Біліп жүр

Энергияның маңыздылығы: Толыққанды өмірге қадам бас! 

Энергияның 4 түрі бар

Америкалық жазушы, журналист, «The Energy Project» компаниясының негізін қалаушы Тони Шварц және серіктесі «Human Performance Institute» тренингтік орталығының президенті Джим Лоэр өздерінің «Толыққанды өмір! Энергияны басқару жоғарғы тиімділік пен денсаулық, бақыт кілті» («The Power of Full Engagement: Managing Energy, Not Time, Is the Key to High Performance and Personal Renewal ») атты кітабында толыққанды өмір сүрудің құпияларымен бөлісіп өткен.

Авторлар өз еңбегінде адам бойында энергияның 4 түрі бар екендігін көрсетіп энергияның жасампаздықты өлшейтін негізгі валюта екенін ерекше атап өткен. Олай болса энергияның түрлеріне тоқталып өтейік.

Физикалық энергия

Физикалық энергия – бұл фундаменталды негіз. Ол біздің өмір сүруімізге күш беріп, қабілетімізге, эмоциямызға тікелей әсер етеді. Оның деңгейлері:

  • Тыныс алу. Бұл энергияны жинақтау мен тынығуға арналған қуатты құрал. Үшке дейін санап дем алу және алтыға дейін санап демді шығару қозу күшін төмендетіп, дене және миды тынықтандырады.
  • Тамақтану. Дұрыс тамақтану артық салмақтан арылтып, жүзіңізге әр беріп қана қоймай,  жақсы энергияның көзі де болып табылады. Тамақтануда ең маңыздысы – таңғы ас. Ол қан құрамындағы глюкозаны көтеріп, метобализм процесін іске қосады. Күніне 1,5-2  литр су ішу де маңызды. Себебі су ағзаны баланста ұстауға әсер ететін таптырмас құрал.
  • Ұйқы және биоритм. Адам ағзасы оптималды жұмыс істеуі үшін күніне 7-8 сағат ұйықтау маңызды. Тым көп немесе тым аз ұйықтау мерзімінен бұрынғы өлім қаупін көтереді және күні бойғы шаршаңқылық сезімінің тууына себеп болады.

Эмоционалды энергия

Жоғарғы деңгейде жұмыс істеу үшін біз жағымды эмоцияларды сезінуіміз қажет. Эмоционалды сыйымдылықтың нағыз белгісі – бұл кең ауқымдағы эмоциялар гаммасын сезіне білу. Оның негізгі «бұлшық еттері» – өз-өзіне сенімділік, қарым-қатынас жасау дағдылары мен эмпатия, шыдамдылық, сенім, ләззат алу және ашықтық. Адамға қуаныш сыйлайтын кез келген іс эмоционалды энергияның қайнар көзі болып табылады.

«Эмоционалды интеллект» – адамның өзінің эмоциясын басқара алу қабілеті. Ал эмоцияны басқара алмау адамның өміріне үлкен залал келтіруі мүмкін.

Теледидар – интеллектуалды фастфуд. Телебағдарламаны шамадан тыс көру ашушаңдық пен депрессияға алып келуі мүмкін.

Ақыл-ой энергиясы

Адамның жасампаздығын бұзатын ең сорақы құбылыс – бұл алдыңда тұрған мәселеге немесе жұмысқа толықтай зейініңді бұра алмау. Ақыл-ой энергиясының негізгі көздері: мәселені жан-жақты ойластыру, визуализация, уақытты басқару және шығармашылық. Ми біз оны қолданған кезде ғана жақсы жұмыс істейді. Миымызға салмақ түсіру арқылы біз оны жасқа сай болатын әлсіреуден қорғай аламыз. Айта кету қажет, ақыл-ой энергиясын қажетті деңгейді қалпына келтірмеу – мәселені шешуде көп қате жіберу, шығармашылық қабілеттің төмендеуіне, саналы түрде тәуекелге бара алмау сияқты кері әсер беруі мүмкін. Өзіңіз ойлап қараңызшы, бізге ең мықты идеялар қай кезде келді? Мүмкін ұйқыдан тұрып жатқанда немесе суға шомылып жатқанда болар? Мүмкін серуендеп жүргенде болар? Бірақ жұмыста емес екендігі анық!

Мидың жұмысын жақсартуда белсенді өмір салты да өзінің жағымды әсерін береді. Физикалық жаттығуларды жиі жасау  нейротропты фактордағы химиялық заттардың бөлінуін ынталандырырады, ал ол ми клеткаларын қайта қалпына келтіріп, оның бұзылуының алдын алады.

Рухани энергия

Рухани энергия біздің өміріміздегі барлық аспектілердің  қозғалысына әсер ететін күш болып табылады. Ол біздің басқалар алдындағы міндеттеріміз бен өзіміздің қызығушылығымыздың арасындағы тепе-теңдікті ұстау болып табылады. Өзіміздің ішкі құндылықтарымыз туралы жиі ой қозғау қиын болуы мүмкін. Солай бола тұра ол энергия көзі және құлшынысымызды оятатын қозғаушы фактор екенін ұмытпаған жөн.

Адам бойында жоғарыда атап өткен энергия түрлерінің арасында тепе-теңдік болса, ол толыққанды өмір сүріп жатыр деген сөз. «Біз өзіміз ойлағаннан да мықтырақпыз» дейді Лене Армстронг. «Жайлы зонадан» шығып, өмірімізге көз жүгіртіп, өзімізді өзгертетін, толыққанды өмірге жол бастайтын кез келді.

Дайындаған: Айгүл Нұрқожаева

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!