Миллионер

Жетістікке жетудің 5 құпиясы

Жетістікке жетудің 5 құпиясымен сіз де таныс болыңыз!

Жетістікке жетудің негізгі 5 құпиясы бар.  Олар қандай дейсіз ғой? Ендеше мұқият назар аударыңыз! 

Біздің жетістікке жетуге мүмкіндігіміз мол. Іс-әрекетке келгенде, жетістікке жеткен адамнан қарапайым адамның қандай айырмашылығы бар? Мақсаттың айқын болмауы,  асыра сілтеу, мақтаншақтық. Бойыңыздан осы қасиеттерді жойсаңыз, сіз де табысты адамдар қатарынан табыласыз.

1. Байланыс

Жетістікке жетудің ең басты құпиясы – өзіңнің жеке өміріңді ортаға салмау. Кәсіби тұрғыдан сіздің қызметіңіз бен жеке өміріңіздің арасында тепе-теңдік орын алуы тиіс. Ұжымдас-әріптестеріңізбен араларыңыздағы қарым-қатынас белгілі бір шекарадан аспауы керек. Жеке өміріңіз бен ішкі әлеміңізге бөгде адамдардың енуіне жол бермеңіз. Өйткені сіздің артықшылықтарыңыз бен кемшіліктеріңізді, осал да әлсіз тұстарыңызды білген жандар болса, дәл сол қасиетіңізді өзіңізге қарсы қару қылуы бек мүмкін.

2. Жаңа жоба

Жетістікке жеткен адам жаңа жобасын жария қылмауды жөн көреді. Мейлі ол отбасындағы немесе жұмысындағы бастама болсын. Осыны есте сақтаңыз! Егер жобаңыз іске аспай қалса, сіз жұрт алдында өтірікші немесе ақымақ адам болып қаласыз. Өзіңіздің тың идеяңызды өзгелерге жария еткен кезде, олар оны өз бас пайдасына қолдануы мүмкін.

3. Кедергілер

Жетістікке жетудің тағы бір құпиясы – кедергілерден мойымау.  Өз ісіңізді, ойыңызды, жобаңыз бен кедергілеріңізді ешкімге айтпаңыз. Себебі, бұл бәсекелесіңіздің қолына өзіңізді өлтіруге найза беріп қойғанмен тең. Бізге кедергілер қорқынышты әрі қиын болып көрінеді. Негізінде мүлдем олай емес. Ақылмен, оймен бұл сатыдан да жеңіл өтуге болады.

4. Жаңа идея

Жетістікке жеткен адамдар жаңа идеяны өздері ойлап табады. Тіпті, идея өз бастамасын алып, сіздің есепшотыңызды миллиондармен толтырса да, оның нақты жобаға айналуы үшін уақыт керек. Сізді аяқтан шалуға дайын тұрар бәсекелестеріңіздің бар екенін естен шығармаңыз. Сол үшін жаңа идеяңыз өз бастауын алғанға  дейін ешкімге жақ ашпағаныңыз дұрыс.

5. Сөйлесу

Іскерлік кездесу немесе жеке кездесу барысында табысты адамдар өздерін қарапайым әрі тәң дәрежеде ұстайды. Сонымен қатар өзінің жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы айту – дөрекі көрінеді. Жетістікке жетудің ең басты құпиясы –  кездескен адамдарды сыйлау. Мейлі ол дүкен сатушысы немесе мекеме басшысы болсын ең бастысы сыйластық орнатыңыз.

Дайындаған: Дидар Орынғали

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!