Біліп жүр

Әуежай және уақыт өткізуге арналған тегін қызметтер

Әуежайдағы ерекше қызмет түрлері

Әуежай жолаушыларға арнап көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Мұнда көбісі күту залында демалса, енді бірі жұмыс істейді. Алайда кей әуежайлар өз тұтынушыларына уақытын тиімді өткізудің ерекше жолдарын ұсынады. Balbal.kz әуежайлардағы ерекше қызмет түрлері жайлы материал дайындады.

Ұйықтауға арналған капсула

Ұйықтауға арналған капсула
@bigasia.ru

Рейсті күту барысында көбісі ұйықтап алуды жөн санайды. Лондондық Хитроу, Дубай, Стамбул және Мюнхеннің халықаралық әуежайлары жаңа қызмет түрін ұсынады. Бұл жерден ұйықтауға арналған капсуланы жалға ала аласыз. Олардың құны да қонақ үймен салыстырғанда біршама арзан.

Әсем әуен мен концерт

Әуежай кей жағдайда нағыз концерт алаңына айналуы мүмкін. Мысалы, Мюнхеннің халықаралық әуежайында бейсенбі және жексенбі күндері концерт өтеді. Ал Париждің «Шарль-де-Голь» әуежайының күту залында фортепиано орнатылған және кез келген жолаушы музыкалық аспапта ойнай алады.

Күшіктермен уақыт өткізу

Лос-Анджелес әуежайында күшіктерді ойнатып, олармен суретке түсуге болады. Бұл үшін арнайы қызметкерлер жұмыс істейді. Өзіңізге ұнаған итті таңдап, уақыт өткізе аласыз. Мұндай қызметті рейсі кешіккен және ұшудан қорқатын жолаушылар жиі қолданады.

Тегін кинотеатр

Чанги әуежайы
@moscow-airports.com

Портленд және индонезиялық «Баликпапана» әуежайларында шағын кинотеатрларды кездестіруге болады. Мұндай кино орталықтары тегін жұмыс істейді.

Су алу орындары

Чикаго, Лондон, Сан-Франциско қалаларының әуежайларында тегін су гидранттары орнатылған. Бұл жерден өз ыдысыңызды таза сумен толтыра аласыз.

Кітап алмастыру орыны

Филадельфия халықаралық әуежайында буккроссингке қатысауға болады. Өзіңізде бар кітапты қалдырып, ұнағанын бортқа алып кіруге мүмкіндік жасалған.

Автономды арба

Алыс қашықтықты өз бетінше еңсере алмайтын жолаушылар смартфон арқылы автономды арбаны шақыра алады. Мұндай қызмет түрі Токионың Ханэда әуежайында бар. Арнайы бағдарлама ешкіммен соқтығыспайтындай етіп траектория жасайды. Жолаушы діттеген орнына жеткен соң, арба кері қайтады.

Роботтың көмегімен жүкті жеткізу

Инчхон әуежайы
@korea.net

Инчхон әуежайында жолаушылар жүгін робот жеткізеді. Талоныңызды сканерлерсеңіз жеткілікті. Құрылғы рейс нөмірі мен отырғызу уақытын анықтап, жүгіңізді қажетті орынға дейін алып барады.

Үй жануарына арналған қонақ үй

Жапонияның Осаке және Токио әуежайы жанында арнайы қонақ үй бар. Бұл қонақ үйлерде жолаушылар өз жануарларын қалдырып кете алады. Мұндай мекемелер жылына 365 күн, 24 сағат жұмыс істейді.

Жаңа жылдық жәрмеңке

Мюнхен әуежайының жолаушылары қараша және желтоқсан айларында нағыз жаңа жылдық жәрмеңкеге қатыса алады. Бұл жерден сыйлықтар сатып алып, сырғанақтарда сырғанауға болады.

Үлкендерге арналған сырғанақ

Сингапурдың Чанги әуежайының жолаушылары рейсті күту уақытын көңілді өткізе алады. Мұнда биіктігі 12 метрді құрайтын сырғанақ орнатылған. Бұл үшін Чангидегі кез келген дүкеннен не мейрамханадан 10 долларға сауда жасау қажет. Кей сырғанақтар жолаушыны тіркеу орнына дейін жеткізеді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!