Біліп жүр

 Ник Вуйчич және оның сөреде аяқ-киімді сақтау себебі

Ник Вуйчич – аяқ-қолсыз дүниеге келген австриялық

Ник Вуйчич – австралиялық мотивациялық оратор, меценат, жазушы және әнші. Ол тетраамелия синдромымен туылған.  Бұл сирек кездесетін әрі тұқым қуалайтын ауру. Ник Вуйчич «Шекарасыз өмір» кітабымен танымал. 

Өмірбаяны

Николас Джеймс Вуйчич серб эмигранттары Борис пен Душка Вуйчичтің отбасында дүниеге келген. Ол Австралиядағы Виктория штатының Мельбурн қаласының туғаны. Әкесі протестанттық шіркеу қызметкері, анасы медбике болып жұмыс істейді. Туғаннан бастап сирек кездесетін генетикалық патологиясы бар тетраамелия ауруымен ауырды. Баланың аяқ-қолы болмады. Бірақ жартылай табанында екі башпайы бар екен. Башпайларды хирургиялық жолмен бөлгеннен кейін балаға жүруді, жүзуді үйренді. Скейтбордға мініп, компьютерде жұмыс істеуді, жазуды үмеңгеруге мүмкіндік алды.

Ник мүгедектерге арналған мектепке бара бастады. Бірақ 90-шы жылдардың басында Австралияда мүгедектер туралы заң өзгерді. Нәтижесінде Никтің ата-анасы ұлының қарапайым мектепке баруын талап етті.

10 жаста Ник мектептегі қысымдарға шыдамай суға батып, өз-өзін өлтіруге бел буады. Ол анасына шомылғысы келетінін айтып, оны ваннаға апаруды өтінді. Ол осы кез туралы былай еске алады: «Мен суға батуға тырыстым. Бірақ қолымнан келмеді. Көз алдыма өзімнің жерлеу рәсімімді елестеттім. Ата-анамның қиналатынын түсіндім. Мен оларды жылатқым келмеді».

21 жасында Ник Вуйчич Брисбендегі Гриффит университетін бухгалтерлік есеп және қаржылық жоспарлау бойынша бітірді.

2012 жылғы 12 ақпанда Ник Канае Мияхараға үйленді. Қазіргі таңда Ник пен Канаэнің екі ұлы және екі егіз қызы бар. Балалар ешқандай сыртқатсыз аман-есен дүниеге келді.

Ник Вуйчичтің миссиясы

1999 жылдан бастап ол шіркеу, түрме, мектеп және балалар үйлерінде жұмыс істей бастады.  Бүкіл әлемдегі мүгедектерге көмек көрсетіп, «Шекарасыз өмір» қайырымдылық ұйымын ашты.

2005 жылы Ник Вуйчич «Жылдың үздік жас азаматы» сыйлығына ұсынылды.

2009 жылы ол аяқ-қолы жоқ адам Уилл және оның тағдыры туралы баяндайтын «Көбелек циркі» фильміне түсті.

2011 жылы «Something More» әнін жазды және оған бейнеклип түсірілді. Клиптің дәл ортасында Никпен сұхбаттың үзіндісі көрсетілген, онда ол 10 жасында өзін-өзі өлтіруге әрекеттенгенін айтады.

Ол мектептерде, университеттерде және басқа ұйымдарда сөз сөйлей отырып, әлемнің көптеген еліне саяхат жасады. Телешоуларға қатысады, кітап жазады. Оның алғашқы кітабы — «Шекарасыз өмір». Екінші кітабы «Керемет бақытты өмірге жол» 2010 жылы жарық көрді, 2012 жылы орыс тіліне аударылды.

2015 жылғы 11 сәуірде ол Ресей теледидарының бірінші арнасындағы «Андрей Малаховпен өткен бүгінгі кеш» ток-шоуына қатысты. Ал бір жылдан кейін осы журналистің «Айта берсін» бағдарламасына келді.

2017 жылғы 18 қазанда Сочидегі бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалінде «Өмірге деген мотивация» тақырыбында дәріс оқиды.

2017 жылғы 27 қарашада «Synergy Global Forum 2017» форумына қатысты.

 «Армансыз адам жоқ»

Арманның күші мен ғажайыптың мүмкіндігіне сеніп, Вуйчич өз сөресінде аяқ-киім сақтап қойған. Оның ойынша, бір күні болмасын ол осы аяқ киімді киіп, көшеге шығады.

2015 жылы 28 және 29 наурызда Ник Вуйчич Ресейде алғаш рет «Шекарасыз өмір» мотивациялық дәрісімен шықты. Ресей Вуйчичтің спикер ретінде барған 55-ші елі болды. Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында сөйлеген сөзінде ол былай дейді: «Барлығы арманнан басталады! Иә, барлық арман орындалмауы мүмкін. Бірақ мен өз мақсаттарына жеткен адамдарды көрдім… Сондықтан армандаңыз. Үлкен нәрсені армандаңыз».

Еңбектері

«Шекарасыз өмір: Керемет бақытты өмірге жол» кітабы (Life Without Limits: Inspiration for a Ridiculously Good Life), Random House, 2010 жыл;

«Тоқтаусыз. Іс-әрекеттегі сенімнің керемет күші» кітабы (Unstoppable: The Incredible Power of Faith in Action), 2013 жыл:

«Мықты бол. Сіз зорлық-зомбылықты жеңе аласыз» кітабы (Stand Strong: You Can Overcome Bullying), 2014 жыл;

«Шексіз махаббат. Керемет сүйіспеншілікке бастайтын жол» кітабы (Love Without Limits: A Remarkable Story of True Love Conquering All), 2014 жыл;

«Шексіздік. Сізді бақытты қылатын 50 сабақ» (Limitless: Devotions for a Ridiculously Good Life) кітабы, 2016 жыл.

«Шекарасыз өмір» кітабы

«Егер сіз дәл қазір ренжіп, күйзеліске түссеңіз, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Депрессия — бұл сіз өмірден дәл қазіргіден гөрі көбірек нәрсені қалайтындықтың белгісі. Бұл да жақсы. Өмірдің қиындықтары бізге шын мәнінде қандай болу керектігін айтады».

«Өмір мағынасыз үміт сыйламайды. Үмітсіз өмір сенім бермейді. Егер өміріңізді мағыналы етіп толтырудың жолын тапсаңыз, үміт те, сенім де табасыз. Үміт те, сенім де сізді болашаққа жетелейді».

«Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз тек көргендеріңізбен ғана емес, сонымен бірге сіз елестете алатын нәрседен де тұрады. Мұны сенім деп атайды».

«Адамға тек жеңуге күші жететін сынақтар беріледі. Кез келген қиындықтың артында сіз ойлағаннан да көп рақым бар. Оның көмегімен сіз әлемдегі барлық нәрсені жеңе аласыз».

«Ақиқат мынада: әрқайсымыздың өз дарынымыз бар — талант, шеберлік, қабілет — бізге рақат сыйлайды және шабыттандырады. Бақытты болудың жолы осы сыйды пайдалануда жатыр».

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!