Миллионер

Чак Фини – асханадан ас ішетін, ең арзан сағат тағатын миллиардер

Чак Фини – ақшасын тарата беретін миллиардер

Чак Фини (толық есімі Чарльз Ф.Фини) – америкалық филантроп, «Duty Free Shoppers» әлемдік дүкендер желісінің негізін салушы. Ол 1931 Нью-Джерси штатындағы Элизабет қаласында дүниеге келген. Оның өмірі жайлы Конор О’Клири «Миллиардсыз миллиардер» атты кітап жазып шыққан. Назарларыңызға Чак Финидің кәсібі мен қайырымдылығы жайлы материалды назаларыңызға ұсынамыз.

Жомарт миллиардер

«Forbes» журналының бағалауы бойынша Чак Финидің жағдайы 7,5 миллиард долларға тең. Бұған қарамастан оның жеке көлігі жоқ. Тек эконом-класспен ұшып, жалдамалы пәтерде тұрады. Чак қолына 15$ тұратын сағат тағады және қымбат жейделер кимейді.

Оның тарихи Отаны Ирландияда көрген адам америкалық турист ретінде қабылдары сөзсіз. Мейрамхана ретінде шағын асханаларды, тігін үйі ретінде қарапайым дүкендерді дұрыс деп қабылдайды. Ол метро мен такси қызметін жөн санайды. Чак өзінің барлық ақшасын қайырымдылыққа арнаған. Бөлінген қаржының барлығы тек адал жолда жұмсалады.

2013 жылғы есеп бойынша ол қайырымдылық қорына 6 миллиард долларын аударған. Қалған 1,5 миллиард долларды да қайырымдылыққа арнауды жөн деп санайды. Ол негізгі мына бағыттарға көңіл бөледі: медицина, ғылым, қарттар үйіне көмек көрсету және т.б.

«Duty Free Shoppers»-тің тарихы

Чак Фини – таңқаларлық адамдардың бірі. Ол кәсібін төменнен бастаған. Бұған қарамастан бірнеше жылдың ішінде 27 елге тараған компания құрып үлгереді. Оның табысы жылдам қарқынмен көбейген. Бірақ оның басым бөлігі «The Atlantic Philanthropies» қайырымдылық қорына жіберілген.

1964 жылы жапондық туристер әлемді белсенді түрде аралай бастайды. Фини осы сала төңірегінде жылдам кәсіп құрудың сырын түсінеді. Ол өзінің дүкендеріне азиаттық келбетті қыздарды дүкеніне жалдайды. Ал сөрелерді түрлі сыйлықтар, кәдесыйлар, ішімдіктер, табак өнімдері және өзге де туристерге арналған тауарларға толтырады.

Артына із қалдырған Филантроп

Чактың басқаруымен бірнеше қайырымдылық шаралары ұйымдастырылған. Ол өз қаржысынан 5 миллион доллар бөліп, Сейпан аралында әуежай тұрғызған. Оның басты жетістігінің бірі – Ирландиядағы үздік оқу орынының бірі Лимерик университетінің құрылысы. «Ақшаңды беріп, одан пайдалы нәрсе жасалынғанда, көбірек рахат алатынымды түсіндім. Бұл банкке ақшаны салып көбейткеннен әлде қайда жақсырақ» дейді Фини. Билл Гейтс Чакты «үлгі тұтарлық идеалды тұлға» деп атаған.

Өз жетістігінің алғашқы 15 жылында Чак Фини қайырымдылық шараларын жасыруға тырысқан. Барлық бөлінген қаржы анонимді түрде жіберілген. Ол атақ пен даңқтан қашқақтаған.

2012 жылға дейін Чактың 5 қана сұхбаты белгілі болған. «Forbes» журналы Финидің қайырымдылығын жария еткен соң ғана әлем жетістікке жеткен кәсіпкер және ұлы филантроп жайлы біле бастады. Осы уақытта ол Американың бай азаматтарының арасында 31-орында тұрған еді.

2020 жылы филантроп барлық қржысын қайырымдылыққа жіберуге бел байлаған. Компаниясының 1/3 бөлік акциясын өзінің  «The Atlantic Philanthropies» қайырымдылық қорының басшылығына берген.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!