Біліп жүр
Рон Хаббард: арманың орындалуы үшін мықты ноу-хау керек
Рон Хаббард шарлатан ба, данышпан ба?
Рон Хаббард былай деп жазады: «Адамды сәтсіздікке әкелетін оның арманы емес, ол арманды орындауға көмектесетін ноу-хаудың (техникалық білім) болмауы. Сол себепті де адам әлі күнге дейін хаоспен алысып келеді».
Рон Хаббард кім?
Лафайет Рональд Хаббард – жазушы, зерттеуші, Дианетика және Саентология бойынша кітаптардың және олармен байланысты идеялар мен тәжірибелер кешенінің авторы.
Хаббард Гиннестің рекордтар кітабына «ең көп жарияланған» автор (1084 жарияланған жұмыс), сондай-ақ өзге тілге «ең көп аударылған» автор ретінде енген.
Оның әдеби мұрасы оның қызметі мен жалпы өмірі сияқты қарама-қайшылыққа толы. Бірі Хаббардты шарлатан деп айыптаса, енді бірі оның ұжымды басқаруға қатысты идеяларын әлі күнге дейін пайдаланып келеді.
1930-1940 жылдары Хаббард жазушы, «зерттеуші саяхатшылар клубының» мүшесі болды. Хаббардтың «Дианетика: психикалық денсаулықтың заманауи ғылымы» атты мақаласы 1950 жылы маусымда «Нью-Йорк таймс» газетінің бестселлері болды. Осы оқиғадан кейін АҚШ-та 750 дианетикалық топ ашылған еді. Кітаптағы Дианетика орталығын құруға қатысты кеңестер адамға шабыт берді.
Сыншылар бұл ғылымды жалған ғылым қатарына қосты. Ол тіпті 1994 жылы Шнобель премиясын алған. Автордың ұжым басшылығына қатысты кеңестері шынында да тыңдауға тұрарлық. АҚШ-та Дианетика орталығының 750 филлиалының ашылуы соған айғақ.
Ми жұмысын зерттеу арқылы адамды басқару
Л. Рон Хаббард он жылдан астам уақыт саентологиялық ұйымдардың қызметін реттейтін әкімшілік қағидаларды әзірлеумен және жүйелеумен айналысты. Бұл принцип адамның мінез-құлқын басқаратын негізгі заңдардан туындайды. Сондықтан олар ұжымды басқару үшін маңызды. Автордың Дианетика мен Саентологиядағы ізденістері оны менеджменттегі жетістіктерге әкелді. Дианетика мен Саентология пайда болғанға дейін ұжыммен жұмыс істеу принципін ешкім білмеді. Ол кезде ми жұмысы қалай жүзеге асатыны белгісіз еді. Р.Хаббард ми жұмысын зерттеу арқылы адамды басқаруға болатынын ұқты.
Менеджмент жайлы
«Менеджмент сериясы» кітабында Л. Рон Хаббард ұжымды басқаруда қажет білімді бөліседі:
- Ұйымдастырудың негізгі принциптері. Мұнда автор ең бірінші жүйеге назар аудару керек дейді. Сосын жалдамалы басқарушы компания иесінің мүдделерін ұмытпау керектігі туралы айтады.
- Көшбасшы қандай болуы керек. Хаббард ол туралы: «Басшының міндеті: жоспарлау және басқару», — дейді.
- Әр қызметкер құлшыныспен жұмыс істеуі керек дейді. Ол туралы автор «Жұмыс мәселесі» кітабында толық жазады. Қызметкер өзінің не істеу керек екеніне бас қатырып отырмауы қажет. Оның міндеттері регламентте нақты жазылып тұруы қажет.
- Қоғаммен байланыс өнерін (PR) игерудің маңыздылығын ашып көрсетеді
Л.Рон Хаббардтың ұжымды басқаруға байланысты кеңестері ресейлік кәсіпкер Александр Высоцкийдің «Кіші бизнес, үлкен ойын» (Малый бизнес, большая игра) кітабында нақты келтірілген.
Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы