Кэйго (敬語) – жапон тіліндегі құрметпен сөйлеу стилі. Жапондарда сыпайы сөйлеудің жүйесі қалыптасқан. Balbal.kz мотивациялық сайты кэйго стилінің ерекшеліктерін сипаттайды.
Сыпайы болу жүйесі
Жапон грамматикасы әр түрлі эмоцияларды білдіруге мүмкіндік береді: сыпайылық, қарапайымдылық, сыйластық, формальдылық. Жапондарда тілдесуші адамның әрқайсысын ескеріп, құрмет көрсету міндетті болып саналады. Сыпайылық формаларының көмегімен олар әлеуметтік қашықтықты немесе ұстанымдағы айырмашылықты көрсетіп, иерархиялық қатаңдықты ұстанады.
Сыпайылық түрлері
Жапон этикеті адамның дәрежесіне қарай қолданылады. Оған қолданылатын ережелер бар.
Жасқа қатысты
Әдетте жасы кіші адам құрмет формасын қолданады. Бұл тіпті жас ерекшелігі 1-2 жасты құрайтын бауырлар арасында сақталады.
Мәртебеге қатысты
Студент немесе оқушы әрқашан мұғалімге «кіші» болып табылады. Премьер-министр болған адам да мектеп мұғалімімен сөйлесу кезінде сыйластық формаларын қолданады.
Ауруханада пациент дәрігерге, студенттердің ата-аналары мұғалімге, ұшақта стюардесса жолаушыларға, мейрамхана қызметкерлері директорға, сатушылар клиенттерге кэйго этикеті бойынша құрмет көрсетуі тиіс.
Жынысқа қатысты
Жапондық мәдениет бойынша ер адам әйелден жоғары тұлға. Тіпті әйел адам жасы үлкен немесе ықпалды болса да, ер адамға құрмет көрсетеді.
Кэйго формасы
- Онкэй канкэй (恩 恵 関係, қайырымдылық қатынасы)
Сізге қандай-да бір жолмен көмектескен адамға құрмет көрсетуіңіз керек.
- Сэнко канкэй (先後 関係, сенпай мен кохаи арасындағы қатынас):
Оқу орындарында, компанияларда, клубтар мен ұйымдарда кездесетін әдептілік ережелері.
- Рига канкэй (関係, қызығушылыққа байланысты қарым-қатынас):
Бизнестегі серіктестік. Олар жоғары сыпайылықпен ерекшеленеді. Мысалы, стюардессалар «Кофе? Шай?» деп қана сұрауы мүмкін. Ал жапон стюардессасы сыпайы түрде сұрайды: «(Ко:хи: ни насаимасу ка, ко:тя ни насаимасу ка. Нихон-тя мо годзаимасуга) сіз кофе ішкіңіз келе ме? Қара шай алғыңыз келе ме? Жапон шайы да бар».
- Дзёгэ канкэй (上下 関係, жоғарғы және төменгі тап арасындағы қатынастар)
Жапон фирмаларында сөйлеу этикеті бағыныштылыққа құрылған.
- Синсо канкэй (関係 疎 関係, жақын мен алыстан араласатын қарым-қатынас):
Жақын достар арасында сыпайы формалар ешқашан қолданылмайды. Алыстан араласатын қарым-қатынасты аса таныс емес жандармен немесе көршілермен сөйлескенде қолданады.
Кэйго түрлері
Кэйго үш түрге бөлінеді:
- Сонкэйго (尊敬 語), «құрметпен сөйлеу»;
- Кэнсонго (謙遜 語) немесе кэндзё-го (謙 譲 語), «қарапайым сөйлеу»;
- Тэйнэйго (丁寧 語), «сыпайы сөйлеу».
Лингвистикалық тұрғыдан алғанда алғашқы екі түрі үшінші тұлға туралы сөйлеуде қолданылады. Ал тэйнэйгоны біреумен сөйлесу кезінде адресатқа қатысты айтасыз.
Кэйгоны қалай қолданамыз?
«Істеу» етістігі бірнеше формада
«Істеу» (делать) етістігінің қарапайым түрі — суру (す る). Оны отбасы мүшелерімен және жақын достармен сөйлесу кезінде қолдануға болады. Ал тілдесушіге қатысты айтқанда — симасу. Бұл форма күнделікті сөйлесу барысында қолданылады. Бастықпен немесе клиентпен сөйлесуде насару және тэйнэйго түрінде насаимасу деп айтады. Өз әрекеттерін немесе өз тобының мүшелерінің әрекеттерін сипаттау кезінде итасу және итасимасу қолданылады.
Отбасыдағы кэйго ережелері
Жасы кіші адамдар кей сөздерді үлкендерге айта алмайды. Мысалы, үлкен ағасы інісімен сөйлескенде, өзі туралы айта алады: (兄 さ ん が 君 に ケ ー キ を 買 い てて) «Ағаң саған торт әкелді».
Ал жасы кіші адам өз әрекеттерін сипаттағанда, өзін тікелей айтпайды. Және үлкенге «сен» деп айта алмайды. (僕 が お 兄 さ ん に ケ ー を を 買 い て い っ) «Ағама торт сатып алдым» деп айту керек.
Жұмыс барысындағы ережелер
Бастық қол астындағыларға «ямада-сан» немесе «кими!» деп атай алады. Ал лауазымы төмен адам бастықты тек лауазымымен, сято (жапонша директор), жо:си (жапонша аға, бастық) деп айта алады. Мұғалімдерді жай ғана сэнсэй (ұстаз) немесе толық аты-жөнімен атауға болады. Тіпті мұғалімнің немесе бастықтың әйелі (немесе бастық) туралы әңгімеде «сіздің әйеліңіз», «әйел» деп айта алмайсыз. «Сэнсэйдің әйелі», «Сятоның әйелі» деп қана айтуға болады.
Әйел мен ер арасындағы сөйлеу ерекшелігі
Әдетте әйелдің сөйлеген сөздері сыпайы болуы керек. Тіпті бейресми жағдайда жұмсақ сөйлесу стилін таңдаған жөн. Әйелдің лауазымы жоғары болса да, қол астындағы еркек қызметшіге құрметпен қарайды. Тек әйел клиент, ал сатушы ер адам болғанда, тілдік ерекшеліктері бірдей болады.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова