Миллионер
Сатылымды онлайнға ауыстыру: 3 оңай қадам
Сатылымды арттырудың бірден-бір тәсілі ― оны ғаламтор желісі арқылы дамыту. Онлайн-сатылым дағдарысқа қарсы тұру алғышарттарының бірі. Сіздермен онлайн-төлем, жеткізу қызметіндегі басты ережелермен бөлісеміз.
Онлайн-төлем орнатыңыз
Сіздің міндетіңіз ― сатуды мүмкіндігінше тез бастау, сондықтан сәнді веб-сайт құруға көп уақыт жұмсамаңыз. Өнім атаулары бар қарапайым тізім болса жеткілікті. Tilda немесе Wix сияқты сайт көмегімен сіз оны бір кеште оңай құрастыра аласыз. Параққа тауарлар каталогын орналастырыңыз, байланыс желісін қалдырыңыз және тауарларға қалай төлем жасау керектігі жайлы айтыңыз. Өзіңіздің Instagram парақшаңызды қосымша сату арнасы ретінде пайдалануға болады. Бұл өнімнің бет-бейнесін көрсетіп, оған жаңа тұтынушыларды тартуға көмектеседі.
Төлемдерді онлайн режимінде қабылдау үшін интернет-эквайринг орнатыңыз. Содан кейін төлем қызметіне сілтеме жасай аласыз. Бар болғаны, клиент өзінің электронды поштасы немесе мессенджерін теру қажет. Оның жүзеге асу тәсілі: сатып алушы өнімді таңдайды, парақта көрсетілген байланыс нөміріне жазады, ал сіз тапсырыс берушіге төлем жасау және жеткізу күнімен келісу үшін сілтеме жібересіз.
Жеткізу қызметін ұйымдастырыңыз
Оны курьерлік қызметтерге тапсыруға немесе өзіңіз орнатуыңызға болады. Сатып алушы тапсырыстан бас тартуы мүмкін, сондықтан алдымен тауарды қайтару мүмкіндігі бар-жоғын және өнім сізге қанша күн қайтарылатынын біліп алыңыз. Қайтаруға көп уақыт жұмсамау үшін, сатып алу үшін екі сатылы төлем жасай аласыз. Мысалы, тапсырыстан кейін клиенттің картасына авторизация беріледі, кейін оның шотында сатып алу сомасы бұғатталады. Ал егер белгілі бір уақыт ішінде (картаның түріне байланысты жеті күнге дейін) сатып алу расталмаса, онда сома ашылып, клиентке қайтарылады.
Курьерлеріңіздің қауіпсіздігі жайлы ұмытпаңыз, оларды маскалармен, қолғаптармен және антисептикпен жабдықтаңыз. Бұл ретте байланыссыз (контактісіз) жеткізу ережелерін түсіндіріңіз: курьер тапсырыс беруші мекен-жайына келгенде сатып алушыны шақырып, үш метр қашықтыққа жылжуы керек.
Өзіңізді ұсына біліңіз
Бұл үшін Instagram аккаунты ыңғайлы. Сіз статистиканы бақылап, аудиторияға қандай мазмұн сай келетінін талдай аласыз. Осы арқылы жарнамалар қызметіне жүгінесіз. Сондай-ақ, байқаулар ұйымдастыруды ұмытпаңыз. Сыйлық ретінде бонустық карталарды ұсына аласыз. Бұл сатылымды арттыруға көмегін тигізетін тиімді жол. Instagram парақшаңыздың визуалы, жарнама макеті, фото сапасы ― бұның бәрі маңызды пункттер.
Дайындаған: Алмаханова Айдана