Миллионер

Coca-Cola: Ең көп сатылатын сусынның пайда болуы

Coca-Cola бренді туралы

Coca-Cola – «The Coca Cola Company» компаниясы шығаратын алкогольсыз газдалған сусын. «Coca Cola» 2005-2015 жылдары ең қымбат бренд болған. Сусын ресми түрде Куба мен Солтүстік Кореядан басқа барлық елдерді сатылады. Статистика бойынша әлем тұрғындарының 94%-ы «Coca-Cola» бренді жайлы естіген. Balbal.kz сайты ең көп сатылатын сусынның пайда болу тарихын ұсынады.

Барлығы шәрбаттан басталған

«Coca-Cola» пайда болған уақыттан 21 жыл бұрын полковник Джон Пембертон АҚШ-тағы азаматтық соғыста ауыр жарақат алады. Бұдан кейінгі жылдары ол аурудан қатты зардап шегеді. Өзін толығымен дәрімен қамтамасыз еткісі келген ол достарымен бірігіп «Пембертонның Фармацевтикалық компаниясын» құрады. Оның өнертабыстарының бірі тәтті әрі қоймалжың шәрбат болды. Бұл дәрі адамға қуат беріп, бас сақинасын емдей алатын еді.

«Coca-Cola»-ның пайда болуына азаматтық соғыс тікелей әсер етті деуге болады. Ал атауын қарапайым бухгалтер ойлап тапқан.

Сусын Джорджия штаты, Атлантадағы шағын дәріханалық зертханада пайда болды. 1886 жылы 8 мамырда «Jacob’s Pharmaсy» дәріханасынан «Coca-Cola» алғаш рет 5 центке сатылды. Өнім бірден танымалдылыққа ие болды. Пембертонның компаниясындағы бухгалтер болып қызмет еткен Фрэнк Робинсон тауарға атау іздей бастайды.

Сатылым күніне 9 стаканды құраған уақытта сусын жайлы барлық Атланта білді. Тұрғындар қуат беретін шәрбатты жылдам табу үшін дәріхана қабырғасына үлкен қаріппен «Coca-Cola» деп жазылды.

Алғашқы газдалған Coca-Cola

Бір жылдан кейін жерілікті фармацевт Уилли Венейблде шәрбатпен бірге ұсынылатын су таусылып қалады. Осы кезде Венейбл шәрбатты ас содасымен араластыруды ұсынады. Осылайша Джорджияны, кейін әлемді жаулаған «Coca-Cola»-ның алғашқы формуласы пайда болады.

Пембертон соңғы уақытқа дейін шәрбатты өз қолымен жасап, дәріханаларға таратты. Алайда жасы келген соң өзіндегі ең қымбат затты – сусынды дайындау құпиясын Венейблге 2 000 долларға сатады.

Әлемді жаулауы

Сатылым деңгейін өсіру үшін компанияның жаңа директоры Роберт Вудрафф бір орамада 6 дана сусынды сата бастайды. Сонымен қатар өз өнімін әлемге таныстырады.

1920 жылы Кола Франция жеріне жеткізіледі. Еуропадағы танымалдылық 1928 жылы Амстердамда өткен Олимпиада ойындарынан соң келеді. Өйткені жарысқа Вудраффтың компаниясы демеуші болған еді. АҚШ спортшылары өздерімен бірге сусынның 1 000 орамын алып келеді. Кейін компания FIFA, UEFA және өзге де спорттық жарыстарға ресми демеуші болады.

Шағын дәріханада жасалған шәрбат XXI ғасырда ең танымал тауарға айналды. Қазіргі уақытта сусынның бірнеше түрлері бар. Сонымен қатар Қытай мен Жапонияда «Coca-Cola»-ның ерекше нұсқалары жасалып шықты.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!