Біліп жүр

Краудфандинг және оның 3 түрі

Краудфандинг арқылы қалай көмек аламыз?

Краудфандинг жобаға немесе бизнеске арнайы интернет платформаларын пайдалану арқылы қаражат жинау тәсілі. Краудфандинг процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Жобаның мақсатын анықтау

Мақсатқа байланысты краудфандингтің қай түрі сізге тиімді екенін анықтай аласыз. Егер сіздің бизнесіңіз жақсы жұмыс істеп тұрса, қысқа мерзімге жедел ақша қажет болса, краудлендинг сізге арналған. Екі айға, тіпті екі күнге несие бере алады. Жаңа бизнес немесе кәсібіңізді дамытып, инвесторды тартқыңыз келсе, краудинвестингке назар аударғаныңыз жөн. Кәсібіңіздің құнды қағаздарын айырбастау арқылы инвестордан қаражат ала аласыз.

Әлеуметтік немесе шығармашылық жоба жасағыңыз келсе, краудфандинг арқылы жүзеге асыра аласыз.

Қайырымдылық краудфандинг  қайтарымсыз берілетін қаражат. Әлеуметтік жоба (балалар, қарттар үйі) краудфандинг арқылы қаражат алады. Сонымен қатар қаржының орнына тауар ұсынатын краудфандингте бар. Мысалы: кітап шығарып жатсаңыз, инвесторға басылымыңыздың көшірмесін ұсына аласыз.

Жобаны қаржыландыру әдісін таңдаңыз

Краудлендинг

Кім ала алады?

-ресми тіркелген (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде);

-кәсібіне кем дегенде 10-12 ай болған;

-банктік шотта айналымы бар (есепшотқа ақша үнемі түсіп отырады);

-несиелік тарихы мінсіз кәсіпкер.

Қалай алуға болады?

-краудлендинг сайтына тіркелу;

-есепшотыңызды сайтқа тіркеу;

-несиелік келісімшартқа онлайн қол қою;

-қаражаттың түскенін күту керек.

Краудинвестинг

Кім ала алады?

-ресми тіркелген (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде);

-кәсібі бір жылдан асқан;

-есепшотында қомақты қаражаты бар (жылдық айналымы 50-60 миллионнан асуы қажет);

-несие тарихы дұрыс болуы қажет.

Қалай алуға болады?

-краудинвестинг платформасында тіркелу, өтініш толтыру, кәсібіңіз жайлы ақпарат беру;

-менеджерге қоңырау шалу және қаржыландыруға алдын-ала келісім алу;

-онлайн түрде келісімшартқа қол қою;

-инвестормен жеке немесе онлайн кездесу арқылы;

-30 күннің көлемінде шотыңызға қаражат түседі.

Краудфандинг

Қалай алуға болады?

-сайтқа тіркелесіз;

-жобаны ұсынасыз. Егер қателіктер болса, арнайы маман сізге түзететін тұсын айтады;

-сайттың өзінде дайын жобалар және оны қолдайтын инвестор да болады.

Сайтты таңдаңыз

Кәсібіңізді дамытудың қай әдісін таңдасаңыз да, сақ болыңыз. Міндетті түрде біліп алыңыз:

-Сайттың жұмыс істегеніне қанша уақыт болды?

-Қанша сәтті жоба жасады?

-Дәл қазіргі уақытта қанша инвестор қаражат жинап жатыр?

-Сайт туралы қандай пікірлер бар?

-Келісімшартты мұқият оқып алыңыз. Қажет болса, адвокаттан кеңес алыңыз.

Қаражат жинап бастаңыз

Таңдалған сайтпен келісімшарт жасаңыз. Жобаңызды сайтқа таныстырыңыз. Маркетингтік амалдарды да қолданып көріңіз.

Салық

Краудфандинг арқылы қаражат жиналғанымен, сіз салық төлеуге міндеттісіз. Салықтың мөлшері ақшаны кім алатынына байланысты.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!