Біліп жүр

Дәрі-дәрмек: Шетелден қажетті дәріні қалай аламыз

Шетелден дәрі алу үшін нені білу керек?

Дәрі-дәрмек науқастанған жағдайда дәрігердің нұсқауымен арнайы беріледі. Кей дәрілер дәрігердің рұқсатымен ғана сатылса, кейбірін кез келген дәріханадан сатып аласыз. Алайда дәрігер ұсынған препарат елде болмауы мүмкін. Бұл жағдайда қажетті дәрі-дәрмекті шетелден алдырудың өзіндік ережесі мен талаптары болатынын естен шығармаңыз. Balbal.kz сайты шетелден дәрі-дәрмек сатып алудың ерекшеліктерін қарастырып көрді.

         Шетелдік дәрі-дәрмек қай жағдайда керек болады?

Қазақстанда тіркелмеген дәрі. Мемлекет және Денсаулық сақтау министрлігі препараттың зиянсыз екенін және тиімділігін сараптай отырып, сатуға рұқсат береді. Тіркелмеген дәріні арнайы медициналық комиссия ұсынып, министрліктің рұқсатымен ғана елге кіргізеді.

Қазақстанда бұл жағдай 2018 жылы 28 желтоқсанда қабылданған «Дәрілік заттар туралы заңнама» негізінде реттеледі.

Қазақстанда жоқ дәрі. Кей дәрілерді сирек сатылымға шыққандықтан не сұранысқа ие болуына байланысты дәріханадан таппай қалуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда дәрілік затты шетелден әкелуге тура келеді.

         Шетелден дәрі-дәрмек сатып алу

Алдымен, препарат жайлы ақпарат іздестіріңіз. Қазақстанда керекті дәрі арнайы ұсыныссыз сатылса, шетелде де солай сатылатынына көзіңізді жеткізіңіз. Бұл үшін шетелдік дәріханаларға хат жазыңыз. Егер тәуекелге барғыңыз келмесе, дәрігерден ағылшын тіліндегі ұсыныс жаздырып алуға болады.

Дозалау. Дәріде мөлшері мен қабылдау курсының ұзақтығы жазылғаны жөн. Бұл кеден қызметкерлеріне дәрінің сату үшін емес, науқасқа керек екенін дәлелдеуге көмектеседі.

Құрамы. Дәрінің құрамында тыйым салынған заттардың болу-болмауына назар аударыңыз. Қазақстанда құрамына байланысты және өзге де ерекшеліктеріне қарай әкелуге тыйым салынған препараттардың тізімі жасалған.

         Керекті құжаттар

Дәрігердің дәріқағазы. Мұнда дәрігер препараттың атауын, қабылдау курсының ұзақтығын көрсетеді. Дәріқағаздың ағылшын тілінде болғаны дұрыс.

Ауру тарихы жайлы анықтама. Бұл дәрі-дәрмектің науқасқа қажет екенін дәлелдеуге көмектеседі. Құжаттарды сапар барысында өзіңізбен сақтағаныңыз жөн.

         Дәріні сатып алу

Дәріні өзіңіз барып сатып ала аласыз. Не болмаса ғаламтор арқылы тапсырыс беріп, таныстарыңыз арқылы да алдыруға болады. Алайда ең сенімдісі – өзіңіз барып алу.

Егер дәрі-дәрмек Қазақстанда тіркелмеген болса, айыппұл салынуы мүмкін. Ал дәрі қымбат болып, оның науқасқа қажет екенін дәлелдей алмасаңыз, қылмыстық іс қозғалуы да ықтимал.

Дәріні түрлі себептерге байланысты өзіңіз әкеле алмасаңыз, уақыт жоғалтпай басқа да жолдарын іздестірген жөн.

 Есіңізде болсын. Дәріні тығудың қажеті жоқ. Кедендік ережелерді орындаңыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!