Біліп жүр

Джо Витале: Ақша беру – ақша табудың бірінші құпиясы

Джо Виталенің Алла Клименкоға берген сұхбаты

Джо Витале – кәсіпкер, әнші, даму және өз-өзіне көмек беру бойынша кітаптардың авторы. Өз мансабын копирайтер ретінде бастаған ол әлемге белгілі жазушы атанды. «Кілт» (The Key) деп аталатын кітабы бүгінгі таңда оқырмандар арасында жоғары бағаланады. Balbal.kz Джо Виталенің Алла Клименкоға берген сұхбатынан материал дайындады.

Джо Витале:

Тартылыс заңы барлық адамға бірдей әсер етеді. Оның ешқандай шектеуі жоқ. Бұл сіздің санаңызбен жұмыс істейді. Не ойлап, не сезінесіз, соған қарай әрекет етесіз. Егер қазіргі қолымызда бар нәрсе көңілімізден шықпаса, ойымыз бен жасап жатқан ісімізді өзгерту қажет. Ой, сезім, әрекет бізді қоршаған ортаны қалыптастырады.

         Өзгерудің жолдары

Сіз махаббат, жек көру, қорқыныш секілді сезімдерді сезінесіз. Көп адамдар соңғы екеуіне ғана назар аударады және олар оның өмірінде орын алады. Бұларды ұмытыңыз, ойыңыздан алып тастаңыз. Нені жақсы көресіз, соған қарай ойыңызды бұру керек. Сізді бақытты ететін, жаныңызға жақынын ғана қалдырыңыз.

Ең бірінші ақшаға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Мұның қандай да бір жамандық емес екенін, арманыңызды орындаудың бір тәсілі екендігін түсініңіз. Әрі қарай өзіңіздің ақшаға лайықты екеніңізді ұғыну керек. Иә, сіз ақшаға лайықсыз! Өзіңіздің құныңызды білу қажет. Жәй ғана тірі болғаныңыз үшін де ақшаға лайықтысыз.

Ерекшеленудің керегі жоқ. Барлық адамдар өз арманының орындалуына лайықты. Ақшаңыздың бір бөлігін беріңіз. Мұның орнына рухани толығасыз. Ақша дәл сол адамнан қайтады деп ойламаңыз. Бұл кез келген жолмен сізге қайта оралады. Ақша беру ақша табудың үлкен құпиясы.

         Бір нәрсені қатты қаласаңыз, мұны өзіңізден босату керек.

Өзіңізге қатты қажет емес нәрсені қалау арқылы оған соншалықты жылдам қол жеткізесіз. Қатты қалау, қол жеткізу сезімінің өзі сізді пайдаға жету жолында бөгейді.

         Ақшаның негізгі 8 заңы:

  • Ақшамен бөлісу қажет;
  • Ақша жылдамдықты жақсы көреді. Жылдам шешім қабылдау сізді табысқа әкеледі;
  • Ақша идеяны жақсы көреді. Табысты адамдар өзге жандарға не ұнамайтынын зерттейді, мұқият тыңдайды. Осыдан идея туып, пайда көзіне айналады;
  • Ақша қарым-қатынасты ұнатады;
  • Ақша өзін бағалағанды ұнатады. Ақшаны біреуге берер кезде, азайып не бітіп бара жатыр деп ойламаңыз. Керісінше бере алатын, төлей алатын ақшам бар дегенді ойлаңыз;
  • Ақша сезімді ұнатады. Өзіңізге ұнайтын іспен шұғылданғанда, ақша да келеді;
  • Ақша мен кері байланыс – егіз ұғым. Кәсібіңізге байланысты келіп түскен кері пікірді «сый» деп түсініңіз. Мұны табыс көзіне айналдыру қажет;
  • Ақша өз мақсатымен жұмсалуы қажет. Фильм түсіру үшін ақша табу, өзгеге пайда әкелу үшін ақша табу табысты арттырады.

Хоопонопоно әдісі

Мен бұл әдіске екі кітабымды арнадым. Хоопонопоно негізгі 4 қағида және табиғат пен ғалам арасында орнаған байланыстан тұрады. Сізді бөгейтін нәрседен бас тартып, бойыңызды тазарту қажет. Қарапайым 4 қағида: Мен сені жақсы көремін! Мені кешір! Мен шынымен өкінемін! Рахмет саған!

Алдыңыздан кедергі шыққанда не болмаса бір нәрсені қалағанда осы төрт сөйлемді қайталаңыз. Біраз уақыт өткен соң олар дұға мен қалқанға айналады.

Аталмыш әдісті кез келген жағдайда қолдануға болады. Бір қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Бірақ олай емес.

Бірнеше жыл бұрын менің анам өлім аузында жатты. Дәрігер бар жақындарын ауруханаға шақырды. Біз де оның соңғы күндері қалғанын сездік. Бәрі көз алдымда өтіп жатты. Қолымнан ештеңе келмейді. Тек ішімнен төрт сөйлемді ғана қайталадым. Осылайша өзімнен тыныштық тапқым келді. Ауруханадан шығатын күн туды. Таңқалаларлығы, келесі күні-ақ анамның жағдайы жақсарды. Хоопонопоно маған осылайша көмектесті.

Егер бір нәрсе орындалмай жатса, барлығын дұрыс істегеніңізге көз жеткізу керек. Кәсіпкер секілді ойланыңыз. Себебі кәсіпкердің қолынан көп нәрсе келеді. Ол өзгелердің проблемасын ести алады. Әрі қарай мұның шешімін іздеп, табысты кәсіп ашады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!