Миллионер

Dolce&Gabbana: Екі адамның тағдыры және атағы жер жарған бренд

Dolce&Gabbana қалай әлемді жаулады?

Дольче мен Габбана – италиялық белгілі дизайнерлер. Олар бірігіп «Dolce&Gabbana» брендінің негізін салған. Қазіргі уақытта олар әйелдер мен ерлерге арналған киім-кешектер, аксессуарлар шығарумен айналысады.

Дольче кім? Габбана кім?

Доменико Дольче 1958 жылы 13 тамызда Сицилияда дүниеге келген. Оның әкесі тігін фабрикасын басқарған. Отбасысы сицилиялық отбасы құндылықтарын ұстанған және орта деңгейде өмір сүрген. Доменико Дольченің балалық шағы тігін фабрикасында тігіс тігу өнерін игерумен өткен. Бірақ ол отбасылық істі жалғастырмай, университетке оқуға түседі. Бір жылдан соң университеттен шығып, өнер мектебінде оқиды. Оқуын бітірген соң Доменико Миланға жол тартады.

Стефано Габбана 1963 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Ол белгілі миландық стилистің некесіз туған баласы. Стефаноның сүйікті ісі шопинг пен сурет салу болған. Ол өнер мектебін бітірген соң біраз уақыт суретші-график болып жұмыс атқарады.

Брендтің тарихы

Бұл екі тағдыр 1982 жылы Миланда тоғысады. Ательеде ассистенттік қызмет атқарып жүріп Стефано Габбана мен Доменико Дольче сән әлемін бағындыруды жолға қояды. Алдымен олар Миланда кішігірім студия ашады. Олардың алғашқы сән көрсетілімі Милан кафелерінің бірінде өтеді. Ал олар жетістікке бірнеше жылдан соң жетеді.

1985 жылы дизайнерлер «Milano Colleziono» көрсетіліміне қатысады. Олар «Real woman» (Нағыз әйел) коллекциясын ұсынады. Бұл коллекция сұранысқа ие болып, Доменико мен Стефано «Real woman» жаңа коллекциясын шығарады.

1987 жыл тарихта «Dolce&Gabbana»-ның Миландағы шоу-румының ашылуымен сақталды. Дәл осы жылы олар трикотажды киімдер топтамасын көпшілікке ұсынады.

Жетістік жолында

Бұл жетістіктен соң жапондық «Onward Kashiyama Group» компаниясы оларға серіктес болуды ұсынады. 1988 жылдан бастап «Dolce&Gabbana» өнімдері шетел нарығына шыға бастады. Біраз уақыттан соң өнімдері шетел нарығына шыға бастады. Біраз уақыттан соң «Genny Group» қаржылық демеушілік білдіреді. Бұл олардың дүкендерінің Милан, Сингапур, Гонконг, Сеул қалаларында ашылуына көмегін тигізді.

1990 жылы ерлер киімі топтамасы шығарылып, 1991 жылы «Woolmark Award» премиясын жеңіп алады. 1996 жылы дизайнерлер ерлер ароматын ұсынады. 1994 жылы наурызда «Dolce&Gabbana» брендінің жаңа көрсетілімі өтеді. Бұл бренд жастарға, батыл жандарға арналған бренд еді. Келесі жылында «Dolce&Gabbana Basic» киім маркасы пайда болады. Компанияның бұл линиясы джинсы киімдер, аксессуарлар мен көзілдіріктер шығарады. 2001 жылдан бастап «Dolce&Gabbana Junior» балаларға арналған киім маркасы өндіріске енеді.

2007 жылдан бастап компания қолтырауын терісінен жасалған ерлер кейсін, 2011 жылы зергерлік бұйымдар шығаруды жолға қояды.

Қазіргі таңда «Dolce&Gabbana» жарнама компаниясы көптеген танымал жұлдыздармен жұмыс жасау үстінде.

Дайындаған: Жазира Байдалы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!