Біліп жүр

Ресейге саяхат: Мемлекеттегі ұлттық парктер

Ресейдегі ұлттық парктер

Ресейге саяхат жасау Қазақстан азаматтары үшін үлкен қиындық туғызбайды. Мұнда еліміздің туристері 90 күнге дейін визасыз демала алады. Ресей Федерациясы өзінің керемет табиғатымен, көлдері және өзендерімен белгілі. Balbal.kz Ресейдің ұлттық парктері жайлы материал дайындады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан азаматтары қай елдерге визасыз бара алады

Ладога шхерлері

Шхер – су ортасындағы жартастар және шағын аралдар. Ладога шхерлері Карелия Республикасында орналасқан. Паркке мамыр айынан қыркүйек айының ортасына дейні баруға болады. Ұлттық паркте 650 арал мен жартас бар. Олар Кильпола аралынан бастап Питкяранты жеріне дейін 170 шақырымға созылып жатыр.

Парктің үлкен әрі қызықты аралдары: Кильпола, Кухка, Соролансаари, Лауватсаари, Путсаари, Риенккалансари. Ладога шхерлерінде қайықты жалға алу 1 000 рубль, көлдің жағасында қонақ үй номері екі адамға 6 000 рубль, монша 1 500 рубль, ескекті қайықты бір күнге жалға алу  3 000 рульді құрайды. Мұнда балық аулап, қайықпен серуен құра аласыз.

Сочи ұлттық паркі

Парктің аумағы Сочидегі қалалық дендрарииден басталады. Мұнда Азия, Америка және Аустралияның субтропиктік ормандарын көруге болады. Сочи ұлттық паркінің 94% орманды алқаптан тұрады. Сонымен қатар 48 туристік бағыт бар.

Ұлттық паркті бірден аралап шығу мүмкін емес. Сочи немесе Адлерде тұрақтап, күндіз парк аумағында серуендеуге болады. Кіру құны – 250 рубль, ал дендрарии паркінің билеті – 320 рубль.

«Черные земли» қорығы

Ресейге саяхат барысында «Черные земли» қорығын да аралай аласыз. Қалмақстан Республикасы – туристер арасында аса танымал емес. 2019 жылы мұнда 80 000 турист келген. Қалмақия Ресей аумағындағы шөлді әрі әсем дала ландшафты бар жалғыз орын. Мұнда Қызыл кітапқа енген 430 жануар мен құстар мекен етеді. Сонымен қатар ақбөкендерді де кездестіруге болады.

Қорық аумағы бірнеше бағыттарға бөлінген. Біріншісі 11 шақырымды құрайтын «Птицы озера Маныч-гудило» деп аталады. Бұл жерде құстарды зерттеп, бірқазандарды бақылауға болады. Саяхат үшін тиімді мезгіл – сәуір және қыркүйек айлары.

Екінші бағыт – «Тропою сайгака». Бұл бағыт арқылы ақбөкендерді көре аласыз. Сонымен қатар дала аңдарын бақылап, құмды тауларға шығуға болады.

Гидтің көмегімен экскурсия жасау – 500 рубль, экобағыт арқылы атпен серуендеу – 1 000 рубль, шатырда түнеу – адам басына 200 рубль.

Валдай ұлттық паркі

Валдай паркі Мәскеу мен Петербург қалаларының ортасында орналасқан. Мұнда 200 көл бар. Ал жағалауларында түрлі демалыс орындары орналасқан. Негізгі туристік бағыт Валдайдан басталып, Дунаевщина ауылында аяқталады. Жалпы ұзақтығы 59 шақырым. Парк аумағында түнеуге арналған орындар жайлы стендтер орнатылған. Парк аумағына кіру – 200 рубль, қонақ үйдегі орта баға – тәулігіне 2 850 рубдь, шатыр орнатуға төленетін ақы – 100 рубль.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!