Джон Джилрой – жарнама жасаушы ұлы дизайнер. Ол – плакаттары, суреттері арқылы тарихта есімі жазылған тұлға. Balbal.kz мотивациялық сайты назарларыңызға атақты суретші, дизайнер туралы ақпараттар ұсынады.
Өмірбаяны
Ағылшындық Джон Джилрой 1898 жылы дүниеге келді.Ол Лондондағы Корольдік колледжде өнер факультетінде білім алды. Тіпті студент кезінде ол өзінің ерекше әрі керемет картиналары үшін бірнеше марапаттар иеленген еді.
Guinnes сырасы
1925 жылы Джонның Bensin’s агенттігімен көпжылға созылған байланысы басталды. Ал 1928 жылы ол Guinness сырасымен жұмыс істеуді қолға алды.Рональд Бартон және Рональд Беван сияқты қос копирайтерлермен 35 жылдың ішінде 100 жарнама және 50-ге жуық плакаттар жасап шығарды. Кез келген тұлғаны танымал ететін бір туындысы болады. Ал Джон үшін ол Guinnes сырасы мен жануарлар сериясына арнап жасаған плакаттары еді. Мәселен, плакатта «Guinnes күш береді» деген жазуды кездестіре аласыз.
Джилройдың жарнамалары сыраның сатылымын көбейтті. Олардың табысқа кенелгені соншалық, әлі күнге дейін тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Бұл Джонның еңбегінің нәтижесі болатын. Сондықтан ол жарнама ғана емес, Ирландия тарихында да ерекше орын алады.
Туындылары
Джилрой бос уақытында портреттер мен ландшафтар жазатын. Оның алғашқы маңызды тапсырыстарының бірі болашақ король Эдвардтың портреті еді. Ол адамды рухани баюға мүмкіндік беретін шығармашылыққа толы адамдардың бірі еді. Сол үшін Джилрой уақытының көп бөлігін көрмелерге барып, көркем суреттерді тамашалаумен өткізетін. Ал соғыс жылдары бар туындысын жауынгерлерді қайраттандыруға арнады. Патриоттық плакаттар жасап, әскери базалардағы қабырғаларға сурет салды.
Әйгілі фрескасы
1946 жылы Morrit Arms қонақ үйінде өзінің әйгілі фрескасын жасады. Әзіл мен қалжыңға толы толы бұл туындыда Диккенс рухындағы кейіпкерлер, өзінің достары мен қонақ үй қызметкерлері бейнеленген еді. Бұл қонақ үйге тұрақтаушылардың көңіл-күйін көтеріп, жүздеріне күлкі сыйлайтын ерекше қабырға суретіне айналды.
Джилрой патша отбасының портретін салатын суретшіге айналды. Сонымен қатар көптеген құттықтау қағаздарын да жасайтын. Оның үйінен қонақтар мен клиенттер арылмайтын: саясаткерлер, әртістер, әдебиетшілер т.б. атақты адамдар.
Рональ Бартонның Guinnes сырасына арнап жасаған жарнамасы жылдар өтсе де, өз маңызын және танымалдылығын жоғалтпады. Тіпті сыра өндірушілер жыл сайын оған арнайы жәрдемақы төлеп отырды. Қартайған Джилрой бұл құрметі үшін компания директорына безендірілген алғыс хат жіберген еді.
Джилрой жұмыстарының ерекшелігі
Джилройдың барлық жұмыстары жарнама дизайнерін дайындайтын көмекші құрал болды. Тек дайындық қана емес, тәрбиеге де баулитын.
Оның еңбектерінде таңғалатындай көп нәрсе бар. Мәселен, жарнамада әзіл-қалжыңның функционалды қолданылуы өте сирек кездеседі. Ал графикалық қоқыстарды мүлдем таппайсыз.
Джилрой тінтуір төсеніштеріне, ойын карталарына, футболкаларға да жарнама жасап отырды.
Джилрой шығармашылығы сайттарда жиі жарияланады. Жарнама дизайнерінің плакаттары жиі сатылымға шығып тұрады.Тіпті Guinness жарнамасына байланысты барлық коллекционерлер қоғамы да бар.