Кейт Феррацци –әлемдегі №1 нетворкер. Ал Тал Рез Гарвард мектебін бітірген журналист. Олар кітапта нетворкинг құпиялары мен пайдалы қарым-қатынас орнатудың жолдарын ұсынды. Balbal.kz мотивациялық сайты «Ешқашан жалғыз тамақтанбаңыз» (Never eat alone) кітабының қысқаша мазмұнымен таныстырады.
Кітап туралы
«Ешқашан жалғыз тамақтанбаңыз» кітабы кіріспеден, автордың нұсқаулығынан тұрады. Онда кітапты қалай оқу керегі жазылған. Бес бөлім және отыз үш тараудан тұрады.
«Өз ойыңды бапта» бірінші бөлім
Кітаптың бірінші бөлімі алты тараудан тұрады. Оның әрқайсысы бірнеше кезеңге бөлінеді. Автор нетворкингті игергісі келетін оқырманға алғашқы қадамдарды ұсынады:
- Арманыңызды табыңыз
- Мақсатыңызды қағазға жазыңыз
- Жеке кеңес беру орталығын құрыңыз
«Коммуникациялық дағдылар» екінші бөлім
Кітаптың екінші бөлімінде автор басқа адамдармен ең маңызды қарым-қатынас дағдыларын сипаттайды. Оқып болғаннан кейін сіз басқа адамдармен оңай байланыс орната аласыз. Телефон және электронды пошта арқылы қарым-қатынас шеңберін кеңейту әдістері жазылған. Қарым-қатынаста сізге өте пайдалы болатын бірнеше сөздерді көрсетеді.
«Таныстарды жолдастарға қалай айналдыру керек» үшінші бөлім
Бұл бөлімде төрт тарау бар. Онда қарапайым таныстар сіздің жолдастарыңыз, тіпті достарыңызға айналу үшін не істеу керегін және өзін-өзі ұстауды түсіндіреді.
«Технология заманындағы қарым-қатынас» төртінші бөлім
Ол үш тараудан тұрады. Кейт Ферраззи сізге онлайн режимінде тиімді қарым-қатынас орнатуды, назардан тыс қалмайтын мәтін жазуды үйретеді. Сондай-ақ басқа адамдармен байланысты қажетті деңгейде орындау керек дейді.
«Алу және бере алу мүмкіндігі» бесінші бөлім
Кітаптың соңғы бөлімі сіз үшін жеке іскерлік имиджді құру және сақтау бойынша нақты нұсқаулық. Басқа адамдардың алдында өзіңіздің бейнеңізді қалыптастыруға көмектеседі. Автор айналаңыздағы адамдарға шын жүректен көмектесуге, үнемі үйренуге, тәкаппарлыққа берілмей, шынайы болуға үйретеді.
Кітаптың негізгі ережелері
Қарым-қатынас туралы
Басқа адамдарды бақытты етуге тырысыңыз. Алудан гөрі беруге ұмтылыңыз.
Егер сіз қарым-қатынастарда мансап құратын болсаңыз, сіздің өсуіңіз компания үшін де пайдалы екенін ұмытпаңыз. Сіз өз компанияңызды басқа адамдарға ұсынасыз және сізді алға жылжытуға мүдделі
Таныстық шеңберін кеңейтіңіз. Көп байланыс — көп ақпарат. Бұл сәтті мансапқа жол ашады.
Әріптестеріңізге, клиенттерге және достарыңызға қамқорлық жасаңыз. Оларды компания қызметінен жоғары бағалаңыз. Қиын кезеңде олар сізге көмек қолын соза алады немесе пайдалы кеңестер береді.
Нетворкинг — бұл басқа адамдарға көмектесу. Оларға кәсіби және жеке өмірдегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Бәріне қолдау керек. Әрдайым сенуге тұрарлық адамдар ізде.
Мақсаты бір жақсы адамдармен бірігіңіз. Осындай топтың көмегімен сіз кез келген жобаны дамыта аласыз.
Қарым-қатынас — көптеген адамдар үшін жұмыстағы басты стимул. Ол әр күнді мағыналы етеді және тиімділікті арттырады.
Ықтималдықтар теориясын есіңізде сақтаңыз: қаншалықты көп танысыңыз болса, өміріңіздің қиын кезеңдерінде құнды кеңес, қолдау соғұрлым көп болады.
Аптасына кемінде бір рет жаңа адамдармен танысыңыз. Мұны қайда және қалай жасағаныңыз маңызды емес. Автобуста немесе кафеде, кез келген жерде танысуға болады.
Басқалардың мүдделеріне назар аударыңыз. Әңгімелесушінің не қалайтыны туралы ойланыңыз.
Жеке даму туралы
Жақындарыңыздан сіздің қай қасиетіңіз ұнайтыны немесе ұнамайтынын сұраңыз. Осылайша сіз өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды түсінесіз.
Сіздің жетістіктеріңіз сіз армандайтын нәрсеге және миссияңызға тікелей байланысты.
Сізге қолайлы немесе қажетті сәтті күтпеңіз. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасты алдын-ала орнату керек
Қорқыныш сезімін жеңуге үйреніңіз. Барлық адамдарда қорқыныш бар — бұл қалыпты жағдай. Егер сіз қорқынышты бір рет жеңсеңіз, кейін оны жеңу оңайырақ болады.
Мықты экперт болғыңыз келсе, өзгелерді үйретіңіз. Бұл кез келген салада үздік болудың ең жақсы тәсілі.