Біліп жүр

Ел алдында еркін сөйлеуге көмектесетін 7 қулық

Тойдағы ксерокс тілектерден шаршадыңыз ба?

Ел алдында сөйлеу қорқыныш сезімі бәрімізге таныс. Бәріміз тойдан қалмаймыз. Ең құрығанда өз туысқанымның алдында ерекше тілек айтып, өзімді еркін ұстасам дейтіндерге айтар кеңесіміз бар.

                                                   Қорқыныш деген не?

Психологияда қорқыныш біздің күн сайынғы жұмыстағы, мектептегі, көшедегі немесе кез келген басқа жердегі эмоциямызға қатысты. Адамдардың қорқынышы әр түрлі болады. Бірақ, жиі ұшарасатыны ел алдында сөйлеу қорқынышы.

                                            Қорқынышпен не үшін күресу керек? 

Кейбір адамдар қорқыныш сезімінің болуы жақсы деп есептейді. Ол адамға ненің қауіпті, ненің пайдалы екенін көрсетеді. Бірақ қорқыныш жетістікке жету жолыңызда кедергі келтіреді.

Егер сіз ел алдында сөйлеуден қорықсаңыз, оны жеңуіңіз қажет. Сізге оның оңтайлы жолдарын көрсетпекпіз.

Әуелі өзіңізге «бұл қорқынышты не үшін жеңуім керек» деген сұраққа жауап беріңіз.

Мәселен, сіз жұрт алдында қысылмай сөйлеу арқылы ойыңызды еркін жеткізіп, өзіңізді лидер сезіне аласыз. Әрі идеяңызды ашық жеткізесіз. Сондықтан мақсатыңыз айқын болсын.

 

Адам неге көпшіліктен қорқады?

Сізге жүздеген, мыңдаған көздер қарап отыр. «Бұл сондай қорқынышты!». Өкінішке қарай, бұлай ойлайтын тек бір сіз емес. Ал көбіміздің қорқуымыздың негізгі себептері мынадай:

— Көп адамның болуы;

— Сөйлеуге дағдыланбауымыз;

— Жұрт не ойлайды деген ойлауымыз;

— Сәтсіздіктен қорқуымыз;

— Жағдайды бақылаудан шығарып аламыз деген ой.

Бұл қорқыныштың барлығы өзіңізді толық ашуыңызға және аудиторияға ойыңызды дұрыс жеткізуіңізге кедергі келтіреді.

 

Ендеше, 7 қулық жасаңыз

Комфор аумағынан шығыңыз

Сізге презентация жасау, ел алдына шығып сөйлеу қорқыныш ұялатады. Бірақ біз қорқынышбен бетпе-бет келуге кеңес береміз.

Айнаға қарап сөйлей беріңіз

Айнаның немесе камераның алдында сөйлеп, көп рет жаттығыңыз. Өзіңізбен көп жұмыс істеңіз Сонда нәтижеге жетесіз!

Визуализация жасаңыз

Көзіңізді жұмыңыз. Көпшілік алдына шықтым деп елестетіңіз. Қанша адам бары маңызды емес. Сәтсіздіктеріңіз туралы ойламаңыз. Адамдардың барлығы сізді мұқият тыңдап отыр. Сөйлеген кезде асықпаңыз.

Терең тыныс алыңыз

Сахнаға шығардан бұрын терең тыныс алыңыз. Бұл сөзіңізді сенімді бастауыңызға көмектеседі. Қобалжудан арылтып, ойыңызды жинақтауға көмектесетін тыныс алудың көптеген түрлері бар. Бірақ сөйлеп жатқан кезде қалыпты түрде тыныстаңыз.

Артық ойлар керек емес

Ел алдына шыққан кезде адамдар өздері туралы, сырт келбеті, дауысы туралы ойлап тұрады. Сондықтан көп жағдайда айтып жатқанын ұмытып қалады.  Сол үшін киіміңізді емес, айтатын сөзіңізді ойлаңыз.

Тойдағы тостқа да дайындық керек

Қарапайым тойдағы тілекке дайындалып шығу керек. «Тура сахнада мен енді не айтамын» деу ыңғайсыз.

Кезегіңіз келмес бұрын сөзіңізді дайындап алыңыз. Сонда сізге жұрт алдында сөйлеу оңайырақ болмақ.

Шешен болмасаңыз да шешен болып көріңіз

Америкалық актер Ричард Гир өзінің бір сұхбатында «Мен нашар бишімін. Алайда актер болғандықтан жақсы сендіре аламын» депті. Демек жұрт алдында сөйлеген кезде де адамдарды шешен екендіңізге сендіре білуіңіз қажет.

Қорқынымыздың емін өзімізден табамыз.

Дайындаған: Айтолған Жүнісханқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!