Біліп жүр

Лонгрид мәтіндер: ерекшелігі, жазу тәсілі

Ұзын мәтіндердің артықшылығы мен кемшілігі

Лонгрид мәтіндер 10 мың символдан асады. Лонгридтің не керегі бар деп ойлаған шығарсыз. Бірақ ол маркетологтың бір айлық жұмысын тындыра алады. Назарларыңызға қызықты лонгрид жазу әдісі мен оның қай кезде қолданылатынын ұсынамыз.

Лонгрид не үшін керек?

Сапалы лонгрид сізге брендті бір оқығаннан есте сақтауға көмектеседі. Мысалы SMM-ге сенім қалыптастыру үшін бірнеше ай қажет болады, ал жақсы мәтін 15-30 минутты алады.

УТП, жарнама мен әрекетке шақыру түймелері туралы ұмытыңыз. Сіз сатпайсыз. Лонгридтің негізгі мақсаты — әлеуетті клиенттердің назарын аудару, сіз үшін сарапшы имиджін жасау.

Ұзын мәтіндердің артықшылығы мен кемшілігі

Артықшылығы:               

Клиенттердің адалдығын арттырасыз. Мәтін жетекшілік жасайды, пікір қалыптастырады. Адамдар брендті есіне алады және белгілі бір өнім / қызмет қажет болған кезде оны таңдайды.

Оқырмандарды тұрақты тұтынушыларға айналдыруға болады. Сапалы лонгрид жаңалық, аналитикалық мәтіндер сияқты ескірмейді, өзектілігін жоғалтпайды. Тарих бизнеске бірнеше жылдан кейін де көмектеседі. Сізден осында оқиғалар оқу үшін олар сіздің аудиторияңызға айналады.

Іздеу сервистерінде бірден шығады. Ұзын мәтінді кем дегенде 15-30 минут оқу керек. Сол үшін іздеу жүйелері оны SEO тактикалары болмаса да көтереді.

Кемшіліктері:

Жаттығу үшін көп уақыт қажет. Тек бірнеше адам ғана қызықты, толыққанды лонгрид жаза алады. Егер өзіңіздің бизнесіңіз үшін қызықты әңгімелер жазғыңыз келсе, онда көп тәжірибе қажет..

Сюжетті толық аяқтау маңызды. Егер сіз аз ақпарат жинасаңыз, оқырманда көп сұрақ туындайды. «Мен мұны неге ұзақ оқыдым?» деген ой келеді.

Барлық эффект бір жарнамалық контекстпен жойылуы мүмкін.  Жарнама қызығушылықты дереу жояды. Өйткені шақыру шаблондары көп.

Оқи отырыңыз: «Лонгрид мәтін жазу әдістері»

Лонгрид жазғанда ескеретін жайттар

Құрастыру. Әр лонгрид үлкен деректерді, дайындықты талап етеді. Шексіз түзетулерден және бірнеше нұсқаларды байқап көруден қорықпаңыз. «Firestorm» мәтініне ақпарат жинауға 5 ай уақыт кеткен, ал нәтижесі сәтті шықты. Facebook-те мәтін 3 мың лүпіл жинады. Сондықтан іздеңіз, талдаңыз, жинаңыз.

Өңдеу. Қосатын нәрсе қалмады ма? Келесі қадамға өтіңіз — мәтінді өңдеп, қажет емес деректерді жойыңыз. Жақсы шығу үшін кейбір элементті өзгертіңіз. Лонгридте кез келген сұрақтың жауабы болу керек.

Лүпіл басу және бөлісуге шақыратын блоктар қосыңыз. Қызықты және пайдалы әңгімелерге оқырман лүпіл аямайды, әсіресе батырма қолжетімді жерде болса. Сондықтан мұндай блоктарды жоғарғыға немесе төменге қалдырмаңыз. Ол туралы мәтін ішінде ескертіңіз.

3-4 тақырыпшадан кейін лүпіл басу үшін қоңырауы бар батырманы қосыңыз.

