Біліп жүр

Ағылшын тілін үйренуге арналған 9 телехикая

Практика жүзінде қабілетті шыңдау

Ағылшын тілін үйренудің жақсы бір тәсілі – телехикаялар көру. Әрі шетелдік адамдарды тыңдап, практика жүзінде қабілетіңізді шыңдайсыз,әрі ішіңіз пыспайды. Balbal.kz мотивациялық сайты ағылшын тілі қиындық тудыратындықтан оны үйренуді қолға алған оқырмандар үшін үздік телехикаялар тізімін ұсынады.

Достар «Friends»

«Достар» телехикаясы ағылшын тілін жақында қолға алған жандар үшін қолайлы. Лексикасы қиын емес, түсіне аласыз. Онымен қоса, америкалықтардың жиі кездесетін диалогтарын жаттап аласыз, әзілдерін түсіне бастайсыз. Pre-Intermediate және Intermediate деңгейінде болсаңыз, қойын дәптеріңізді алып, сериалмен жаттығуды бастаңыз.

Жаңашыл отбасы «Modern family»

«Жаңашыл отбасы» америкалық үш отбасының қызықты оқиғаларын баяндайды. Онда АҚШ-тың өзекті мәселелері қозғалады. Америкалықтардың өмір сүру салтын түсіне бастайсыз. Сіздің лексикаңызға жаңа сөздер қосылады. Себебі тек ағылшын тілін меңгергендер ғана неологизмдер қолданылады. Әр кейіпкердің өзіне тән сөйлеу стилі бар. Өзіңізге ұнаған кейіпкерден үлгі алсаңыз болады.

Альф «Alf»

Америкалық комедия. Альф – Мелмак ғаламшарынан аман қалған жалғыз НЛО. Ол Америкада тұратын Таннерлер отбасына келеді. Альф – қызықты кейіпкер. Оның сөйлеу стилі, лексикасын түсіну оңай. Сериалды аудармасыз қарай аласыз. Америкалықтардың әзілдерін үйреніп, соны қайталайсыз.

Оқи отырыңыз: «Ағылшын тілі бойынша білім беретін тегін сайттар»

Шерлок «Sherlock»

Жоғарыдағы сериалдар америка акцентіндегі ағылшын болса, бұл сериал британдық ағылшын тілін үйренуге көмектеседі. Алғашында Шерлокты түсіну қиын болады, бірақ сериалды көру арқылы тыңдау қабілетіңізді жақсарта аласыз. Шерлоктың сарказмы сізді қызықтырып әкететіні сөзсіз.

Төменге құлдырау «The get down»

Оңтүстік Бронкстағы хип-хоптың дамуы туралы баяндалады. Сериал шынайы өмірден алынған. Кедей кварталда өмір сүретін этникалық топтардың сөйлеу мәнерін, стилін байқайсыз. Сленгтерді үйренесіз.

Кремний алқабы «Silicon valley»

Сериал бағдарламалаумен айналысатындарға қызық. Компьютермен жұмыс істейтін жандар өз бағдарламаларын ойлап тауып, оны нарыққа шығаруды көздейді. Сериалдың лексикасы күрделі, Upper-Intermediate деңгейіндегілерге арналған. Себебі технология саласындағы сленгтер көп. Сериалды көргеннен кейін ағылшын деңгейі бір сатыға көтерілгендей күй кешесіз.

Мен сенің анаңды қалай кездестірдім «How I met your mother»

Бұл сериал да Upper-Intermediate деңгейіндегілерге түсінікті. Америка акцентіндегі ағылшынды, америкалықтарға тән сленгтерді үйренесіз. Сериал желісі бойынша 2030 жылы әкесі балаларына жас кезін, достарын және аналарымен қалай танысқанын баяндайды.

Үлкен жарылыс теориясы «The big bang theory»

Ғылымға қызығатын деңгейі Upper-Intermediate-тен жоғары жандарға арналады. Деңгейіңіз оған жетпесе, сериалды субтитрмен қараған жөн. Онда бұрын-соңды естімеген ғылыми терминдер көп. Ағылшын тілінен бөлек түрлі мәліметтерді біле аласыз.

Оқи отырыңыз: «Ағылшын тілін үйренуге арналған 5 Telegram канал»

Кеңсе «The office»

Егер ағылшын тілін үйреніп, кейін шетелдік компанияда жұмыс істегіңіз келсе, онда сериалды көріңіз. Онда ресми қызмет стилін, қызметкерлердің жиі қолданатын лексикасын үйренесіз. Dunder Mifflin компаниясы туралы хикая. Intermediate деңгейінде болсаңыз, сериалды түсіну қиынға соқпайды.

 

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!