Біліп жүр

Стартап: Кәсібіңіз үшін шетелдік инвестор табу

Шетелдік инвестормен келісім жасау

Стартап іске асуы үшін және одан әрі дамуына қосымша қаржы қажет. Бұл арқылы шығындарды жауып, қызметкерлердің жалақысын төлейсіз. Қаржы көзін табудың жолдары көп. Егер стартап халықаралық нарықта жұмыс істей алатын, болашағы бар болса, шетелдік инвестормен де келісімге келуге болады. Balbal.kz шетелдік инвестор табу жолдарын назарыңызға ұсынады.

Оқи отырыңыз: Инвестиция тартудың жолдары

         Өнімнің аймақтағы сұранысын тексеріңіз

Өнім немесе қызмет – қаржы тартуда жетістікке жетудің кілті. Инвестор үшін екі зат маңызды: белгілі аумақтағы өнімге қызығушылық және аудитория сұранысы. Неліктен дәл сіздің стартапыңызға өз қаржысын құю керектігін көрсету үшін нарыққа сараптама жасау қажет. Сонымен қатар бәсекелестерді де зерттеп көріңіз.

Мұндай сараптама және зерттеулер үшін кәсіби мамандардың көмегі қажет емес. Қолда бар ақпаратпен бәсекелестердің мақсатын, олардың жоспарын анықтаңыз. Сонда ғана нарықтағы бос орынды тауып, дәл сізге қажетті стратегияны жасай аласыз.

Келіссөз барысында стартаптың даму кезеңдерін баяндаңыз

Стартаптың басты қателігі – кез келген ақша көзінен қаржы алуға тырысу. Инвестиция жасау үшін идея ұсынар алдында, келіссөз жүргізіліп отырған инвестордың немесе компанияның қандай сатыдағы стартап пен қай нишаға көбірек ақша құятынын анықтап алыңыз.

Кәсіп енді ғана дами бастаса, сізге көп қаржы қажет емес. Мұндағы сомма 100 000 доллардан аспағаны жөн. Ал инвестиция алу үшін банк, халықаралық деңгейдегі компанияларға, краудфандинг-платформаға жүгіне аласыз.

Стартап дамып, өзінің тиімді екенін дәлелдей алса, инвестиция көлемі 100 000-нан бастап 1 000 000 долларға дейін баруы мүмкін. Келіссөз кезінде инвестиция жасауға дайын емес екенін білдірсе, мұның себебін сұраңыз. Осы арқылы негізгі кемшіліктер жайлы ақпарат аласыз. Стартап туралы сырт көзқарастың қандай екенін білесіз.

Салалық іс-шараларға қатысыңыз

Капитал табу үшін салалық іс-шараларға қатысудың маңызы зор. Мұнда сұрақ қойып, өз идеяңызды таныстырасыз. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап беріп, инвесторлармен байланыс орнатасыз.

Қазір онлайн-шаралардың дәуірі. Сіз тек өз еліңіздегі емес, халықаралық шараларға да қатысуға мүмкіндік бар. Мысалы, WebSummit (Португалия), Pirate Summit (Германия), GITEX (Дубаи), RISE conf (Гонконг),  Collission Conference (Канада) немесе Wolves Summit (Польша).

Инвестормен алғашқы кездесудегі мақсатыңыз – бастапқы 2-3 минуттың ішінде оның қызығушылығын ояту. Алдымен адамдар неліктен сіздің тауарыңызды сатып алатынын айтыңыз, бәсекелестерден артықшылығыңыз жөнінде баяндап беріңіз.

Стартап құрылған сәттегі команда оның дамуына үлкен көмегін тигізеді. Инвестор да команданың жұмысына, нарықтың өзгеруіне байланысты икемделе алуына баса назар аударады. Әрбір кері пікірге құлақ асып, стартапты жетілдіріңіз. Өз өніміңіз жайлы ақпарат пен презентациядағы мәліметті жаттап алыңыз. Бұл кез келген жерде стартапты жоғарғы деңгейде таныстыруға мүмкіндік береді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!