Біліп жүр
Facebook-тағы таргетинг: өз аудиторияңызды қалай табуға болады?
«Facebook» арқылы жарнама жасау
Facebook-тағы таргетинг бөлімі кез келген тұтынушы үшін ыңғайлы. Facebook арқылы жарнама жасау өзге әлеуметтік желіге қарағанда тиімді болып табылады. Себебі бір ғана жарнама кабинеті арқылы Facebook және Instagram-дағы жарнаманы басқаруға болады. Сіз аудиторияны өз қалауыңызға қарай бағыттай аласыз. Ал жазбалар бірден екі желіде жарияланады.
Жаңа аудитория құру
«Facebook» таргетинг бөліміндегі «Аудитория» құралын қолдану арқылы компанияның жұмыс бағытына қарай аудитория жасауыңызға болады.
Орналасқан орны. Мұнда жарнаманы сіз таңдаған аймақтағы тұтынушылары ғана көре алады. Мемлекет, облыс, қала, аудан, белгілі почта индексі бар елді-мекендерді таңдауға болады. Көпшілік жарнама берушілер ғаламдық таргетингті қолданады. Сонымен қатар аймақ бойынша да таңдауға болады. Мысалы, «Еуропа», «Азия». Егер қажет болса, еркін сауда аймағын да таңдай аласыз. Мысалы, «НАФТА» (Солтүстік Америка еркін сауда аймағы).
Жас мөлшері. Таргетингтің бұл түрі жарнаманы белгілі жастағы қолданушыларға көрсетуге мүмкіндік береді.
Жынысы бойынша. Бұл арқылы жарнамаға ерлерді, әйелдерді қамтуға болады.
Тіл бойынша. Мұндай таргетинг арқылы белгілі тілде сөйлетін тұтынушыларды қамтисыз. Орыс тілін барлық ТМД елдерінің халқы қолданғандықтан қамту аумағы да кең болады. Интерфейсте бірнеше тілді таңдау мүмкіндігі де бар.
Аудитория таңдаған кезде жарнама уақытын көрсетуіңіз керек. Ең ұзақ мерзім – 180 күн.
Офлайн әрекет
Бұл функция арқылы сіздің физикалық дүкеніңізден сауда жасаған аудиторияны бақылай аласыз. Функцияның көмегімен онлайн-жарнаманың адамға қалай әсер ететінін, сонымен қатар жарнаманы көріп дүкенге келген тұтынушылар санын біле аласыз. Сонымен қатар релеванттық жарнама арқылы олармен байланыс орнатуға болады.
Ұқсас аудитория
Facebook сіздің жарнамаңыз ұнауы мүмкін аудиторияны өзі іздейді. Алгоритм сіздің жазылушылармен, сайт тұтынушыларымен және электронды базадағы клиенттермен жұмысыңыз негізінде құрылады.
«Қаралым» мәзірі
Сіздің аудиторияңызға ненің ұнайтынын білмесеңіз, «Қаралым» мәзірін қолданып көріңіз. Мұнда демографиялық қызығушылығына қарай аудиторияны таңдай аласыз:
— Білімі: деңгей, оқу орыны, мекеме, оқу бағыты;
— Өміріндегі оқиға: туған қаласынан жырақта тұратын тұтынушы және т.б.;
— Туған күн, мерейтой;
— Жұмысы.
Facebook-тың ұсынған бұл қызмет түрін компанияның жұмыс бағытына қарай қолдануыңызға болады. Мысалы, сіздің сататын тауарыңыз ақылдыларға, жоғарғы білімі бар азаматтарға арналған болса, «Білім»-«Білім деңгейі»-«Докторлық» секілді бөліктерді таңдай аласыз.
Егер түрлі кәдесыйлар және сыйлықтар сатумен шұғылдансаңыз, досының туған күні жақындаған тұтынушыға жарнаманы көрсете аласыз. Бұл үшін «Өміріндегі оқиғалар»-«Достар»-«Бір айдан кейін туған күні болатын адамдар» бөлімін таңдаңыз.
Жұмысты аудитория жасаудан бастаңыз. Оларға не қызық екенін, жарнама қаншалықты өтімді болатынын біліп алыңыз. Бірден 5 негізгі аудитория жасап шығыңыз. Facebook-тағы таргетинг бағасы қаралым санына қарай жүреді. Жарнаманы қаншалықты көп адам көрсе, бағасы соншалықты аз болады. Егер жарнамадағы қаралым саны аз болса, бағасы да қымбаттайды.
Дайындаған: Назархан Уән