Салауат

Жағымсыз көңіл-күйден арылу амалдары

Біреуге деген ашу-ызадан, жағымсыз сезімдерден арылу үшін жастықты екі қолыңызбен ұрғылаңыз, тіпті тепкілесеңіз де болады. Ұзынша келген пластмасса бөтелкемен де жастықты сабалауға болады. Жастықты ұрғылай отырып, өзіңізді ренжіткен, көңіл-күйіңізді түсірген кісінің атын атай отырып, соған деген бүкіл ашу-ызаңызды төгіп-төгіп алыңыз. Бұл кезде бір ауық өзіңіздегі тыныс алу жиілігіне көңіл бөліп қойғаныңыз жөн. Бойдағы ашуды шығарған сайын тыныс алу жиілігі де реттеле бастайды…

Сіз әлі өзіңізге  өзіңіз келе қойған жоқсыз. Сондықтан сізді орынсыз ренжіткен адамға деген ашу-ызаңызды енді бір сәт қағазға жазып, сонан соң оны умаждап-умаждап жыртып тастағаныңыз абзал. Бұдан кейін тыныс алу жағдайыңызға тағы бір мәрте көңіл аударып қойыңыз.

Ашуыңыз әлі басылмай тұрса, алдыңызға орындық қойып, оны дұшпаным деп ойлаңыз да оған қарсы қарап отырып өзіңіздің бүкіл өкпе-арызыңызды айтып тастаңыз. Егер одан өзіңізге қарсы айтылған сөз естілгендей болса, сіз оны өзіңізге қабылдамай, құлақтың сыртынан жіберіп, жаман сезімнен арылыңыз. Спорт залына барып боксшылар ұратын құм толтырған қапшықты каратэшілер  айқайлағандай айқайлап барып соққылаңыз. Дене шынықтыру жаттығуларын жасап, сонан соң жерге жата қалып, тартылсаңыз, жүгірсеңіз, жылдам жүрсеңіз,  таза ауада серуендеп қайтсаңыз тіпті жақсы.

Ал мүмкін болса, айғайлап, сілкініп, алқынып-жұлқынып билеп жіберсеңіз едәуір жеңілденіп қаласыз. Үйдегі жедел іс-қимыл: еденді, ыдыс-аяқты, кір-қоңды жуу,  кілем  тазарту, терезелерді жуу бір жағынан отбасы тіршілігіне көмектесу  болса, екінші жағынан өзіңіздің жаныңызды, тәніңізді тазартуға көмектеседі. Мысалы, Жапониядағы көп адам жұмыс істейтін кәсіпорындарда жұмысшылар психологиялық жағынан сергу үшін арнайы бөлме жабдықталады, бөлмеде «бастықтың» макеті тұр. Ашуланып, терісіне сыймай келген жұмысшы «бастық» келіп, оны аямай соққылайды, ашу-ызасын айтып, боқтайды, балағаттайды. Сөйтіп өздерінің ішкі сезімдерін шығарып жеңілдейді.

Ал Қытайда да жұмысшылардың ашу-ызасын сейілтетін осындай бөлмелер болады екен. Ашуланып келген адам ол жерде ыдыстарды быт-шыт қылып сындырып, талқандап бір басылып қалады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close