Лендинг пейдж дегеніміз бірнеше беттен тұратын сайт парақшасы. Оған тап болған клиент 0,50 секунд ішінде парақшаңызды яғни сізді не ұнатады, не ұнатпайды. Демек көптің арасынан ерекшелену үшін, мол табысқа жету үшін лендинг пейджді жақсарту міндетті.
Лендингте бір-ақ мақсатты көздеңіз
«Үздік лендинг қарапайым және тек бір мақсатқа қана назар салады» дейді нью-йорктік «Provoke» дизайн-студиясының басшысы Шар Биггерс. Мәтін және сайт дизайнына қол жүгіртпес бұрын лендингтің мақсатын айқындап аламыз. Сіз не аудитория жинағыңыз келеді, не тауарыңызды сатуды көздейсіз.
Лендингтің мақсаты белгілі болған кезде техникалық жұмысқа кірісеміз. Лендинг пейдж жасауға көмектесетін арнайы шаблондар бар. Олардың ақылы және тегін нұсқалары ұсынылады. Дайын блоктар яғни бөлім/айдарлар арқылы өз лендингіңізді жасай аласыз. Қолыңыздан келмесе, програмист іздейсіз.
Клиент жайлы білетініңіздің барлығын жазыңыз
Лендинг парақша жасау барысында бірінші мақсатқа назар аударамыз дедік. Екінші – аудиторияны түсіну.
Өзіңізді тұтынушының орнына қойып көріңіз. Бұл лендингтен сіз нені оқығыңыз келеді? Қай сұрақтарды қояр едіңіз? Аудитория жайлы көп білген сайын дизайнер/програмист те клиент көңілінен шығатын парақшаны дайындайды.
Шар Биггерс «Everwise» менторлардың танысуына арналған лендингін жасау арқылы жаңа дизайн-шешімді ойлап тапты. Дизайн әлеуметтік дәлелге бағытталған. Кімдерге арналғанын ашық айтады. Сонымен бірге лендингке кірген сол аудиторияның 96%-ы пайдалы нетворкинг орнататынына сендірген. Бұл тұтынушыларды тіркелуге, көбірек ақпарат алуға қызықтырған.
Дизайн арқылы ерекшелену
Жоғарыда айтылған санаулы секундтар клиенттің назарын аударту үшін керек. Бұл уақытта сіз жазған мәтін оқылмайды. Тек дизайн ғана көз қадалады.
Сайтқа алғаш кірген клиент оның дизайнына, визуалды ерекшелігіне баға береді. Лендингтің құрамдас бөліктері (виджеттер, мәзір, басқару панелі) тұтынушыға ыңғайсыздық тудырмауы тиіс.
Қарапайым тілмен жазу
Көптеген сайттар тұтынушысына тек ақпарат береді. Бірақ лендинг бір адамның екінші адамға арнап жазылған хаты секілді.
Сіздің тауарыңыз жоғары технологиялық зат делік. Мұндай тауарды арнайы маманға сатқаныңызбен, олар сіздің алдыңызға клиент ретінде келеді. Сондықтан күрделі терминдер, қажетсіз сөздермен лендингті толтырудың қажеті жоқ.
Проблеманың шешімін ұсыну
Лендинг пейджтегі мәтін клиентті қызықтыруы шарт. Бұл үшін проблеманың шешімін көрсетіңіз. Сіз тұтынушы назарына ұсынып отырған тауар қандай мәселеге шешім бола алады? Осыны қысқа мәтінге енгізіңіз.
Клиентпен байланысты жақсарту үшін оған мәселеден арылудың жылдам жолы лендингте көрсетілген әрекет екендігін ұғындырыңыз. Мысалы, «Мейрамханадағы қозғалатын үстелдерге арналған қарапайым және тиімді шешім бар: «Table Shox» – әлемдегі ең кішкентай амортизатор».
Дайындаған: Назархан Уән