Біліп жүр

Чат-бот және интернет дүкен

Чат-бот туралы біліп алыңыз!

Чат-бот – интернет кәсіптегі маңызды трендтің бірі. Ол 24 сағат үзіліссіз жұмыс істей алады. Чат-бот хабарламаға жауап беруші операторды алмастырады. 

Әр клиентке көңіл бөледі

Дүкенге алғаш кірген тұтынушы керекті тауарды таппауы мүмкін. Осындай кезде көмекке бот-кеңесші келеді. Таңдау жасауға, тауарды табуға көмектеседі.

Әр клиенттің риза болуын қадағалайды

Чат-бот көмегімен әр клиенттің сұрағына жауап алуын бақылайсыз. Ал клиент мұның бәрі сол үшін жасалынғанын түсінеді. Сонымен бірге чат-бот клиентпен кері байланыс орнатады. Қателерді түзеп, пайда болған сұрақтардың жауабын табады. Ал виртуалды көмекшісіз сіз орын алып жатқан қателер жайлы біле алмас едіңіз. Барлық сатып алушылар сатушымен кері байланыс орнатпайды.

Сұранысқа сай жарнама жасайды

Клиент жайлы ақпаратты пайдалана отырып, персоналды жарнама жасап шығасыз. Сол адамның сұранысына сай керекті тауарға ұсыныс, жеңілдік жасай аласыз.

Клиентке тәулік бойына қызмет көрсету

Чат-бот тапсырысты рәсімдеуге көмектесе алады.  Егер бот жауап бере алмайтын сұрақтар болса, компания қызметкерлері жауап береді. Барлығын дұрыс жасасаңыз, чат-боттың тиімді құрал екенін көресіз.

Чат-боттың плюстары

  • Жылдамдық;
  • Қолданыстағы қарапайымдылық;
  • Үйрету оңай: кейде ботпен сөйлесу кезінде өзіңіз де кіммен сұхбаттасып отырғаныңызды білмей қаласыз.
  • Ақпаратты көп мөлшерде сақтай алады;
  • Жыл сайын дамып жатыр

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!