Біліп жүр

Баспасөзді қызықтыратын пресс-релизді қалай жазу керек?

Медиа өкілдері пресс-релиздің дәурені өтті десе, пиар жасаушылар оларды күнделікті және көп мөлшерде редакцияларға жіберуді жалғастыруда. Өйткені әлеуметтік желі мен мессенджер болса да, олар өздерінің жаңалықтары туралы кең аудиторияға айтудың тиімді әдісін әлі ойлап тапқан жоқ. Жақсы пресс-релиз қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Қоқыс жәшігіне кететін емес, журналистің жұмысына пайдасы тиетіндей пресс-релизді қалай жазамыз?

Пресс-релиз дегеніміз не?

Баспасөз релизі — БАҚ-қа жариялау үшін берілетін ақпараттық хабарлама. Пресс-релиз  — бұл ең алдымен жаңалық. Сондықтан ол мынадай нақты өлшемдерге сәйкес келуі керек:

— жаңалығы;

— өзектілігі;

— ақпараттылығы.

Егер сіз материалды БАҚ-та басып шығарғыңыз келсе, онда көрсетілген ақпарат ең алдымен қызықты болуы керек. Бұл жағдайда жетістікке жету мүмкіндігі айтарлықтай артады. Ең басты ереже туралы ұмытпаңыз: бір пресс-релизде бір жаңалық болуы керек. Бәрін бірден айтудың қажеті жоқ. Ондай материал адресатты шатастырып жіберуі мүмкін.

Пресс-релизде арнайы сарапшылардың түсініксіз сөздері болмағаны дұрыс. Мәтінде статистика мен ерекше факті болғаны дұрыс. Материалыңыз басылымның аудиториясына қызықты болуы керек екенін ұмытпаңыз. Сонымен жақсы пресс-релиз өзекті жаңалықты жеткізетін нақты ақпараттан тұруы керек.

Пресс-релиз құрылымы

Пресс-релизді қалай жазу керектігі туралы ойланғанда алдымен оның құрылымы туралы ойлану керек. Пресс-релиздің ішкі құрылымы үйге ұқсас. Оның іргетасы қысқа әрі айқын, қызық тақырып болғаны дұрыс.

  • Тақырыбы

Іш пыстырарлық немесе материал туралы аз ақпарат беретін тақырып пайдаланбаңыз. Тақырып — бұл сіздің пресс-релизіңіздің негізгі бөлігі, оның «визит картасы». Ол қысқа әрі қызықты болуы керек.

Тақырыпта айтылып отырған компанияның, брендтің атауы болсын. Есіңізде болсын, тақырып — бұл мәтіннің негізгі компоненттерінің бірі. Сіздің жаңалығыңызды адамдар оқи ма, жоқ па ол тікелей тақырыпқа байланысты. Кейбіреулер мәтіннің өзін жазбас бұрын тақырып ойлап табады. Ал басқалары соңында осы тармаққа оралып жатады. Онда тұрған ештеңе жоқ, маңыздысы— оқырманды қызықтыру.

  • Лид

Маңыздылығы тақырыптан кем емес тағы бір дүние бар. Ол — лид. Лид оқиғаның қашан және қайда болатынын не болғанын анықтап тұрады. Ол бүкіл мәтіннің ақпараттық негізі, ол материалдың негізгі бөлігіне бірден назар аударуға және тақырып идеясын толықтыруға арналған. Лаконизм — лидтің басты ерекшелігі. Лид «қашан, қайда, қалай және неге» деген сұрақтарға нақты жауап беруі керек.

  • Мәтіннің қаңқасы

Пресс-релиздің негізгі бөлігі лидтің логикалық жалғасы болуы керек. Енді мұнда зерттеулерден үзінділер, фактілер, сандар, статистика, дәлелдер, сарапшылардың дәйексөздерін жазуыңызға болады.

  • Бірінші абзацқа ерекше назар аударыңыз, оны мүмкіндігінше ақпараттандырыңыз. Өйткені оқырманның абзацтан абзацқа дейінгі назары бөлінетіні құпия емес. Сондықтан сіз «кіріспені» есептен шығармауыңыз керек.
  • Есіңізде болсын, сіз оқиғаны әдемі жеткізе білуіңіз керек. Әрине, бұл көркем мәтін емес және нақтылыққа да қойылатын талаптар Бірақ адамдарды құрғақ фактілер жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселеде белгілі бір тепе-теңдікті тауып, жаңалықты қызықты ету керек.

Бұл жағдайда көркем мәтін жазудың қажеті жоқ екенін де ескеріңіз. Релиз – бұл ақпарат. Сондықтан мұндай мәтінге «тілдің көркемдегіш тәсілдері» қажет емес. Материал дайын болған соң біраз үзілістен соң оны дауыстап оқып көріңіз, сосын материалдағы артық дүниелерді өшіріп тастаңыз.

Пресс-релиздерді дайындау туралы тағы не білуіңіз керек?

  1. Күрделі сөйлемдерден, көрнекті сөз тіркестерінен, арнайы лексикадан, қысқартулардан аулақ болыңыз. Түсінікті және жанды тілде жазыңыз.
  2. Тақырыпқа қатысты өз ойыңызды, бағаңызды беруден аулақ болыңыз.
  3. Қыстырма сөздерді қолданбауға тырысыңыз:» нәтижесінде»,» осылайша»,»кейінірек».
  4. Орфографию және пунктуацияны тексеріңіз.
  5. Пресс-релизді бір, ең көбі екі бетке сыйдыруға тырысыңыз.
  6. Хат тақырыбын қысқаша тұжырымдаңыз.
  7. Пресс релиздің шаблонын өз контактілеріңізбен бірге алдын-ала дайындап қойыңыз.

Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!