Біліп жүр
Bullet Journal: Қойын дәптерді дұрыс қолданудың тәсілі
Bullet Journal әдісі арқылы қойын дәптерді тиімді пайдаланыңыз
Bullet Journal әдісі өнімділікті арттыратын бірнеше сервистер мен қосымшалар орнын алмастыра алады. Қойын дәптер мен қалам арқылы өміріңізді жеңілдетуге көмектеседі. Balbal.kz мотивациялық сайты Bullet Journal әдісінің пайдасы және қалай жүзеге асыру керектігі туралы материал ұсынады.
Bullet Journal деген не?
Bullet Journal — күнделік, қойын дәптер жүргізу әдісі. Сізге бір ғана қойын дәптер керек болады, онда барлық орындалатын жұмыстар тізімі, жазбалар, жоспарлар және басқа да маңызды ақпарат жазылады. Bullet Journal-да қатаң шаблондар, алдын-ала белгіленген ережелер жоқ. Жүйе икемді. Тек екі шарт бар:
- Bullet Journal-да индекс болу керек. Арнайы символ арқылы қажетті жазбаларды табу оңай.
- Беттер нөмірленуі керек. Онсыз индекстің пайдасы болмайды.
Осы екі шартты сақтай отырып, сіз әрқашан қажетті жазбаны таба аласыз: бір айлық мақсат тізімі, сапар жоспары немесе сақтандыру нөмірі.
Бұл сіздің істер тізімі, күнтізбе және мұрағатыңызға айналады.
Қойын дәптерді қолдану әдісі
Қажетті реквизиттер
Негізгі құралдар — дәптер мен қалам. Егер Bullet Journal әдісін ойлап тапқан Райдер Кэрроллды қайталағыңыз келсе, онда Leuchtturm қойын дәптерін алыңыз. Оның парақтары алдын-ала нөмірленген, басында индекс үшін орын бар.
Сондай-ақ сізге түрлі-түсті гельдік қаламдар (Pilot Juice) және сия қаламдары (Pigma Micron) қажет болады.
Маркерлер (Mildliner) маңызды сәттерді бөліп көрсету үшін пайдалы.
Қосымша стикер, бетбелгі, жабыстырғыштарды пайдалана аласыз. Негізінен дәптер мен қалам жарайды. Ең бастысы, өзіңізбен бірге алып жүру ыңғайлы болсын.
Белгілеу түрлері
Белгіні мазмұнына қарай арнайы таңбалармен белгілеңіз. Мұнда бірнеше нұсқа бар.
Тапсырмалар. Қарапайым нүктемен (•) белгіленеді.
Нүкте (•) — тапсырма орындалмады;
Кросс (×) — тапсырма аяқталды;
Итерме сызық (>) — тапсырма басқа жинаққа ауыстырылды;
Кері итерме сызық (<) — тапсырма жылдық жоспарда.
Іс-шаралар мен кездесулер. Шеңбермен белгіленеді (°). Бұл белгілі бір күнге байланысты жазбалар. Оларды ұмытпас үшін алдын-ала жасауға болады.
Ескертпелер. Сызықпен белгіленеді (-). Бұл жазбалар, фактілер, идеялар, ойлар. Олар сізден ешқандай әрекетті қажет етпейді. Оқыңыз.
Әрқайсысын бөлек жазуға тырыспаңыз. Барлығын бір тізімге жазыңыз, әр элементтің тиісті белгісін ұмытпаңыз.
Маңызды іс немесе оқиға. Оны жұлдызшамен (*) белгілеңіз. Бұл символды сирек қолданыңыз. Егер әр элементті осылай істесеңіз, маңызды болмай кетеді.
Жақсы идея. Ол леп белгісімен (!) белгіленсін. Бұл өзіңіздің сәтті ойлар, дәйексөздер, кенет пайда болған мотивация болу мүмкін.
Болашаққа жоспар құру
Келесі жарты жылға мақсат қою үшін қолданылады. Оған ең маңызды оқиғалар енгізіледі. Дәптерді көлденең қойып, алтыға бөліңіз. Үш бет болсын. Сосын алты бағанға ай атауын жазыңыз.
Айлық жоспар
Ай сайынғы жоспарға жиналыстар, төлемдер, сабақ кестесі мен демалыстарды, мерекелер, туған күндер және т.б. ұмытуға болмайтын нәрселерді жаза аласыз. Күнтізбедегі күндер болса, тапсырмалар жазылған бетке сілтеме қойыңыз.
Bullet Journal әдісінің пайдасы
Жазбалар денсаулыққа оң әсер етеді
Техас университетінің психологы Джеймс Пеннебейкердің Writing to heal тәжірибесін алайық. Ол бір топ студентті үш күн қатарынан 20 минут күнделік жүргізуін сұрады.
Жазба жүргізген жандар басқа студенттер әлдеқайда көңілді болған. Тәжірибеден соң бірнеше айдан кейін олардың қан қысымы қалпына келді, иммундық функциялары жақсарды. Сонымен қатар қолмен жазу иммундық жүйенің жұмысын арттырады.
Жаңа идеяларды табуға мүмкіндік береді
Тегін ассоциация әдісі психотерапияда жиі қолданылады. Bullet Journal — сан алуан ойлар мен тапсырмалар жинағы. Өз жазбаларыңызды қайта қарап, шабыт пен жаңа идеяларға ие боласыз.
Жадыңызға күш түсірмейсіз
Егер сіз Гарри Поттерді оқыған болсаңыз, онда Дамблдор мен Снейп қажетсіз естеліктерді сиқырлы ыдысқа тастағанын білесіз. Bullet Journal сол сияқты, өз ойыңызды сақтайтын орын ретінде қарастыра аласыз.