Миллионер

Шығынсыздық нүктесі: Банкрот болмайтыныңды алдын-ала болжау

Шығынсыздық нүктесі дегеніміз

Шығынсыздық нүктесі – кірістің шығынды жаба алатын өндіріс мөлшері. Бұдан кейінгі әрбір өндірілетін тауар өнеркәсіпке пайда алып келеді. Осы жағдайда өндірістің барлық шығыны өтеледі. Шығынсыз нүктені есептеу қандай пайда алып келеді, оның мақсаты не?

Шығынсыздық нүктесі ұғымы

Шығынсыздық нүктесі – компания табысы нөлге тең сатылым көлемі. Табыс – кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылық. Шығынсыздық нүктесін табиғи және ақшалай мөлшерде есептейді.

Әрбір өнеркәсіп немесе компания жұмыс барысында таза пайдаға кенелетін уақыт болады. Осы уақыт шығынсыздық нүктесі деп аталады.

Бұл көрсеткіш компанияға табыс мөлшері 0-ге теңелу үшін қанша тауар өндіру керектігін, қанша жұмыс атқарылуы қажет екенін анықтап бере алады.

Осылайша шығынсыздық нүктесінде кіріс шығынды толықтырады. Егер жұмыс бұл нүктеден асатын болса, компания пайдаға кенеледі. Әлі жетпесе, өнеркәсіп біраз шығынға батуы мүмкін.

Шығынсыздық нүктесі қандай мақсатта есептелінеді?

Шығынсыздық нүктесін есептеу мынадай мүмкіндіктер береді:

  • Қызмет/тауардың оптималды бағасын белгілеу;
  • Жаңа жоба қанша уақытта өзін ақтай алатынын білу. Демек түскен пайда жобаға салынған сома көлемінен асатын уақытты анықтай аласыз;
  • Шығынсыздық нүктесінің өзгерісін бақылау жұмыс барысындағы проблеманы анықтауға көмектеседі;
  • Өнеркәсіптің қаржылық жағдайына сараптама жасау;
  • Баға өзгерісі тауар өндірісіне, атқарылып жатқан жұмысқа, көрсетілетін қызметке қалай әсер ететінін анықтау.

Шығынсыздық нүктесі қандай салаларда қолданылады?

Шығынсыздық нүктесін сараптау бірнеше салаларда қолданылады. Басқару мәселесіндегі сараптама өндіріс орынының қаржылық жағдайын есептеуге көмектеседі. Сонымен қатар минималды өндіріс деңгейін анықтайды.

Несие берушілер өнеркәсіптің сенімділігін, қарызды қайтара алу мүмкіндігін есептейді. Инвесторлар шығынсыздық нүктесін есептеу арқылы даму тиімділігін бағалайды. Ал мемлекет компанияның тұрақты дамуын бақылайды.

Шығынсыздық нүктесін анықтау деңгейлері

Практика жүзінде шығынсыз нүктені анықтаудың негізгі 3 кезеңі көрсетіледі.

  • Қажетті сараптама жүргізуге арналған құжаттарды жинау. Өндіріс деңгейін бағалау, шығын мен кірісті есептеу;
  • Тұрақты және уақытша шығындарды есептеу. Шығынсыздық нүктесін анықтау, қауіпсіз зонаны белгілеу;
  • Компанияның қаржылық беріктігі орнайтын сатылым немесе өндіріс деңгейін анықтау.

Компания алдындағы міндет қаржылық беріктіктің төменгі шегін белгілеу болып табылады. Қауіпсіз зонаны кеңейту үшін барлық жағдайды жасауы тиіс.

Өнеркәсіптің тұрақты шығындары деп әкімшілік-басқарма қызметкерлерінің жалақысы, офистің жалдау ақысы және өзге шығындарды айтамыз. Ал уақытша шығынға өндіріске қажетті материалдар, жартылай фабрикаттар, техникалық қажетті қуат, жанармай, жұмысшылардың жалақысы және өзге де шығындар жатады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!