Салауат

Ұмытшақтық: Жадты жақсартатын тағамдар

Ұмытшақтық қорқынышты емес

Ұмытшақтық уақыт өте келе немесе белгілі жүйке зақымдары әсерінен пайда болуы мүмкін. Әдетте ол жас ерекшелігіне байланысты байқалады. Ұмытшақтықтан медециналық жолмен емделіп жатады. Ал оны болдырмау үшін денсаулығыңызды бақылаған жөн. Тіпті тамақтану да жадқа әсер етеді. Белгілі өнімдерді жиі тұтыну сіздің жадыңыз бен ми жұмысын жақсартады.

Тамақтың мөлшері миға қалай әсер етеді?

Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша тамақ мөлшеріне аздаған өзгеріс енгізу ақыл-ой жұмысына оң әсер етеді. Организмді жүйелі түрде ми жұмысына көмектесетін дәрумендер мен нутриендер, микроэлементтермен қоректендіріп отырса, жадтың күшіне әсер етеді. Ақыл-ой жұмысын жақсартатын тағамдар көп.

Ойлану қиынға түсті ме? Жаңғақ сізге көмектеседі

Жаңғақ – кондитерлік өнімдердің ең жақсы алмастырушысы. Жаңғақтың барлық түрлері – грек жаңғағынан орман жаңғағына дейін, пістелер мен бадам жаңғағы миға қажетті элементтерге бай. Майлы қышқылдар (Омега-3, омега-6), темір, фосфор, фоли қышқылы, Е және В6 дәрумендері жаңғақ құрамында көп мөлшерде кездеседі. Бразилия жаңғағы мидағы қан айналымын жақсартатын селенге бай болып келеді.

Жаңғақ пайдалы өнім, бірақ организмге ауыр. Жаңғақтың күнделікті тұтыну мөлшері 50-100 граммнан аспағаны дұрыс. Оны ботқалар мен ірімшік тілмелеріне, түрлі тағамдарға қосып тұтынған абзал.

Ұмытшақтық пайда болды ма? Шпинат жеңіз

Шпинат – дәрумендер «чемпионы». Шпинаттың жапырақтары ми жұмысын жақсартатын заттардың таусылмас қоры. Фоли қышқылы, В6 мен В12 дәрумендері темірмен қосылып, жадты жақсартушы құралға айналады. Раш университетінің зерттеушілері жүргізген зерттеу бойынша 5 жыл бойына күнделікті шпинатты тұтынған адамдардың есте сақтау қабілеті өздерінен 10 жасқа кіші адамдарға қарағанда жақсырақ болған.

Шпинаттың құрамында қымыздық қышқылы мен пурин бар. Оларды бүйрек, бауыр және өзге аурулар кезінде тұтынуға тыйым салынған.

Десертпен рахаттанып миды қалай қоректендіруге болады? Ащы шоколад жеңіз

Ащы шоколад – шаршаған ми үшін жақсы қорек әрі күйзеліске қарсы тиімді құрал. Ащы шоколад флавонол мен магний, антиоксиданттарға бай. Олар қысым мен қан айналымын жақсартады. Осылайша тікелей есте сақтауға әсер етеді. Бір ащы шоколад миды тынықтырып, қуат алуына әсер етеді.

Орамжапырақтың пайдасы

Орамжапырақ организм мен ми жұмысын жақсартатын заттарға толы. Теңіз орамжапырағы йодқа бай. Ол миды және жүйке жүйесін тынышталдырады. Қызыл орамжапырақ құрамында полифенол бар. Ол Альцгеймер ауруын алдын алады. Брюссельдік орамжапырақ дииндолиметанға бай. Олар денедегі бос радикалдарды организмнен шығарады.

Қызанақ – ұмытшақтықпен күрестегі тиімді құрал

Қызанақ – дәмді әрі жадқа пайдалы өнім. Олардың құрамында ликопин көп. Ликопин – мидағы бос радикалдардан қорғаушы күшті антиоксидант. Қызанақты көбірек тұтыну жадты жақсартады.

Теңіз өнімдері

Теңіз өнімдерін көптеп пайдалану ми мен жадқа оң әсер етеді. Балық ми мен организмге қажетті май жасушаларына бай өнім. Ал асшаяндар мен мидия ми жұмысына қажетті цинкке толы. Зерттеу нәтижесі бойынша ойлау қабілеті жоғары адамдардың қанында цинк мөлшері салыстырмалы түрде көп болады екен.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close