Салауат

Коронавирус кезінде қолдан антисептик жасау жолдары

Коронавирус кезінде сақтану шаралары

Коронавирус кезінде сақтанып жүру керек. Алайда маска мен антисептикке деген дефицит белең алды. Balbal.kz мотивациялық сайты маска мен антисептикті үй жағдайында жасау жолдарымен бөліседі.

Қолдан жасалған маска

№1.

Ол үшін ұзындығы 45 см болатын тығыз мақта матадан немесе зығырдан жасалған төртбұрышты мата, сондай-ақ әрқайсысы 18 см болатын екі резіңке қажет. Матаны екіге бүктеп, гармошка түрінде жинастырыңыз. Шеттерін қолмен немесе тігін машинасымен тігіңіз. Резіңкені жіппен байлаңыз. Резіңке болмаса,  дәкені қолдануға болады.

№2.

Мұндай маска шаң мен микроорганизмдердің ұсақ бөлшектерінен қорғайды. Оны істеу үшін сізге қарапайым мақта мата мен сүзгі ретінде волокна материалдар қажет болады. Волокна деген – тоқу әдістерін қолданбай, бір-бірімен байланысқан талшықтардан немесе жіптерден жасалған материалдар. Оны тігін дүкенінен сатып ала аласыз. Тігіп жатқанда, материал қабаттарының арасына аталмыш сүзгіні салыңыз.

  № 3.

Бір реттік қол орамалдарынан жасалған маска. Осындай екі қағазды алып, оларды гармошка түрінде бүктейсіз. Бүйірлерін степлермен бекітсе жеткілікті.

Екі жанын резіңке немесе жіптермен қоясыз.

№ 4.

Маска жасау үшін 60 см * 14 см мөлшеріндегі таңғышты және 14 см-лік мақтаны алыңыз.  60 см таңғышқа мақтаны ораңыз. Таңғыш қалдықтарын түтікше етіп ораңыз. Содан кейін жоғарғы және төменгі жағын байлап тігіңіз.

Үйде жасалған масканы екі сағат сайын жуып, үтіктеген жөн екенін ұмытпаңыз.

Егер жаныңызда науқас адам болса,  ауруханада, қоғамдық жерлерде (қоғамдық көліктерде, сауда және кеңсе орталықтарында) масканы қолдану қажет.

Күнделікті өмірде және таза ауада серуендеу кезінде маска киюдің қажеті жоқ.

Қолдан жасалған антисептик

1.

этил спирті — 833 мл

сутегі асқын тотығы — 42 мл

глицерин — 15 мл

Дистильденген немесе қайнатылған суды қосып, бәрін араластырыңыз. Су мөлшерін қажетті қоспаға сүйене отырып, анықтаңыз.

№ 2.

Бір ас қасық су, бес ас қасық арақ, бес тамшы лаванда эфир майын, бір шай қасық алоэ шырынын және бес грамм хлоргексидинді араластырасыз. Алынған қоспаны біраз уақытқа қою керек.

№ 3.

Ең қарапайым тәсілі. Ол үшін 160 мл медициналық спирт пен алоэ гелін араластыру қажет. Неғұрлым температурасы жоғары болса, соғұрлым жақсы болады.

Алынған ерітіндіні бірнеше кішкене контейнерлерге құйып, өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Антисептикті үнемі қолдануды ұмытпаңыз. Қолдағы тырнақтың астындағы аймаққа ерекше назар аударып, кем дегенде 30 секунд алақанды уқалап тұру керек. Антисептикті жиі қолдансаңыз, түнге қарай қолыңызға ылғалдандырғыш крем жаққан жөн.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close