер сізден бұл дертке шалдықпас бұрын қалай өмір сүргеніңізді, басыңыздан қандай жағдайларды өткізгеніңізді сұрап отырмайды. Ал методикаға сәйкес біз адамға ой саларлық сұрақтар қоямыз. Осындай диагнозға жеткізген оқиғаларды еске түсіруге мүмкіндік береміз. Бізге аурудың себебін, сұрақтардың жауабын пациентке жайып салуға рұқсат жоқ. Ол осындай халге жеткізген стрестік оқиғаны өзі еске түсіріп жеңілдеуі тиіс.

«Тән жарасын оймен емдеу» методикасы қалай пайда болды?

«Тән жарасын оймен емдеу» – Жильбер Реноның 2013 жылы жарық көрген «Recall healing: Pyramid of health» кітабында айтылған методиканың қазақ тіліндегі мағыналық аудармасы. Бұл кітап 2016 жылы орыс тіліне аударылғанын тілге тиек еткім келеді. «Recall healing»-ді ағылшын тілінен тікелей мағынада аударсақ, «естеліктермен емделіп-сауығу» деген аударма аламыз. Өз басым осы методиканың авторы Жильбер Реноның шәкірті екендігімді мақтанышпен айта аламын.

Жалпы, методиканың үш негізгі авторы барын айта кетейін. Ең бірінші кезекте мұны кітап қылып шығарып, кеңірек таралуына себепкер болған Жильбер Ренодан бастағанды жөн санаймын. Ал Рено өз кезегінде Клод Сабба, Райк Герд Хамер, Роберта Гуиндерге өз еңбегін арнайды.

Аталмыш методикаға сәйкес біз ауруды «жау» ретінде қабылдамаңыз деп үйретеміз. Себебі ол сізді шырт ұйқыдан оятатын оятқыш. Оятқышқа тіл бітер болса, «Өз өзіңмен шынайы бол!» дер еді. Себебі ауру бізді осындай халге душар еткен оқиғаларды еске түсіріп, солардан сабақ алуға, өміріміздің қандай тұсына назар аударуға тиісті екендігімізді түсіндіруге тырысады.

Маған Карл Густав Юнгтың мына бір сөзі қатты ұнайды: «Біз саналы түрде өмірімізде орын алған оқиғалардан сабақ алмасақ, олар қайталанады, біз оны тағдыр дейміз». Реноның методикасын пайдалана отырып, өмірдің кез келген саласын табысты, берекелі етуге болады.

«Тән жарасын оймен емдеу» методикасы қалай жұмыс істейді?

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тұрақты түрде тегін мастер-кластар өткізіп тұрамын. Мұны ақылы жасауға әбден болатын еді. Бірақ қазақстандық аудитория бұл методика жайлы бейхабар болғандықтан, бастапқы кезде ақпараттандыру, насихаттандыру жұмыстарын қолға алуды дұрыс деп санадым. методика принциптерін түсінген адамға жеке консультация беріп көмектесу жеңілірек. Ал методика жайлы белгілі бір ақпараты жоқ адамға бірден консультация өткізу қиынның қиыны. Сосын уақыттың белгілі бөлігін түсіндіруге жұмсауға тура келеді.

Методика жайлы біліп келіп, көмек алғысы келген адаммен байланыс орнату жеңілірек. Бірден іске кірісіп, өмірдің белгілі бір кезеңдерінде бастан қандай оқиғаларды кешіргенін сұраймын. Асықтырмаймын. Аурудың пайда болуына себепкер болған биологиялық факторды біліп тұрсам да, қисынды сұрақтар қоюмен шектелемін. Әйтседе медициналық білім бар дәрігер-невропатологпын, мануальді медицина докторымын. Алайда маңыздысы – диагноз емес, дерттің пайда болу себебі. Ал дерт өз-өзінен пайда болмайды. Оны стрестік оқиғалар тудырады. Консультацияға келген адамның менен ешнәрсе жасырмауын өтінемін. Әйтпесе жұмыс өнбейтінін ескертемін де мен іштей біліп отырған биологиялық себепті ауызға алғанша сұрақ қоюымды жалғастыра беремін. Бұл 1,5 сағатқа созылуы мүмкін. Бір сеанстан-ақ мәселенің төркінін түсініп, одан кейін жазылып кететіндер бар. Ал кейбір адамдарға бірнеше сеанс өткізуге тура келеді.

«Тән жарасын оймен емдеу» табысқа қалай жетелейді?

Бұл методикаға сүйене отырып, тек денсаулықты қана емес, кез келген мәселені қарастырып, шешімін табуға мүмкіндік бар. Ал, жалпы табыс пен жетістік туралы ойланбастан бұрын денсаулықты түзеп алуға, біздің жағдайда жан дүниеге үңілуге кеңес беремін.

Мануальды медицина докторы, дәрігер-невролог Мади Алдабергенов Нұр-Сұлтан қалаларында ұдайы «Тән жарасын оймен емдеу» семинарын өткізеді.  

Семинарда айтылатын негізгі тақырыптар: 

  • Сүт бездерінің онкологиясы,қалқанша безінің ауруы сынды кең таралған аурулардың себептері.
  • Емдеу процесін қалай бастауға болады?
  • Жүктілікке дейінгі және кейінгі жағдайлар баланың өміріне қалай әсер етеді? Сонымен қатар бала алдырту, түсік тастау, шетінеп кетудің кейінгі балалардың өміріне әсері бар ма?
  • «Ата-бабалар синдромы» дегеніміз не және оның ықпалына қандай жағдайларда ұшырайды?
  • Ауру тудыруға, сондай-ақ оларды емдеуге қабілетті жасырын эмоциялар мен саналық шешімдердің маңыздылығын түсіну.
  • Белгілі бір оқиғалардың денсаулығыңыз бен тағдырыңызға әсері туралы алгоритмді қалай есептеуге болатындығын үйренесіз
  • Өміріңіздің кез-келген кезеңінде өзіңізге және басқаларға көмектесу үшін «Тән жарасын оймен емдеу» әдісін қалай тиімді қолдануға болады?

Толық ақпаратты + 7 7015573812 байланыс телефоны арқылы білуге болады. 

Дайындаған: Жазира Байдалы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!