Біліп жүр

iOS жүйесінің сіз білмейтін мүмкіндіктері

iOS операциялық жүйесінің құпия мүмкіндіктері

iOS – Iphone, Ipad және «Apple» компаниясының өзге де құрылғыларын басқаратын операциялық жүйе. iOS жүйесінің негізгі функцияларымен таныс болсаңыз да, қосымша мүмкіндіктерін білмеуіңіз мүмкін. Balbal.kz арнайы iOS операциялық жүйесінің көпшілік біле бермейтін мүмкіндіктерін назарыңызға ұсынады.

Құжат сканері

Құжатты сканерлеу үшін адамдар түрлі қосымшаларды телефондарына жүктеп жатады. Егер сізде iPhone болса, ешқандай артық қосымша жазып алудың қажеті жоқ. Себебі iOS 11-ден бастап ең қарапайым «Заметки» қосымшасы арқылы құжатты сканерлеп ала аласыз. Ол үшін:

  1. «Заметки» қосымшасына кіріп, ашылған мәзірден плюсты басыңыз;
  2. «Сканировать документ» бөлімін таңдаңыз;
  3. Телефонның камерасы түсіре алатындай құжатты түзу қойыңыз;
  4. Қосымша құжатты автоматты түрде танып, сканерлеп алады.
  5. Сканерленген құжатты оң жақ бұрыштағы жіберу батырмасын басып, PDF файл түрінде қалаған жеріңізге жібере аласыз;

Қоңырау шалушының кім екенін білу

Сіздің қолыңыз бос емес, ал басқа бөлмеде телефон шырылдап жатыр. Барлық жұмысты тастап, қоңырауды алсаңыз, маңызды ештеңе емес екен. Бәрімізде осындай жағдай болған шығар. Болашақта телефон шырылдаған сайын әрі бері жүргіңіз келмесе, онда iOS-тың қоңырау шалушыны дауыстап айту функциясын пайдаланыңыз. Ол үшін:

  1. «Настройки» арқылы «Телефон» бөліміне кіріңіз;
  2. «Объявление вызовов» функциясын таңдаңыз;

Енді сізге кім қоңырау шалып жатқанын телефоныңыз дауыстап айтып тұратын болады.

Ұйқы режимі

Келесі жолы «Часы» қосымшасын арқылы оятқыш орнатар алдында, астыңғы мәзірге назар аударыңыз. Себебі осы жерде «Режим сна» атты сізге уақытылы ұйықтап тұруға көмектесетін бөлім бар. Оны қосу үшін:

  1. «Часы» қосымшасына кіріңіз;
  2. Астыңғы мәзірден «Режим сна» бөлімін таңдаңыз;
  3. Бірнеше сұраққа жауап беріп, өзіңізге қажетті ұйқы режимін орнатыңыз;

Бұл режимді қосқан соң, телефоныңыз сізге жатар уақытта ұйықтауға белгі береді. Ал таңертең белгіленген уақытта оятады. Сонымен қатар осы функция арқылы ұйқы режиімін қаншалықты сақтап жүргеніңіздің статистикасын көре аласыз.

Артқа қайтару

iPhone-да жасаған қимылыңызды артқа қайтарғыңыз келе ма? Мысалы, бір мәтін жаздыңыз, бірақ тез өшіру керек. Онда телефоныңызды сілкісеңіз болды. iPhone-да жасаған соңғы ісіңіз артқа қайтарылады.

Тез қоңырау шалу

Соңғы хабарласқан адамға тез қоңырау шалғыңыз келе ме? Онда бар болғаны «Контакты»-ға кіріп, қоңырау шалудың жасыл батырмасын екі бассаңыз жеткілікті. Телефон соңғы қоңырау шалған адамға автоматты түрде хабарласады.

Автоматты түрде тоқтату

Ұйықтар алдында музыка қосып жатқандықтан, таңертең телефонның өшіп тұруы – жиі кездесетін жағдай. Музыканың белгілі бір уақыттан кейін автоматты түрде тоқтағанын қалайсыз ба? Онда iOS функциясын пайдаланыңыз. Ол үшін:

  1. «Часы» қосымшасына кіріңіз;
  2. Мәзірден «Таймер» бөлімін таңдаңыз;
  3. Қанша уақыттан кейін тоқтату керектігін белгілеңіз;
  4. «По окончании» бөлімінен «Остановить» функциясын таңдаңыз;

Сіз белгілеген уақыттан кейін музыка автоматты түрде тоқтайды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!