Копирайтинг

Жазған мәтініңізді тексерудің 10 әдісі

Жазған мәтініңізді редакторлап үйреніңіз

Жазған мәтініңізде қате болмау үшін оны қайта-қайта тексеру керек. Оның өзіндік әдістері бар. Balbal.kz мотивациялық сайты мәтінді мінсіз жазудың 10 әдісін материал етіп дайындады.

№ 1 әдіс. Кідіріс жасаңыз

Мәтін жазғаннан кейін бірден мұқият оқып шығыңыз. Қателерді түзетіңіз. Бәрін түзеттім деп ойлайсыз ба? Біраз үзіліс жасаңыз. Бірнеше сағаттан кейін немесе келесі күні материалға қайта оралыңыз. Жаңа көзқараспен тексерсеңіз, мәтінді жақсырақ өңдейсіз.

№ 2 әдіс. Алаңдамаңыз

Мәтінмен жұмыс істегенде ештеңеге алаңдамаңыз. Телефон дыбысын өшіріп қойған дұрыс. Себебі қателіктің көбі зейін қоймағаннан болып жатады. Ал тек мәтінге назар аударсаңыз, қатені бірден байқайсыз.

№ 3 әдіс. Рет-ретімен жасаңыз

Мәтінді тексеруге кіріскен кезде бәрін бірден тексеруге кіріспеңіз. Бірінші грамматикалық қателер, одан кейін тыныс белгілерін қойып шығыңыз. Содан кейін стильдік жағынан сөйлемнің құрылымын дұрыстаңыз. Реттілігін өзіңіз шешіңіз. Бастысы бәрін бірден тексеруге тырыспаңыз.

№ 4 әдіс. Қайталаудан аулақ болыңыз

Мықты мәтінде бірдей сөз немесе түбірлес сөздер жиі кездеспейді. Қайталамас үшін синонимдер сөздігін қолданыңыз.

№ 5 әдіс. Абзацқа бөліңіз

Кез келген мәтіннің басы, аяғы болады. Соны абзацтарға бөліңіз. Бастысы – сөйлемнің саны емес, ойдың қай жерде өзгеретіндігі. Ой ұзақ абзац болып тұрса да, оны бөліп тастау қисынсыз.

№ 6 әдіс. Сөйлемдердің ұзақтығына мән беріңіз

Әр сөйлемді дауыстап оқып шығыңыз. Бәрі оңай, бір деммен оқылу керек. Ұзақ сөйлемдерді оқу қиын. Оларды қысқартыңыз. Екіге бөліңіз.

№ 7 әдіс. Байланысын қараңыз

Сөйлемдер бір-бірімен байланысты болуы керек. Екінші сөйлем бірінші сөйлемнің мағынасын ашып дамытып тұрады.

№ 8 әдіс. Артық сөзден құтылыңыз

Әр сөйлемді жеке қарастырып, қай сөздің артық екенін анықтаңыз. Сол сөзсіз сөйлемнің мағынасы өзгере ме, оқып көріңіз. Мағынасы өзгермесе, алып тастаңыз.

№ 9 әдіс. Мәтінді қағаз басып шығару

Басып шығарылған мәтінді оқыған басқаша әсер береді. Мәтін мен қалам алыңыз. Электронды нұсқасын компьютерге қосып қойыңыз. Қаламмен өзгерткен жерін компьютермен бірден түзейсіз.

№ 10 әдіс. Рефрейминг әдісі

Рефрейминг – ақпаратты басқаша көзқараспен саралау. Мысалы «Мен көп тамақ жеймін» деген тіркесті рефреймингпен басқаша түсінуге болады. «Мен көп тамақ жеймін және бір сағат жаттығамын». Контекст өзгерді, мағынасы да өзгерді. Мәтінді тексеру кезінде осы әдісті қолданып көріңіз.

Мәтін сапалы болу үшін мына тармақтарға мән беріңіз:

таңбаланған тізімдер;

тақырыпшалар;

біркелкі стиль мен шрифт өлшемі;

абзацтар;

факт — барлық сандар мен фактілер дұрыс болу керек;

аяқталуы — мәтінді бір қарап шықпаңыз. Оқырман есте сақтайтын қорытынды жазыңыз. Соңғы сөйлем «жағымды дәм» қалдыруы керек.

Өзін-өзі тексеру процесі қиын және ұзақ болып көрінуі мүмкін. Біртіндеп мәтіндермен жұмыс істеу оңайырақ және тез болады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!