Психология

Табысты болуға шабыттандыратын 8 әдет

Табысты болуға шабыттандыратын әдеттер сіздің бойыңызда бар ма?

Табысты болуға шабыттандыратын әдеттер адам баласын алға жетелейді. Ішкі эмоцияларды басқарып, сізді әрекет етуге дайындайды. Ол қандай әдеттер екенін білгіңіз келсе, Balbal.kz сайты дайындаған кеңестеріне құлақ түріңіз.

Барлық ойлар жүзеге асады

Жаман ойларды бойыңыздан аулақ ұстаңыз! Жамандықты жиі ойлап, көз алдыңызға келтіре берсеңіз – ол күндердің күнінде шындыққа айналады.

Табыс түпкілікті емес, сәтсіздік қауіпті емес, ең маңыздысы — әрі қарай жалғастыруға батылдығыңның жетуі.

© Уинстон Черчилль

Ерте тұру

Аптаның демалыс күніне қарамастан, ерте тұруға өзіңізге уәде беріңіз. Ең мықты шабыт – таңның алғашқы нұрымен басталған шабыт.

Сеніңіз, егер сіз ерте тұратын болсаңыз, барлығын үлгеруге жеткілікті уақытыңыз болады. Ешқайда асықпасаңыз да, маңызды шаруаларыңыз шықпаса да бәрібір ерте тұрыңыз. Таңғы уақытты өзіңізді дамытуға арнаңыз – кітап оқыңыз, жаттығу жасаңыз, жай ғана сүйікті ісіңізді қолға алыңыз. «Ерте тұрған адамның бір ісі артық» немесе «Құдай ерте тұрғанға береді» деп бекер айтпаса керек.

Жеңіске ұмтылу

Табысты болуға шабыттандыратын әдеттің бірі — әрқашан, әрбір күн, әрбір минут жеңіске ұмтылу! Белгілі бір жағдайда жеңу немесе жеңілу әр адамның өз таңдауында. Таңертең ұйқыдан тұрған бойда өзіңізді «Бүгін ең керемет күн! Бүгін мені кішкентай болса да көп жеңістер күтіп тұр» деп шабыттандырыңыз. Дәл осылай еткен жағдайда күні бойы өзіңізге күш жинап, әрбір ісіңізге сенімді боласыз. Және ешкім сіздің жоспарлаған ісіңізді бұза алмайды.

«Жолы болған адам – өзгелер істеймін деп жүрген шаруаны істеп қойған адам»

© Жюль Ренар

 

Көңілді болу

Кез келген жағдайдың жақсы жағын көре біліңіз! Есіңізде болсын, адамдар жақсы, көңілі жайсаң адамдардың маңына үйір болады. «Егер жағдай шынымен ауыр болса, онда қалайша көңілді боламыз?», — деп сұрауыңыз заңды. Сізге берер жауабымыз біреу-ақ: «Қазір сіздің басыңызда болып жатқан жағдай – сізге өмірлік тәжірибе!». Иә, өте  құнды тәжірибе! Бұл жағымсыз жағдайлар өміріңізде болмағанда, сіз әлсіз, өмірге икемсіз болар едіңіз. Ол мәселе сізді шыңдады, мақсатыңызды айқындады!

Көмектесуге дайын болу

Сіздің көмегіңізге зәру адамға әрдайым қол ұшын беріңіз! Сіз өзгелерге көмектескен кезде тек жақсы іс тындырып қана қоймайсыз, өзіңізге ерекше көңіл күй сыйлайсыз. Ал сіздің елгезектігіңізге өзгелер тек қана алғыс жаудырып, батасын береді. Мұны әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Күдіктен арылу

Сіздің шабытыңыз бітпейтін күдіктерден сөнуі мүмкін. Адамдардың барлығы өзіне деген сенімсіздіктің кесірінен бойындағы шабытты ойларды сақтай алмай қалып жатады. Әрдайым бірнәрсені дұрыс істемегендей күй кешеді. Сол себепті өзіңізге сенімді болыңыз! Өзіне деген сенімділік – адам бойындағы ең керемет қасиет. Онсыз өмірде ешбір табысқа да, жетістікке де жетпейсіз.

Өз жетістіктеріңнің өлшемін білу

Әрбір жетістікке жеткен сайын, өзіңізді мақтап, қанаттандырып отырыңыз. Есіңізде болсын, бойыңызда қандай да бір даму болса, есепке алыңыз. Тындырған шаруаңызды емес, жемісті болған ісіңізді алға қойыңыз.

«Құштар болған жүрек үшін мүмкін емес ештеңе жоқ!”

© Джон Хеивуд

Өзіңмен жарысу

Әрдайым өзіңізбен жарысыңыз! Егер сіз өзіңізді өзгелермен салыстыратын болсаңыз, бір күні шабытыңыз сарқылады. Олай етуді доғарыңыз! Тоқтатыңыз! Әр адамның өз өмірі, өз ойы бар. Оларды бір-бірімен салыстыруға келмейді. Өмір бойы біреумен бақталасып, жарысып өту ақымақтық. Сіздің күн сайын ақырындап жеңіп отыратын бақталасыңыз — әрине өзіңіз! Күн сайын өзіңізді басып озуға ұмтылыңыз. Мотивацияны көтерудің жолдарын іздеңіз!

«Менің қолымнан келеді, мен дегеніме жетемін» деп жиі айтыңыз! Өміріңіз өз қолыңызда! Ал оның бақытты болу-болмауы тек өзіңізге байланысты.

Дайындаған: Сәбет Маржан

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close