Салауат

Дұрыс тамақтану пирамидасы: Нені қанша жеу керек?

Дұрыс тамақтану деген не?

Дұрыс тамақтану ас меню шеңберін тарылтады деген сөз емес. Керісінше организмге қажетті түрлі тағамдар мен азық-түліктерді тұтыну нормасын қалпына келтіреді. Осылайша организм құнарлы заттарды бойына сіңіріп, дұрыс жұмыс істей бастайды. Барлығы тамақтану мөлшері мен оның жиілігіне байланысты болып келеді. Барлығын жеуге болады, тек өз нормасында болғаны дұрыс.

Тамақтану пирамидасы және оның пайдасы

Эстония ғалымдары дәлелдегендей, біз барлығымыз нормадан артық немесе кем көлемде тамақтанамыз. Адамдардың организміндегі құнарлы заттарды жеткіліксіз болуына себеп осы.

Тамақтану пирамидасы бойынша адам күнделікті дәнді-дақылдардан және картоптан жасалған тамақтарды көптеп жеуі керек. Сүт және сүтті өнімдерді орта деңгейде тұтынып, ет, жұмыртқа, құс еті, етті аздап жеу керек.

Осы жүйе бойынша бір апта тамақтану организмге керек құнарлы заттар көлемін дұрыстауға септігін тигізеді. Бұл азық-түліктердің біреуін болсын күніне жеп тұрған дұрыс. Тәтті және қатты тұздалған тағамдарды азырақ тұтынған дұрыс.

Тамақтану қалпына келуі үшін:

  • Дәнді-дақылдардан жасалған тағамдар;
  • Жаңғақ және көкөністер;
  • Жемістер мен жидектер;
  • Балғын, суытылған балық өнімдері;

Нені аз жеу керек:

  • Тәтті сүттен жасалған өнімдер (йогурттар)
  • Ет өнімдері;
  • Тәтті немесе тұздалған снектер;
  • Құрамында қант көп сусындар мен шырындар.

Теледидарлар  мен БАҚ-тан дұрыс тамақтану жайлы дұрыс емес пікірлермен кездесіп жатамыз. Бірақ дұрыс тамақтануға арналған арнайы «супер тамақтар» мен сиқырлы өнімдердің болмайтынын есте сақтаңыз. Тек организм жұмысына арналған қажетті қуат көлемін алып тұрса жеткілікті.

Күн сайын қайталана беретін тамақтың ағза үшін құнарлығы да төмендей береді.

Тамақтану қалыпты болуы үшін:

  • Қажетті көлемде тамақтану:

Тамақтан организм өзіне қажетті энергия мөлшерін қабылдайды. Оның көлемі жасқа, жынысқа, өмір салтына, денсаулық жағдайына байланысты. Энергия сіздің күнделікті қозғалысыңызға, ас қорытуға, жүрек жұмысына, ойлауға жұмсалады.

Күнделікті қажетті энергия мөлшері әйелдерде 2000 ккал, ерлерде 2600 ккал құрайды.

2)Қалыпты тамақтану:

Тамақтану кезінде тек энергия мөлшері ғана емес, түрлі тағамдарды тұтынуға да байланысты. Әрбір құнарлы заттың өзіндік рөлі бар. Түрлі тамақтар тобы түрлі дәрумендер мен минералдарға ие. Бүгінгі таңда көпшілігіміз көміртектер мөлшерін азайтуға тырысамыз. Бұл органзимдегі кейбір маңызды заттардың жетіспеушілігіне алып келеді.

3)Барлығын жеуге болады, тек өз мөлшерінде:

Барлық тәттілер зиянды немесе семіруге алып келеді деген қате пікір бар. Негізінде барлығы мұншалықты нашар емес: барлық өнімдерді тұтынуға болады, тек өз мөлшерінде және жиілігі де қалыпты болуы керек. Тамақтану пирамидасы бойынша тамақтану олардың мөлшерін анықтауға көмектеседі.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!