Психология

Өзіңді бағалаудың жолдары

Бақытты өмір сүру үшін адамға өзін-өзі бағалау аса қажет. Себебі өзіңді қалай қабылдасаң, өзгелер де сені дәл солай қабылдайды.

Балбал порталы ұсынған кеңестерді пайдалана отырып, өзіңізді бағалап үйреніңіз:

  • Мені жақсы көреді және мені уайымдайды. Өзіңізді ойша құшақтап, кейде шынымен де қолыңызды айқастыра қатты құшақтап алыңыз. Өзіңізге бақыт сыйлайтын сөздер айтыңыз.
  • Бұл да өтеді. Ештеңе мәңгі емес: қайғы да, қуаныш та. Дәл қазір өмір сүріңіз. Дәл қазір бақытты болыңыз.
  • Әлемге өзімді сеніп тапсырдым. Ол сізді кез келген уақытта қолдайды. Өзіңізге ұнаған фразаны ішіңізден сан рет қайталаңыз.
  • Өзімді жақсы сезінемін. Ең қиын сәтте де ең жақсыны көріп, ең жақсыны сезінуге болады.
  • Мен өз орнымда отырмын. Сіз бір жерде отырсаңыз, яғни солай болуы керек болған. Осыны қабылдаңыз.
  • Өткенімді жіберіп, өзімді және өзгелерді кешіремін. Кешіре білу – адам өмірінде үлкен орын алатын шешім. Өзіңізді ойланбай жасаған әрекеттеріңіз үшін, жақындарыңыз бен қарсыластарыңызды өкпе-реніштерді ұмытып, кешіріңіз.
  • Менің қалағаным менде бар. Әр адамда өзіне қажет құралдар бар. Алайда оны байқамайтындар да табылады. Осы фразаны кем дегенде үш рет қайталаңыз. Өзіңізге, өз күшіңізге сеніңіз.
  • Әр істің қайыры бар. Бәрі жақсылыққа. Оқып отырып күлуіңіз мүмкін, бірақ бұл расымен де көмектеседі.
  • Өзім қалайтын өмірді оңай құра аламын. Осыны қайталап, соған сай әрекет жасаңыз. Сонда өз өміріңізді жақсы көретін боласыз.
  • Ең соңғысы, мен жақсы көремін. Әлемді. Өзімді. Жақындарымды.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Бір пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close