Дикция – бұл сөзді анық әрі дұрыс айту; фонем мен морфем, сөз бен тірестерді өзгелерге түсінікті жеткізу. Жақсы дикция кекштену, әріп немесе сөзді дұрыс айтпау секілді кемшіліктерсіз болады. Дикцияның дұрыс болуы барлық адам үшін маңызды. Себебі, келіссөздер жүргізу, әңгіме-дүкен құрған кезде сіздің сөзіңіздің өтімді болуы тікелей дикцияға байланысты. Дикцияны қалыптастыру үшін не істеу керек?
Практикалық психология университетінде бұған арнайы жаттығулар бар. Студенттер бұл жаттығуларды жыл бойына қайталайды және 2 күн арнайы тренинг өткізіледі.
Дикция жақсартудың амалдары
Қалам тістеп сөйлеңіз
Алдымен – қыздырыну. Кез келген қаламды қатты тістеп тұрып сөз немесе сөз тіркестерін 10-15 рет қайталау қажет. Сосын қаламды алып, сол сөздерді тағы қайталаңыз. Айырмашылықты бірден сезінесіз. Жақ, тіл, ерін босаған соң анығырақ сөйлей бастайсыз.
Бұдан кейін жаңа сөздермен жаттығыңыз. Бұл үшін кез келген мәтін немесе өлең жолдарын алуға болады.
Мұндай жаттығуды артикуляцияны жақсарту үшін жасайды және 2-3 минут арнасаңыз жеткілікті.
Енді негізгі кезеңге өтеміз.
Жаңылтпаштармен жаттығу
Жаңылтпаштарды дұрыс айтып үйрену керек. Алдымен жай жылдамдықпен айтып шығыңыз. Барлық дыбыстар мен әріптерді анық дыбыстаңыз. Әрі қалай жылдамдық қосыңыз. Барлығын дұрыс айтқан соң қиынырақ жаңылтпаштарға ауысыңыз. Жаттығуды ауырлатудың бір жолы – ауызға жаңғақ салып жаңылтпаш айту. «Карнавал» фильмінің әртісі дәл осы тәсілмен жаттыққан. Бұл жаттығу үшін кез келген сізге түсінікті тілдегі жаңылтпаштарды таңдауыңызға болады.
Өзіңізді тыңдаңыз
Барлық адамдар өз дауыстарын бейне немесе дыбыс жазбаларынан тыңдаған соң оны жақсартқысы келеді. Өз дыбысыңызды тексеріп, бақылауда ұстау үшін дыбыс жазу құралдарын қолданыңыз. Деміңіз ең ұзақ сөйлемді айтуға жету үшін диафрагманы жаттықтырыңыз. Бұл үшін демді алу және шығару барысында дауысты дыбысты деміңіз таусылғанша созып айтыңыз. Дауысты дыбысты 25 секундқа созып айту сізге қиындық тудырмаған кезде дауысыңызды жоғарылата түсіңіз. Тағы бір әдіс – шар үрлеу.
Татьяна Струнинаның жаттығулары
Бұл жаттығуларды асықпай, барлық әріптерді дұрыс дыбыстап орындау қажет:
Би-би-би-б; бэ-бэ-бэ-б; ба-ба-ба-б; бо-бо-бо-б; бу-бу-бу-б; бы-бы-бы-б.
Ди-ди-ди-д; дэ-дэ-дэ-д; да-да-да-д; до-до-до-д; ду-ду-ду-д; ды-ды-ды-д.
Бги-пки; бгэ-пкэ; бга-бка; бго-бко; бгу-бку; бгы-бкы;
Пки-бги; пкэ-бгэ; пка-бга; пко-бко; пку-бгу; пкы-бгы;
Фстри-вздри; фстрэ-вздрэ; фстра-вздра; фстро-взтро; фстру-вздру; фстры-вздри.
Осы тіркестердегі сөздер орынын ауыстырып бірнеше рет қайталап көріңіз.
Дайындаған: Назархан Уән