Біліп жүр

Бернард Шоу: Ештеңеге сенбейтін адам бәрінен қорқады

Бернард Шоудың өмірі мен нақыл сөздері

Бернард Шоу – әдебиет саласында Нобель сыйлығын иеленген драматург, жазушы. Оның шығармалары әлемге белгілі. Balbal.kz мотивациялық сайты Бернард Шоудың өмірі және жалқаулықты жеңу туралы айтқан ойларын материал ретінде дайындады.

Өмірбаяны

Джордж Бернард Шоу 1856 жылы 26 шілдеде Дублинде дүниеге келді. Әкесі астық саудагері, ал анасы кәсіби әнші болған. Оның екі қарындасы болды: театр әншісі Люсинда Фрэнсис және 21 жасында туберкулезден қайтыс болған Элинор Агнес.

Мектепті жақтырмаған Бернард

Бернард Дублиндегі Уэсли колледжінде оқыды. 11 жасында оны протестанттық мектепке жіберген. Ол онда ең нашар оқушы болған. Бернард мектептегі білім жүйесін сынайды. Мектеп рухани дамуға емес, ақыл-ойға назар аударады дейді. Әсіресе физикалық жазалау жүйесін дұрыс емес деп санайды.

Алғашқы мансабы

15 жасында ол клерк қызметкері болды. Үйіндегілер оны университетте оқыта алмады. Сол үшін ағалары оған әйгілі Таунсенд жылжымайтын мүлік агенттігіне жұмысқа тұруға көмектесті. Ол Дублин тұрғындарынан жалдау ақысын жинады. Оны жұмыс жалықтырса да, өз қызметін жақсы атқарды.

16 жасында анасы қыздары алып, үйден қашып кетті. Бернард әкесімен бірге Дублинде қалуға шешім қабылдады. Ол білім алып, жылжымайтын мүлік кеңсесінде қызметкер ретінде тіркелді.

1876 ​​жылы Шоу Лондондағы анасына барады. Отбасы оны жылы қабылдады. Осы уақытта ол көпшілік кітапханалар мен мұражайларды аралады. Алғашқы туындыларын жазды. Кейіннен музыкаға арналған газет бағанасын басқарды.

1890 жылдардың бірінші жартысында ол London World журналында сыншы болып жұмыс істеді.

Сонымен бірге ол социал-демократиялық идеяларға қызығушылық танытып, Фабиан қоғамына кірді. Оның мақсаты — бейбіт жолмен социализм құру.

Бернард Шоудың нақыл сөздері

Еңбек туралы ойлары

Әлем жұмыс істемей ақша тапқысы келетін жалқауларға толы. Онымен қоса байымай, жұмыс істей беретін ақымақтарға толы.

Біз бақытты болуға тырысып, оны жасап алмай, бақытты талап ете алмаймыз.

Білетін адам өзі істейді. Ал білмейтін адам ​​басқаларды үйретеді.

Ақыл-ой мен қажырлы еңбек бойыңыздағы дарынның жетіспеушілігін білдіртпейді. Ал сіз мықты дарын иесі бола тұра ақымақ болсаңыз, өміріңізді құрдымға жібересіз.

Біз құстар сияқты ауада ұшуды, су астында балық сияқты жүзуді үйрендік. Енді бізге бір нәрсе керек: адамдар сияқты жер бетінде өмір сүруді үйрену.

Махаббат туралы

Мінсіз күйеу дегеніміз – әйелінің мінсіз екеніне сенетін адам.

Жек көру – қорқақтың қорыққаны үшін кектенуі.

Жақындарыңа қатысты ең жаман нәрсе — жеккөрушілік емес, немқұрайлылық; бұл шын мәнінде адамшылықтың ең төменгі сатысы.

Жалғыздыққа төтеп беріп, одан ләззат алу — бұл үлкен сыйлық.

Өзіңізге ұнайтын нәрсені алуға тырысыңыз. Әйтпесе алған нәрсені жақсы көруге тура келеді.

Өмір туралы

Шындықты объективті қабылдамайтын адамдар оны цинизм деп атайды.

Қартаю қызықсыз, бірақ бұл ұзақ өмір сүрудің жалғыз тәсілі.

Тарихтың бізге берген жалғыз сабағы — адамдар тарихтан сабақ алмайды.

Сізде бір алма және менде бір алма бар. Егер біз алмаларды алмастыратын болсақ, екеумізде де бір алмадан қалады. Егер сізде бір идея, менде бір идея болса, екеуміз бөліскенде әрқайсымызда екі идея болады.

Адам кірпіш сияқты: күйген кезде қатты болады.

Ештеңеге сенбейтін адам бәрінен қорқады.

Ақылды адам әлемге бейімделеді; ақымақ әлемді өзіне бейімдеуге тырысады. Сондықтан прогресс ақымақтарға байланысты.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!