Біліп жүр

Дипломдық жұмыс тапсырушыларға кеңес

Дипломдық жұмысты жақсы тапсырудың сырын біліңіз

Дипломдық жұмыс – студент үшін ең маңызды сәттердің бірі. Дипломдық жұмысты қорғау арқылы төрт жылдық біліміңізді дәлелдейсіз. Balbal.kz мотивациялық сайты дипломдық жұмысты қорғайтын студенттерге кеңестер дайындады.

1-кеңес. Комиссия мүшелерімен байланыс

Дипломды қорғаған кезде сенімді болыңыз. Даусыңызды қадағалаңыз: қатты-жай, жылдам-баяу. Ораторлық қабілетіңізді көрсетіңіз. Кідіруді ұмытпаңыз.

Ым-ишара жасаңыз. Экран не постерге нұсқаған кезде, комиссияға қарап тұрыңыз. Ешқашан арқаңызбен немесе бүйіріңізбен тұрмаңыз.

Оқыс дыбыстар мен қажет емес сөздерден аулақ болыңыз. Тексерушілер бұл үшін студенттерді қатты сынайды. Паразиттік сөздерсіз сөйлеуді үйреніңіз: «сияқты, қысқасы, жалпы, т.б.».

Сөзіңізді жазып, дайындалыңыз.

Алғашқы сөйлемді және соңғы сөз тіркесін жаттап алыңыз. Қалғанын өз сөзіңізбен айтыңыз. Әйтпесе дипломды өзіңіз жазбадыңыз деп ойлайды.

2-кеңес. Аудиторияға үйрену

Алдын-ала, жұмысыңызды қорғауға бір-екі күн қалғанда, диплом қорғайтын аудиторияға барыңыз. Оны зерттеп, үйренуіңіз керек. Осы бөлмеде отырыңыз. Жүріңіз. Біраз сөйлеңіз, дауысыңызды тыңдап көріңіз. Басқа топтарда дипломды қорғау қалай жүретінін, басқа студенттердің дипломды қалай қорғағанын қараңыз.

3-кеңес. Рецензия

Рецензенттің төмен баға қоюына жол бермеңіз. Ол сіздің дипломыңыздағы қателіктер мен кемшіліктерді табуы керек. Тапсын, бірақ бұл қателіктер емес, кішігірім кемшіліктер болуы керек. Егер сіз рецензенттен: «Сіз осыған қалай жауап берер едіңіз?» деп сұрасаңыз, ол сізге жақсы кеңес айтады.

Әдетте рецензент диплом бағасын ұсынады. Егер бұл «өте жақсы» болмаса, «бес» болу үшін нені өзгерту керек екенін сұраңыз. Қайта жасаңыз. Рецензентпен келісіңіз. Ешқандай жағдайда дауласпаңыз.

4-кеңес. Киім стилі

Бұл – мерекелік кеш емес. Студенттің киімі де әсер ететінін ұмытпаңыз

Дипломды қорғау үшін жақсы киім — бұл классика. Жақсы киініп барыңыз. Бірақ асыра сілтемеңіз. Зергерлік бұйымдар тағып барудың қажеті жоқ.

5-кеңес. Сұраққа жауап беру

Диссертациялық жұмысыңыздың артықшылықтарына назар аударыңыз. Бірақ бәрін айтып тастамаңыз. Себебі оны сұраққа жауап ретінде қолданасыз.

Сынды қабылдаңыз, бірақ дәлелдеріңізді өңдеуге мүмкіндік беріңіз. Сұрақтарға жауап бергенде асықпаңыз, кідіртіңіз.

Жауап берер алдында күлімдеңіз. Осы арқылы олар сіздің қиналмай тұрғаныңызды түсінеді.

Жауабын білмейтін сұрақтар үшін «балама жауап» әдісін пайдаланыңыз. Тек мұқият жасау керек. Сонымен қатар, дипломдық комиссияның барлық мүшелері сіз бұл мәселені түсінгендей әсер алуы үшін нақты және сенімді сөйлеу керек.

«Балама жауап» әдісі

Ол: «Он үшінші постерда» деп аталады.

Сұрақ қойғаннан кейін меңзерді алып, «дипломның он үшінші (немесе басқа) постерінде» деп үзіліссіз соны оқыңыз.

Жауап беруден аулақ болудың ұқсас әдісі бар:

«Бұл сұраққа жауап беру маған қиын, бірақ менің білетінім…»

(және сіз өзіңіз білетін нәрсені нақты айта бастайсыз)

Бірақ сұрақтарға жауап берген дұрыс!

Сонымен бірге сұрақ қоюшының аты-жөнін айтқан дұрыс.

«Жанна Амангелдіқызына жақсы сұрақ үшін рақмет. Мен оған осылай жауап беремін».

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!