Кітап
Адам Смит: «Кәсіпкердің қызығушылығы қоғамның қалауын қанағаттандыра ала ма?»
Экономика атасының қанатты сөздері
Адам Смит – заманауи экономикалық теориялардың негізін салушы. Оның еңбектері көптеген елдердің экономикалық саясатын анықтауға көмектесті. Егер оның шығармалары болмаса, Маркстың «Капиталы», Кейнстың «Проценттер мен ақша, еңбектің жалпы теориялары» да болмайтын еді. Назарыңызға «экономика атасының» қанатты сөздерін ұсынамыз.
Ұлттар байлығының табиғаты мен себептері туралы анықтама
Шотландиялық экономисттің ең танымал еңбегі – «Ұлттар байлығының табиғаты мен себептері туралы анықтама» (An Inquiry into the Nature and Causes of the Wealth of Nations). Бұл кітап АҚШ Тәуелсіздік Декларациясына қол қойылған жылы жазылған. «Ұлттар байлығының табиғаты мен себептері туралы анықтама» экономика саласында төңкеріс жасады.
Адам Смиттің аталмыш еңбегі әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпай отыр. Мұнда ол мемлекеттің экономикадағы орнын ұсынды. Кейінірек мұны «классикалық теория» деп атап кетті. Сонымен қатар Адам Смит осы еңбегі арқылы кәсіпкердің қызығушылығы қоғамның қалауын қаншалықты қанағаттандыра алатынын дәлелдеді.
Кітаптан іріктеліп алынған қанатты сөздер:
1) Ірі мемлекеттер жеке тұлғалардың ысырапшылдығы мен ессіз әрекеттерінің әсерінен еш уақытта кедейленбейді. Алайда олар мемлекеттің ысырапшылдығы мен ойланбай жасалынған әрекеттерінің кесіренен кедейленеді.
2) Шындыққа жанасатын қате пікірлер ең қауіпті болып табылады.
3) Әр адам қажетті құралдарды қаншалықты пайдалана білуіне байланысты бай немесе кедей болады. Бірақ еңбек бөлінісі пайда болғаннан бастап, адам өз еңбегі арқылы олардың шағын бөлігін ғана иемдене алды: мұндай құралдардың басым бөлігін ол өзге адамдардың еңбегі арқылы алатын болды. Адам қаншалықты көп еңбек күшін иемденсе, соншалықты бай бола түседі.
4) Жеке мүлігі болмайынша мемлекет те болмайды. Ал оның мақсаты осы мүлікті күзету болып табылады.
5) Адамның мінез-құлқы өзге адамның бақытына әсер етеді. Ал бұл басқа адамға алып келетін пайдасы немесе зияны арқылы өлшенеді.
6) Әрбір адамға әділеттік заңы бұзылмайынша еркін қозғалуға, өз қалауының артынан еруге, өз қаржысы мен еңбегі арқылы бәсекелесуге мүмкіндік беріледі.
7) Адамның жалғыз байлығы – оның жады. Осында ғана байлық пен кедейлік бар.
8) Адам өз табысының қалай келетінін түсінбейтін болса, оған басқа нәрселерді де түсіндіру мүмкін емес.
9) Кәсіпкер қалауы бойынша емес, өз қызығушылығын қанағаттандырғысы келгенде ғана қоғамның қызығушылығы үшін жұмыс істейді.
Дайындаған: Назархан Уән