Лонгрид қызықты болу үшін…

Оқырман мәтін ішіне «сүңгіп», соңына дейін жету керек. Сол үшін инфографика, кесте, дәйексөз, сұхбаттар мен бейнематериалдар қосыңыз.

Қызықты мәтін жазудың құпиялары:

Оқырманға түсінікті тілде жеткізіңіз. Кез келген терминді түсіндіріңіз. Қарапайым сөзбен алмастырыңыз.

Ерекшелік іздеңіз. Мақсатты аудиторияның сипатына қарай, әзіл стилі, сұрақ-жауап, сараптамалық бағаны енгізе аласыз.

Толық әсер беруге тырысыңыз. Мұны үйлесімді мультимедиялық материалдардың көмегімен жасауға болады. Оларды өңдеуге уақыт бөліңіз. Кез келген визуализация материалды жақсы түсінуге көмектеседі. Бірақ ол мәтіннің белгілі бір үзінділерін толықтырып, мақаладан ойын бөлмеу керек.

Оқу уақытын көрсетіңіз. Егер контент қызық болса, 20-30 минут та оларға қорқынышты емес.

Бөлісу түймесін әртүрлі әлеуметтік желілерде қалдырыңыз. Мәтінді сақтауға мүмкіндік беріңіз. Оқырман жұмыста немесе кафеде сіздің мәтініңіздің көрінісін көрген болса, оны сақтап, кейінірек оралады.

Сілтемелер қосыңыз:

  • шетелдік материалдар;
  • зерттеу;
  • мәтіндегі мысалдар мен дәйексөздер.

Оқырман сілтемелердің ешқайсысын оқымайтыны сөзсіз. Бірақ ол барлық фактілердің рас екенін көреді. Бұл сенімділікті арттырады.

Лонгрид жазуға көмектесетін сервистер

Кейде қызықты мәтін жазу үшін тек Word жеткіліксіз. Сол үшін қызықты сервистер бар.

Әсемдеуге арналған сервистер

Сюжеттің мағынасына ғана емес, әдемілігіне де мән беріңіз. Ол жақсы көріну керек.

Tilda. Оның көмегімен мақаланы блок бойынша жинайсыз, типографиялық элементтерді орнатасыз және мобильді құрылғыларға бейімдейсіз. Тегін тариф сайтқа 50 бет, мультимедия үшін 50 МБ бос орын болады.

Егер сізге көбірек жад немесе домен қажет болса, ақылы жоспарларды таңдаңыз.

Readymag. Суретті мәтіндерден бөлек, дыбыстық бейнені фонға енгізуге, Google картасын, твиттердің жаңартылған ақпаратын қосуға мүмкіндік береді. Смартфон режимінде көру түймесі бар.

Stampsy. Сіз ақысыз 10 слайд жасай аласыз. Сервис ыңғайлы редактор мен бірнеше шаблон ұсынады.

Инфографика мен диаграммаларды жасауға арналған сайттар

Creately. Ондаған диаграмма шаблондары қолжетімді.

Easely. Тіркелгеннен кейін  4000-нан астам редакцияланатын инфографиялық схема ұсынады.

Vizualize.me. Онда сіз карталардан, белгішелерден, уақыт кестелерінен және түпнұсқалық тақырыптардан инфографикаға шаблонды таңдай аласыз. Оларды пайдалану үшін сіз тіркелуіңіз керек.

Кейін оқу қызметі

Ұзын мәтіндерді кейінірек оқу үшін көбінесе сақтайды немесе бетбелгі қойылады. Оқырмандарыңызды Evernote, Instapaper, Pocket және т.б. сияқты құралдарды қолдануға шақырыңыз.

Әрекетті бақылау өлшемдері

Осы мақсаттағы ең танымал және ыңғайлы сервис — Google Analytics. Бұл сіздің мазмұныңызға деген қызығушылық деңгейін бағалауға көмектеседі.

Метрика мақаланың соңына дейін қанша адамның қалғанын, қайда тоқтағанын көрсетеді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!