Салауат

Қан анализі арқылы денсаулықты анықтау жолдары

Қан анализін не үшін тапсырамыз?

Қан анализін медициналық тексерістен өткен кезде тапсырады. Талдау нәтижелерінде біз түсінбейтін шимай-шатпақтар көп. Олардың не білдіретінін, қалыпты жағдай қандай болу керегін біле бермейміз. Balbal.kz мотивациялық сайты анализ нәтижелеріне қарап денсаулықты анықтау жолдарын ұсынады.

Қан тапсыру

Қан вена тамырынан, саусақтан алынады. Сараптаманы аш қарынға тапсыру керек. Себебі тағам қандағы қант құрамын көбейтеді де нәтижесі дұрыс шықпайды. Тіпті су ішсеңіз де қан құрамында өзгеріс байқалады.

Онымен қоса әйелдердің ерекше жағдайын да ескеру керек. Етеккір кезінде СОЭ мөлшері ұлғайып, тромбоциттер азаяды.

Қан анализі көрсеткіштері

Гемоглобин (Hb)

Бұл – эритроциттердегі қан пигменті. Гемоглобиннің қызметі – өкпедегі ауаны бүкіл денеге тасымалдап, СО2-ні бөліп шығару.

Ерлер үшін қалыпты көрсеткіш – 130-160 г / л, әйелдер үшін – 120-140 г / л.

Гемоглобин аз болса, анемияны яғни қаназдықты білдіреді. Ондай адамның әлсіздігі байқалады. Ал гемоглобиннің шамадан асып кетуі жүрек ауруын білдіреді.

Гемоглобинді көтеру үшін сиыр еті, бауырды жеу керек. Адам үлкен жарақат алып, көп қан кетсе, гемоглобин төмендейді.

Эритроциттер

Эритроцит – қандағы қызыл денелер. Ағза үшін маңызды.

Ерлер үшін қалыпты мәні – (4.0-5.1) *10.

Әйелдер үшін – (3.7–4.7) *10.

Эритроциттің жетіспеушілігі анемия, қан кету және созылмалы қабынуды көрсетеді. Ал шамадан көп болуы өкпе, бауыр, бүйрек, жүрек ауруларын білдіреді.

Ал сау адам тауға көтерілгенде, әйел адам жүкті болған кезде эритроцит көбейеді.

Лейкоциттер

Лейкоцит – қандағы ақ денелер. Олар ми және лимфа түйіндеріне сіңіп, денені сыртқы әсерден қорғайды. Қалыпты мөлшері – (4.0–9.0) x 10.

Лейкоцитоз яғни асып кетуі бактериалды инфекциялық аурулар мен қабыну процестерін білдіреді. Лейкоцитоз лейкемия (ақ қан ауруы), аллергиялық реакцияларға әкеледі. Бірақ кей кезде ол тек ауруды білдірмейді. Лейкоцит шаршағанда, күйзеліске түскенде, жүктілік кезінде және гормоналды дәрілер ішкенде көбеюі мүмкін.

Ал лейкопения яғни жетіспеушілік вирустық ауруларды білдіреді. Мысалы тұмау. Кейде анальгетикалық, құрысуға қарсы дәрілерді қабылдағаннан да азайып кетеді.

Тромбоциттер

Бұл – қан ұюын қамтамасыз ететін жасуша. Қалыпты мөлшері – (180–320) * 10.

Егер тромбоцит көп болса, ол туберкулез, ойық жаралы колит және бауыр циррозын білдіруі мүмкін. Кейде ота жасатқаннан кейін, гормоналды дәрі ішкеннен де болады.

Ал тромбоцит алкогольді ішкеннен, ауыр металдармен уланғаннан, антибиотик, диуретиктер, дигоксин, нитроглицерин, гормоналды дәрілерді ішкеннен азайып кетеді.

Тромбоциттің жеткіліксіз болуы көкбауыр, қан ауруларына, гормоналды бұзылуларға әкеледі.

СОЭ

Эритроциттердің тұндыру жылдамдығы. Бұл  аурудың деңгейін көрсетеді.

Ерлер үшін қалыпты жағдайы – сағатына 2-10 мм, ал әйелдер үшін 2-15 мм.

СОЭ адам ауырған кезде, жүктілік кезеңінде және босанғаннан кейін, ота жасатқан соң, жарақат алғанда күрт өседі. СОЭ өссе, денсаулық әлсіреді деген сөз.

Ал қан айналым жүйесінің бұзылуы және анафилактикалық шок кезінде азайып кетеді.

Глюкоза

Глюкоза дені сау адамдарда 3,5-6,5 ммоль\ литр болу керек. Ол қалыпты болу үшін дұрыс тамақтану керек.

Нормадан асып кетсе қан диабетіне ұшырайды. Ал төмен болса, гормональды ауруларды тудырады.

Ақуыз

Қалыпты мөлшері – 60-80 грамм/литр. Ақуыз жұмысы да тамақтануға байланысты. Адам ұзақ ашықса, диета ұстаса, ақуыз азаяды. Ол бауыр және бүйрек ауруына әкеледі.

Билирубин

Билирубин мөлшері 20,5 моль\литрден аспау керек. Ол бауыр жұмысын реттейді. Гепатит, өт тас ауруы кезінде ұлғайып кетеді.

Креатинин

Креатинин бүйрек қызметіне жауап береді. Оның қалыпты деңгейі – 0,18моль\литр.

Креатинин жақсы болу үшін витамин ішіп, иммунитетті көтеру керек.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!