Біліп жүр

Челлендж: Ақша жинауды жеңілдететін әдістер

Челлендж және оның пайдасы

Челлендж бүгінгі таңда тек ойын түрі ғана емес. Кейбірі челлендж жариялап спортпен шұғылданса, енді бірі алдыға қойған мақсатына жетуге әрекет етеді. Сіз де өзіңізге челлендж жариялап, аз уақыттың ішінде үлкен жетістікке жете аласыз. Balbal.kz сайты ақша жинауды жеңілдететін челлендждің түрлерін назарыңызға ұсынады.

Қарапайым 52 апталық челлендж

Челлендждің ережесі қарапайым. Атауы айтып тұрғандай челлендж 52 аптаға, яғни бір жылға созылады. Бұл үшін кез келген өзіңізге ыңғайлы интернет-банкинг арқылы депозит шотын ашыңыз. Алғашқы аптада шотыңызға 100 теңге салыңыз. Алдағы апталардың барлығында алдыңғы соммаға 50 теңге қосып отырыңыз. Мысалы, 1 апта – 100 теңге, 2 апта – 150 теңге, үшінші апта – 200 теңге … Осылайша бір жылдың ішінде 71 500 теңге жиналады. Бұған тағы банктік депозит пайызын қосыңыз.

         Екі еселенген 52 апта челленджі

Бұл челлендж алдыңғысына ұқсас. Бірақ мұнда сіз апта сайын депозитке құйылатын соммаға 100 теңгеден қосыңыз. Бастапқыда 100 теңгеден бастауға болады. Екінші аптада 200 теңге, үшінші аптада 300 теңге саласыз. Аталмыш челлендж арқылы 137 800 теңге жинайсыз. Бұл – банк пайызын қоспағандағы сомма.

         Шағын 52 апталық челлендж

Сіздің кірісіңіз айтарлықтай көп болмаса, алдыңғы екеуін қолдана алмауыңыз мүмкін. Сол үшін шағын челленджді пайдаланыңыз. Бірінші аптада 50 теңге салыңыз. Алдағы апталарда алдыңғы соммаға 10 теңгеден ғана қосыңыз. Бұл да сіздің бір жылда керекті сомманы жинауыңызға көмектеседі.

         Кері челлендж

Аталмыш челлендждің ерекшелігі кері жүруінде. Бірінші аптаны 2 600 теңгемен бастадыңыз делік. Келесі апталарда 50 теңгеден шигеріп отырыңыз. 2 апта – 2 550 теңге, 3 апта – 2 500 теңге … Нәтижесінде бір жылдың көлемінде сіз 68 900 теңге жинайсыз. Егер мүмкіндік болып жатса, бастапқы сомманы өсіре түсуіңізге де болады.

365 күн челленджі

Сізге күн сайын ақша құйып отыру қажет. Бірінші күні 10 теңгеден бастаңыз. Әр алдағы күн сайын 1 теңгеден қосыңыз. Қаласаңыз бұдан да көп соммадан бастауға болады.

Ай сайынғы челлендж

Мұнда сізге ай сайын депозиттік шотыңызға ақша салу керек. Бастапқы ақша мөлшерін белгілеп алыңыз. Әр ай сайын 1 000, 2 000, 5 000 теңгеден қосып отыруыңызға болады. Мысалы, 1 ай – 5 000 теңге, 2 ай – 6 000 теңге, 3 ай – 7 000 теңге …

Артық ақша құртпау

Бірнеше күн мүлде ақша құртпауға тырысыңыз. Екі не үш күнде жиналған қаржыны депозиттік шотыңызға аударыңыз. Бұл үшін арнайы ереже жасауыңызға да болады. Шығын мөлшерін белгілеп, тек қажетті нәрсеге ақша жұмсаңыз. Мысалы, бизнес-ланчқа ақша құртпау, киім сатып алмау және т.б. Челлендждің ережесін өз ыңғайыңызға қарай жасауыңызға болады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!